Менің Отаным. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 1470

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап мұғаліміміз бізге «Отан оттанда ыстық» деген мақалды үйретіп, жаттатқызды. Әуелгіде мағынасына түсінбеген біздер, уақыт өте Отанның не екенін, оның қандай ыстық мекен екен ұғына бастадық. Әрбіріміздің Отанымыз әрқашанда өзімізге ыстық. Әлемдегі әр ұлттың өз Отаны бар. Менің Отаным – Қазақстан.

1491971000_article_b-900x_.jpeg

Мен өз Отанымды шексіз жақсы көремін. Оның бір уыс топырағының өзі мен үшін қадірлі. Біз, жастар, бірлігі мен ынтымағы жарасқан, келешегі жарқын, халқының жүзінен мейірім мен жанашырлық сәулесі шашыранып тұрушы, қонақжай елде өмір сүріп жатқаныма шексіз қуанамын. Әлемде өзіндік шекарасы мен діні, тілі, әдет-ғұрпы мен терең тарихы бар, экономикасы қарыштап дамып келе жатқын Қазақстан мемлекетінің болашығы жарқын.

Менің Отаным пайдалы қазбаларға бай. Жер асты байлығы молынан. Қаншама ғасырдан бері ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткізіп, әлемдік картада Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл күн тарих қойнауында алтын әріптермен жазылып, халық жадында мәңгі қалды.

Әлемде менің Отаным секілді табиғаты әсем, көздің жауын алар сұлу ел жоқ шығар, сірә. Ұланғайыр даласы мен таза ауасы, жанды жылытатын самал желі бәрі-бәрі елімні табиғатының әсемдігі. Мен Отаныммен әркез мақтанамын. Отанымның абыройын арттыруға әркез тынбай әрекет жасаймын.

Менің туған жерім. Шығарма
Мектеп туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу