Тауық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 3078

Тауық құсқа ұшу жоқ, 

Там үйлерге көшу жоқ.


Тауықтың түсіне тары кіреді.


Тауықтың шақырғанына таң атпайды.


Мезгілсіз шақырған қораздың 

айдарын жұлмақ керек.

Картинки по запросу тауық

Тары болса, тауық табылады.


Табақты үйдің тауығы қос жұмыртқа туады.


Әтешке шақыр десең,

Таң атсын дейді.


Жұмыртқа жегенің -

Тауықты құрттым дегенің.


Соқыр тауыққа бәрі бидай.

Бұлбұл туралы мақал-мәтелдер
Қарға туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу