Ләззат Асанова. Шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 2127

Ляззат Асанова – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны. Ол 1970 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Алматыдағы музыкалық училещисіне оқуға түсіп, жас студент атанды. 

Сканировать10008.jpg

16-18 желтоқсанда алаңда болған жастардың отаршылдық пен әміршілдік езгіге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Осы көтеріліске баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметіне қарағанда Ляззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақсынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Бұл шындыққа жанаспас екені мәлім.

Бұл көтеріліс Қазақстанның тәуелсіздігін алуына көп көмектесе білді. Қазақ жастарының өр рухты батыл екенінің  дәлелі болды. Көтеріліске шыққан жастарды қинап, кұрекпен ұрып, қыздардың шашатарынан тартып, жауыздық көрсетіп көтерілісті басуға әрекет жасады. Бұл әміршілдік саясаттың қазақ жастарына жасаған зұлымдығы болды. Дегенмен, жастар алған беттерінен қайтпады. Өздерінен кейінгі өскелең жастардың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілік пен махаббат сезімін оята білді. Араға көп уақыт өтпей Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, әлемде белгіленген шекарасы бар дербез елге айналды. Осындай қиыншылықпен келген тәулсіздікті баянды ету біздің басты парызымыз.

Қайрат Рысқұлбеков. Шығарма
Тәуелсіздікке 30 жыл. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу