Мен бос уақытымда немен айналысамын? Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 32207

Бүгін апай бізге «бос уақытта немен айналысасындар?» деп сұрақ қойды. Оған әркім өзінше жауап беріп жатыр. Бірі кітап оқимын десе, бірі анама көмектесемін, бірі шахмат ойнаймын деп жауап беруде. Әркімдікі өзінше дұрыс. Ал мен бос уақытымда немен айналысамын? Ойландыратын сұрақ екен. Бос уақыт – оқу мен еңбектен артылған жалпы уақыттың бір бөлігі. 

044dedafbed80d2e930d6d0879dadf0d_resize_w_520_h_.jpg

Күнделікті уақытым есептеулі. Мектепке барып білім алып, үйге келген бойда үй жұмыстарын жасап анама көмектесемін. Барша жұмыстарды жасап болғасын, қалған уақытты мен өзімнің қалауымен өткіземін. Мен бос уақытымды тиімді қолдануға тырысамын. Бос уақытты өткізу белсенді және белсенсіз болады деп түсінемін. Белсенсіз дегеніміз ұйықтап немесе кино қарап өткізгенді айтсақ, белсенді өтіп өткізу деп бос уақытта кітап оқып білімімізді арттыру немесе өзге тілді үйрену секілді келешегімізге зор ықпалын тигізе алатындай етіп өткізу. Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Кітаптағы әрқилы нақыл сөздер мен  қажетті мәліттерді жеке блокнотыма жазып жүргенді жаным сүйеді. Түнұзағына әрқилы ақындардың өлеңдерін жүрекпен сезініп оқыған ұнайды. Ал енді кейде бос уақытымда тоқыма тоқығанды, әрқилы киімдермен қоса туысқандарыма қыстық шұлықтар мен шарфтар тоқып, сыйға тарту еткенді қалаймын. Енді бірде үйде бос болғанымда отбасылық кешкі асты дайындап, әрқилы тіл үйіретін тәттілер пісіріп, отбасыма қуаныш сыйлағым келеді. Осының бәрін мен тек сабақтарымды, үй шаруаларын жасап болғасын бос уақытымда жасаймын. Менің бос уақытым осылай өтеді.

Доңыз, шошқа тұмауы (реферат)
Абай романы. Онегин мен Әбдірахман бейнелеріндегі ұқсастық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу