Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған меркелік іс-шара сценарийі

Oinet.kz 07-10-2017 929

Алғашқы қоңырау
«Алғашқы қоңырау» мерекесінде бірінші сыныптың сценарийі
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2 - 3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.

II - жүргізуші: Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

1 - балдырған: Руслан Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп, (…..)
Көп - көп оқу құралдарын аласың деп.

2 - балдырған: Риза Онда мына машинаңды неге тастамайсың? (…....)
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

3 - балдырған: Диар Жоқ, ол жетіге толды, (…......)
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болдық.

Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2 - сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.

Айғаным: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма? (….....)

Руслан: Мектеп. Мектеп деген ол не өзі? (…..)
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?

Алсу: Мектеп – ол үлкен орда,
Оқимын дегеннің бәрі сонда.

Диар: Онда не береді?
Менің де барғым келеді.

Айғаным: Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке, (….......)
Оқисың, әрине, сен де мектепте.

Риза: Мектептен үйрендің сен нені? (.................)
Көп пе оның сендерге бергені?

Алсу: Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан - жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің

Айғаным:
Мектепте домбыра қағуды үйренесің,
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.
Ән сабағына қатысып ән айтасың,
Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың.
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.

Алсу: Бүгін 1 - қыркүйек білімнің күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

I жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

II жүргізуші: Ортаға 1 - сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

Хор: «Мектеп - ана».

1 - оқушы: Ақмерей Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

2 - оқушы: Руслан Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

3 - оқушы: Айғаным Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.

4 - оқушы: Диар Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

5 - оқушы: Айсұлу Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

6 - оқушы: Ерасыл Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.

7 - оқушы: Риза Отанның біз ұл - қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын - жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

8 - оқушы: Шыңтүлек Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.

9 - оқушы: Мөлдір Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау

10 - оқушы: Жантемір Мектебің мынау классың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.
Ән тамашалаңыздар. Айғаным мен Айсұлудың орындауында «Мектебім»

1 қыркүйек білім күні балабақшада
Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу