Мың тағзым сізге, дәрігер!

Oinet.kz 08-10-2020 789

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында пандемия кезінде алдыңғы шепте болған, коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен 25 медицина қызметкеріне емдік-сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрамындағы санаторийлерге 50 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар табысталды. 

832a2b06-9428-4715-b152-c01227437cb5.jpg

Жолдамаларды «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Тілеуханұлы Батырбеков табыстады. 

Атап айтсақ Павлодар облысындағы «Мойылды» санаторийсіне – 3, Щучинск қаласындағы «Щучье» санаторийсіне – 4, Түркістан облысындағы «Манкент» санаторийсіне – 2, Жамбыл облысындағы «Меркі» санаторийсіне – 4, Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» санаторийсіне – 5, Алматы қаласындағы «Көктем» санаторийсіне – 3, Батыс Қазақстан облысындағы «Ақ Жайық» санаторийсіне – 2, Қостанай облысындағы «Сосновый бор» санаторийсіне – 2 жолдама берілді.

Реферат: М. Əуезов поэтикасындағы сентиментализм
Сейілханов Косман (Косманавт) Нұрбекұлына арнау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу