Қыз туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 6358

Қыз – елдің көркі, ердің намысы. Қыз баланы тәрбиелей отырып ұлттың болашағын тәрбиелейміз. Қыз анасының бойындағы асыл қасиеттерді өзіне алып, өзінің ұрпағының бойына сіңіреді. Өмір заңдылығы осы. Әлемді өзінің риясыз махаббатымен тәрбиелейтін ұланасыр күштің иесі. 

Kysz.jpg

Қыз ата-анасының ар-намысы, абыройы. Қашанда қыздың намысы бірінші кезекте. Қазақ халқы қыздың тәрбиесіне аса жауапгершілікпен қараған. Оның ақылды да білімді, инабатты да ибалы, мейірімді әрі жанашыр болып өсуіне зор мән берген. Қыз ортаның гүлі, сәуле шашушы күні іспеттес. Қыз бар жерде жаман сөздер мен жаман әрекеттер тиылып, орта нұрлана түседі. Бұл қызға деген құрмет әрі сый.

Қыз - болашақ ана. Келешек ұрпағымыздың шамшырағы. Ұлтымыздың анасы. Қыздың бойындағы ең асыл қасиеттер оның ақылдылығы мен көрегенділігі. Бұл қасиеттер оның өз-өзіне, ортадағы адамдарына деген бағасын арттыра сөзсіз. Қыз баланың сырт келбеті де маңызға ие. Әркез дене бітімін көрсетпей әрі өзіне жарасымды киімдер киіп, көздің жауып алар санқилы әшекей бұйымдар мен шашың қос бұрым етіп өріп шашбау тағып маңғаздана, сұлулана бойын тік ұстап жүреді. Бұл тек қыз баласына тән жарасымдылық пен сұлулық.

Қыз – сұлулық пен адалдықтың символы. Ақындар пен жазушылардың музасы. Махаббаттың қайнар бұлағы. Қызға теңеу өте көп. Сондықтанда қыз баласы әркез қадірлі болмақ. Қыз әуелі өзің құрметтеп, жақсы көрсе оны өзгелерде құрметтейді. Қыз тәрбиесіне тек ата-ана мен бауырлары ғана емес, бүкіл ру жауапты. Өйткені, қыздың абыройы – рудың абыройы.

Күлтегін қаған
ХХ ғасырдағы соғыс кезеңіндегі мемлекеттердің жағдайы (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу