Қасқырдың қасиеті (әңгіме)

Oinet.kz 14-02-2020 808

image.png

Бір шопанның қорасының маңына қаншық қасқыр бөлтірік өргізеді. Қой қайырған шопанның бұларға мейірімі түсіп, зияны жоқ екеніне сеніп, бірге бейбіт өмір сүріп жатады.

Бөлтірігін алайық деп ауыл жігіттері жұлқынғанмен, шопан оларды маңайлатпайды. Дүниеде бөлтірігін алдырған қасқырдан ашулы аң жоқ, ертең-ақ қойын қырып кетуі мүмкін.

Бөлтіріктердің атасы мен енесі де көршісінің отарына өзге тұқымдастарын жақындатпай, сырттай қорғаштап жүреді.

Осы кезде мынандай оқиға болады. Ін аузына шығып күншуақта ойнайтын бөлтіріктер бір ақ қозыны абайсызда өлтіріп алады.

Оны шопан да көреді. Ертеңіне енді қайтер екен деп бақыласа, отарында мойнында жібі бар бөтен ақ қозы пайда болып қалыпты.

Қызықты қараңыз, бөлтірігінің қылығына «ұялған» қасқырлар, сол түні көрші ауылдың қотанына түсіп, әлгі ақ қозыны алып келген екен. Неткен ақылдылық десеңізші...

Урок. Психология. Гармонизация психоэмоционального состояния детей
Геометрия. Синустік функция
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу