Призма дегеніміз не?

Oinet.kz 28-09-2020 2307

Призма дегеніміз не? Бұл мынандай фигура, пішін:

Призма деген не?

Бұның табанында алтыбұрыш және оған параллель оналасқан екінші алтыбұрыш бар. Ал призманың басқа жақтары паралелеограмдардан құралған. Бұл алтыбұрышты призма, себебі оның табанында алтыбұрыш жатыр. Ал мынау үшбұрышты призма:

Үшбұрышты призма

Мынау да призма болады:

Призма деген не?

Призма бұл екі жағы тең және өзара параллель көпбұрыштан ал қалған жақтары паралелеограмдар болатын пішін. Бұл екі көпбұрыштарды призманың табандары деп атайды.

Призманың табаны

Призманың табаны қандай көпбұрыштан құралса, призманың атауы сондай болады. Мысалы призманың табанында үшбұрыш жатса онда ол үшбұрышты призма деп аталады. Жоғарыдағы шыны бұл үшбұрышты призма болады.

Жаттығу ретінде бесбұрышты және төртбұрышты призмаларды салып көріндер.

Призманың биіктігі

Призманың бір табанынан екінші табаны жатқан жазықтыққа түсірілген перпендикуляр призманың биіктігі деп аталады:

Призманың биіктігі


Цилиндр деген не?
Сабақ жоспары: Синустар теоремасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу