Ашық сабақ. Физика.Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия

Oinet.kz 09-10-2019 1867

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Энергия
9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Сабақтың мақсаты
- Механикалық энергия ұғымын біледі, энергия түрлерін ажыратады.
- Кинетикалық және потенциалдық энергия формуласын есептер шығаруда қолданады.
Бағалау критерийі
• Механикалық энергия түрлерін ажыратады;
Есеп шығаруда кинетикалық энергияның формуласын қолданады;
• Есеп шығаруда потенциалдық энергияның формуласын қолданады;
• Энергия түрлерінің анықтамасын, өлшем бірліктерін біледі;

Сабақтың басы 2 минут
Раппорт орындау
Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Өткен тақырыпты қайталау
1 тапсырма
Сәйкестендіру
Дене импульсі деп Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең шаманы айтамыз.
Дене импульсі векторының бағыты Сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір - бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
Күш импульсі деп
Жылдамдық бағытымен бағыттас
Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы айтамыз.
Тұйық жүйе деп...
тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады)

Сабақтың ортасы
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан.
(Энергия)
Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
1 тапсырма көрсетілім
Топтық жұмыс(SMART1)
Әр топ өздеріне берілген бейне жазба негізінде
Энергия дегеніміз не? Энергияның түрлері қандай? сұрақтарға жауап іздеу арқылы жаңа материалды өз беттерімен меңгереді.
І топ «Постер»ІІ топ «Ширек»
ІІІ топ «5 сөз тұжырым» әдістер арқылы жаңа тақырыпты меңгеруін тексеру.
Дескриптор
Механикалық энергияның түрлерін ажыратады, Кинетикалық және потенциалдық энергия формуласын біледі, жаза алады.
Бағалау: «Екі тәтті, бір қатты»
Топтар бірін - бірі бағалайды.
Саралау тапсырмасы(SMART2)
Есептерді шығар(Жеке жұмыс)
№1
36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 20 т дененің кинетикалық энергиясы қандай?
№2
Қатаңдығы 400 Н/м серіппені 10 см - ге созғандағы дененің потенциалдық энергиясы қандай?
№3
Стакандағы судың массасы 300г, столдың биіктігі 80 см. Стакандағы судың еден деңгейіне қатысты потенциалдық энергиясы қандай?
Дескриптор:
Кинетикалық және потенциалдық энергия формуласын есептер шығаруда қолданады.
ҚБ: оқушылар бір - бірін бағалайды.

Мектеп: Жайсан орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Али Бекзатқан
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия жүктеу

Ашық сабақ. Физика. Заттардағы магнит өрісі
Ашық сабақ. Физика. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу