Ашық сабақ. Тарих. 1921 жылғы жұт пен аштық

Oinet.kz 14-01-2020 1075

Тарих 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 1921 жылғы жұт пен аштық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Әскери коммунизм» саясатының нәтижесі мен 1921 ж елді жайлаған жұттың әсерінен болған аштық жайлы оқушыларға мәліметтер беру, білім кеңістігін кеңейту.
Дамытушылық: ізденіс, салыстыра отырып сипаттауға, ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік: Ұлтжанды, өз Отанын шексіз сүйетін, озық ойлы, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті, баяндау, сүрақ - жауап
Көрнекілік: карта, слайд
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу;
• Сынып оқушыларын өздері таңдаған геометриялық фигуралар арқылы бөлу;
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару;
3 топ анықталды 1) Ақтар, 2) Қызылдар, 3) Интервенттер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 Үш топ өздері құрастырып келген кластерлері арқылы өз тақырыптар бойынша қорғайды және мын сұрақтарға жауап беруі тиіс.
 Әскери коммунизм саясаты деген не?
 Жүзеге асырылған шаралар
 Азамат соғысының қорытындылары
 Соғыс жылдарындағы экономикалық саясаттың бағыты қалай болады?
 Бұл саясатты кімдер жүргізді?
 Қазревком мүшелері?
Әр топ мүшелеріне келесі топ мүшелерінен сұрақтар қойылады

Жаңа сабақтың жоспары:
1. 1921 - 1922жж аштықтың себебі
2. Аштық қамтыған аудандар
3. Аштық салдары
• Әскери коммунизм саясаты (1919 - 21жж) нәтижесі:
• 1) Еңбек өнімділігі төмендеді
• 2) ірі, орта, ұсақ өнеркәсіп орындары тоқтап қалды
• 3) Ауылшаруашылығы күрт төмендеді
• 4) Орталықтан басқару күшейді
• 5 ) бұқара кедейленді
• 6) 1921 - 1922аштық

1921ж жазда қуаңшылықтан малдың 80% - қырылды. Астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларының азық - түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімінің 80% азық - түлік отрядтары әкетті. Нәтижесінде Қазақстанның астықты аймақтары ашықты
1921ж қарашада 1млн 508мың
1922ж наурызда 2млн 303200 адам ашықты
Демографиялық жағдай ауырлады.
Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны 1/3 - не азайды
700 мың халық республикадан тыс жерлерге көшіп кетті
Сабақты бекіту:
 1920 - 1921 жылдарындағы аштық себебі қандай?
 Қайыршылықпен аштықтан күйзелген халық үшін Кеңес үкіметі қандай шараларды қолға алды?
Тарихи терминдер
Демография – грек тілінен «демос» - халық, «графус»- жазамын, халық өсу деңгейін зерттейтін ғылым саласы.
Азық - түлік салғырты - «артық» өнімнің мемлекет қарамағына алынуы
Бекіту кезеңі
1) Әскери коммунизм саясаты нәтижесі қандай болды?
2) Аштық жайлаған Қазақстан аудандар?
3) 1921ж қанша адам ашықты? 1922ж бұл көрсеткіш қаншаға өсті?
4) Аштықтың қандай салдары болды?
 Аштық жылдарында аурулар санының өсу себебі неде? Азамат соғысының қорытындылары
 Мал санының күрт төмендеуі, жұт жайлауы елдің мал шаруашылығына қалай әсер етті?
Тарихи диктант
“Әскери коммунизм” саясаты және жұт _________ жж аштықтың басты себебі болды.
Аштық жылдарында республикадан тыс жерлерге _______ адам көшіп кетті.
Астығы мол шыққан Семей, Ақмола губернияларының 80% азық - түлігін __________________ алып кетті
“Сандарды сөйлетейік”
1млн 508мың 1918 - 1920жж
2млн 303200 адам ашықты 1919 - 1921жж
700мың 1919ж
1920 - 1922жж
1919ж
Полиглот
1. How many people died in 1922?
2. When was civil war?
3. How many people died in result
civil war?

Ой толғаныс
Халықты аштыққа ұшыратқан Кеңес үкіметінің бұл саясатына сіз қандай баға берер едіңіз?
Бағалау.
§12 1921 - 1922жж аштық Кесте толтыру

Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылы
Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 42 ЖББ орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі Масимгазиева Мөлдір Ерсайынқызы
1921 жылғы жұт пен аштық жүктеу

Ашық сабақ. Тарих. Қазақ хандығының құрылуы
Ашық сабақ. Тарих. 1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу