Ашық сабақ. Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы

Oinet.kz 08-10-2016 836

ФИЗИКА ПӘНІНЕН 7 - СЫНЫП БОЙЫНША АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ТАҚЫРЫПТЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Түсінік хат
21 ғасырда басқа мемлекеттерден оқшауланып өмір сүруге мүмкін емес. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып тарихи қалыптасқан. Сондықтан әр қазақстандық ең кемінде екі: қазақ және орыс тілдерін білу керек. Бірақ тек қана мемлекетпен шектелмей әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті мамандарды өсіру үшін әрине мектеп түлектері ағылшын тілін білу қажет. Оқушыларды біртіндеп ағылшын тіліне физика сабақтарында 7 - сыныптан оқыту басталды. Сол себептен бұл жинақтың өзектілігі өте маңызды.
Ұсынылып отырған жинақтың негізгі мақсаты физика сабақтарында ағылшын тілінде тапсырмаларды бере отырып оқушыларды тек тілге емес, тіл арқылы физика пәні бойынша білімдерін бекіту.
Бұл жинақ 7 – сынып оқушыларына арналған. Жинақтағы тапсырмалар бір жыл ішінде сынаудан өткізіліп бірнеше түзетулерге ұшырады. Тапсырмалар әр деңгейлі және 7 - сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріле отырып құрастырылған. Жинақтағы тапсырмалары ағылшын тілінде берілген және оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған. Тапсырмаларды оқушылар тақырыпты оқып болған соң бекіту мақсатымен бергені жөн.
Жинақ физика пәнін ағылшын тілде оқытатын мұғалімдерге және 7 - сынып оқушыларына қосымша нұсқаулық ретінде ұсынылады.

ММ «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей - интернат»
Құрастырған: Алмагуль Нуртасовна Исадилова, физика пәні мұғалімі.

Ашық сабақ. Ағылшын тілі. АҒЫЛШЫНША - ОҚЫЛУЫ - АУДАРМАСЫ
Ашық сабақ. Ағылшын тілі. Irregular verbs. Етістіктің формалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу