Ой туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 2165

Ой ойласаң, тең ойла,

Тең ойласаң, кең ойла.


Ойын түбі - от,

Ой түбі - алтын.


Ойда түп жоқ, ашта күш жоқ.


Ойсыз өңмендеуін қоймас.


Ойы шолақ адамның ісі олақ.

Картинки по запросу life

Ойшы ой ойлағанша,

Тентек іс бітірер.


Игі іс өлмейді,

Ізгі ой өлмейді.


Ала ойлаған алысқа бармайды.


Адам ойға тоймас,

Бөрі қойға тоймас.


Ішіңде пікір өлгенше,

Сыртыңда талау болсын.


Тәтті сөз, түзу ой - тағдыр сыйы.


Қыран жетпесе, қиял жетеді.


Отызда ой толады,

Қырықта қырға шығады.

Антропология ғылымы (реферат)
Бауыр, өт, ұйқы безінің қызметі (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу