Ғабит Мүсірепов туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 3461

Ғабит Мүсірепов – халық жазушысы, драматург. Мемлекет қайраткері 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облыснда дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан хат танып, кейіннен орыс мектебінде оқиды. Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллин сынды ұлт жанды жандармен танысып, бірге қазақ әдебиетінің дамуына өз үлестерін қосты.

64736ca51cb110348e47eaef12f9c1fa.jpg

Жазушы «Тулаған толқында» атты алғашқы повесімен қазақ әдебиетіне қадам басты. Оның жазған шығармалары қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелік пен тың ойларды алып келді.  Жазушының алғашқы романы – «Қазақ солдаты».

Жазушы көбіне әйел азаматының теңдігі мен қоғамдғы орнын романдарына арқау етеді.Оның «Ұлпан»  романы қазақ қоғамында кеңінен  таралған. Бұл романның негізгі өзегі әйел адамның ақылдылығы мен көрегенділі. Әйел адамның бойында өмірдің кез келген қиыншылығы мен мәселесін шеше алатындай ұланғайыр күш бар екенің осы роман арқылы біле аламыз.

Ғабит Мүсіреповтың шығармаларында қазақтың салт-дәстүрі мен тарихы жайлыда көп мәлімет алуға болады. Өзі бұл өмірден өтседе, артына қалдырған жауһар туындылары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала бермек.

Дедукция және индукция әдістері
ХVI-XVIII ғасырдағы философия
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу