Ашық сабақ. Оқушылармен жұмыс жоспары

Oinet.kz 06-10-2019 854

“Дарынды, қабілетті, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарлары” ұсынамын

  oquzaman  0 Comments

№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы

Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Сонымен, дарынды дегеніміз-адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау,талдау,еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/кездесетін қасиетті айтамыз.

 

Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.

 

  • Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы

  • Психологиялық жоғары дамуы

  • Дені сау, жан-жақты толық дамуы

  • Ойлау қабілетінің озық болуы

  • Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі

  • Туа бітті шығармашылық қабілеттің

 

Дарындылықтың түрлері

 

  • Интеллектуалды

  • Академиялық

  • Шығармашылық

  • Көсемдік /лидер/

  • Көркем орындаушылық

 

Дарындылықты анықтау критерийлері

 

  • Теориялық материалды толық игеруі

  • Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/

  • Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту

  • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану

  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы

  • Өзіне-өзі талап қоя білуі

  • Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы

 

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

 

  • Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі

  • Тақырып бойынша модель құруға үйрету

  • Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.

  • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану

  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы

  • Өзіне – өзі талап қоя білуі

  • Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.


 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР

 

АТЫ-ЖӨНІСЫНЫБЫҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 


 

 

1

 


 

Атырау Аружан

 


 

4«Б»

Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты.


Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады.

2Ахметова Фатима4«Б»Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты.


Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады.

3Берғали Амилия4«В»Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты.


Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады.

4Қали  Аруай7 «А»Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы. Оқу озаты.


Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады; өте күрделі нәрселерді ұнатады, тәуелсіз ірі адамға көп бағына бермейді;

5Төреғалиева Назымгүл9«А»Оқуға ынтасы жоғары, зерек.


Ерекшелігі: өзгеше ойлайды, есепті тез ойлап, тез қағып алады,сақтау қабілеті өте жоғары.

 


 

ДАРЫНДЫ  БАЛАЛАРМЕН  ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ

МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:

 

  1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

  2. Жан-жақты ақпараттандыру;

  3. Коммуникативті бейімдеу;

  4. Білімнің бағасын арттыру,

  5. Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,

  6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру

  7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

 

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2016– 2017 ОҚУ ЖЫЛЫ

 

 

ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІМЕРЗІМІЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
1Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру 


02.09

 


Жоспар

2Сынып жетекшілер және педагог – психологі мен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу. 


09.09

Тізімін құру
3Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау 


11.09

Оқушылардың ерекшеліктері
4Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер, интернет-жба, VB-жоба,  ғылыми жоба, шығармашылық жұмыстар)Жоспарға байланыстыОқушылардың шығармашылық жұмыстары
5Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.Жоспарға байланыстыСабақ жоспарлары
6АКТ технологиялар элменттерін пайдалануҚажеттілігіне қарайПрезентациялары
7Деңгейлік тапсырмалар дайындауҚажеттілігіне қарайДеңгейлік тапсырмалар
8Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін  нығайтуҚажеттілігіне қарайТест тапсырмалары
9Сабақ сайын озық тапсырмалар беруЖыл бойыТапсырмалар
10Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өзін – өзі  бағалау әрекеттерін ұйымдастыру 


Сабақ сайын

 


Өздік бағалау

 


 

ДАРЫНДЫ  ОҚУШЫЛАРҒА

АРНАЛҒАН  ЖЕКЕ  ЖҰМЫС  ЖОСПАРЫ

2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ

 

 

Өткізілетін іс-шараларӨткізетін уақытыЖауапты мұғалім
1Дарынды баланы іздеп табу және іріктеукыркүйекПән мұғалімі
2Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқытуЖыл бойыПән мұғалімі
3Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізуЖыл бойыПән мұғалімі
4Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.Жыл бойыПән мұғалімі
5Мектепішілік және республикалық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыруКезеңіндеПән мұғалімі
6Кенгуру, Ақбота интеллектуалдық марафонға қатыстыруКезеңіндеПән мұғалімі
7Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқытуЖыл бойыПән мұғалімі
8Пән мұғалімдері дарынды оқушылардың шығармашылығын жинақтайтын портфолио жасауЖыл бойыПән мұғалімі
9Өлең жаза алатын оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, өлеңдерін басылымдарға беруҮнеміПән мұғалімі
10«Дарынды балалармен жұмыс таныстырылымы» айлығы. Пән әдістемелік бірлестіктерінің дарынды балалармен жұмысыСәуірПән мұғалімі

 

 

 


Ашық сабақ. Мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Фариза Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу