Жыл мезгілдері туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 7038

Өмір жылдармен есептелінеді. 4 мезгіл мен 12 ай бір жылды құрайды. Әр мезгілде 3 айдан тұрады. Жыл мезгілдер әрқилы болады. Жылдың басы қыс мезгілінің қаңтар айымен басталады. Бұл уақытта күн салқын болып, шытынаған аяз бен аппақ қар айналана басып алады. Бұл уақытта күн қысқарып, түн ұзарады. Адамдардың бәрі суықтан жаурап, көңілсіз жүреді. 

af0696cadf6d6ff2521a3ef2449d5120.jpg

Қыстың аязды күндерінен соң шұғылалы көктем келіп, жер бетін қуанышқа бөлейді. Көктем келіп айнала көгеріп, ағаштар бүр жарып, әдемі гүлдер жайқалып, табиғат әсем көрінеске боялады. Жер беті көгеріп, барлығына жан бітеді. Барша тірі жандылар қыбырлап, еңбек ете бастайды. Дихандар егін егіп, оны арам шөптерден тазалап еңбектенеді. Көктемнің соңғы айында біз мектепті аяқтап, жазғы демалысқа шығамыз. Жаздың алғашқы күні – балалардың мерекесі. Жаз мезгілі өте ыстық, қапырық болады. Мектеп оқушылары демалады. Таңнан кешке дейін ыстықтан қорғанып көлеңкелерде жүреміз, өзендерде шомыламыз. Барша жеміс-жидектер мен көкөністер пісіп, табиғи өнімдерді жеп ағзамызды витаминдермен толықтырып, қыста ауырмауға әрекет жасаймыз. Жайдарлы жаздан соң күңіренген күзге қадам басамыз. Жаздағы жайнап тұратын гүлдер солып, ағаштар жапырақтарынан айырала бастайды. Күздің алғашқы күні – білім күні. Барша оқушылар мектепке білім алуға, сыныптастарын көруге асығады. Бұл  уақытта барша адамдар мен жан-жануарлар қысқы азықтарын дайындап, диханшылар егіндерін жинап, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Ауа-райы салқындап, жаңбыр жауа бастайды. Ақырындап қысқа қадам басамыз. Маған 4 мезгілде ұнайды. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қызығы бар.

Сыпайылық туралы мақал-мәтелдер
Талап туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу