Көңіл туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 4168

Көңілдіге күн ашық.


Көз - нұрдың ұясы,

Көңіл - сырдың ұясы.


Көңіл жүйрік пе,

Көк дөнең жүйрік пе?


Көңіл кірі айтса кетеді.

Киім кірі жуса кетеді.


Көңілім келсе, көлдеймін,

Көңілім келмесе, шөлдеймін.

Картинки по запросу жизнь

Көңіл қалдырма, ықыласына ұшырайсың.


Көңілің қалған жерден көш жер қаш.


Не, еріншек өледі,

Не, көңілшек өледі.


Көзі көрместің көңілі сенбес.


Жабырқамас көңіл жоқ,

Жанып бітпес көмір жоқ.


Көңілшектің арты ашық.


Көңіл - сөздің сандығы.


Мұңдасқан көңілде кір қалмас.


Екі көңіл арасы - жылшылық жер.

Ниет туралы мақал-мәтелдер
Ақ туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу