Ашық сабақ: Құрқылтай ұясының емдік қасиеттері

Oinet.kz 30-09-2020 2369

Турегелдиева Жанна

Қызылорда обл, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы, 

№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Құрқылтай құсының тіршілігі мен өмір сүру ортасы туралы мағлұмат бере отырып, олардың түрлерін, ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.

Өзектілігі: Құрқылтай құсының басқа құстардан өзгеше өзіндік қасиетке ие екендігі

Жаңалығы:  Құс табиғат байлығы. Оны ғасырлар бойы зерттеп келеді. Соның ішінде ерекше құс құрқылтай туралы зерттеу, құрқылтайдың тіршілік ортасы мен көбею жолдары, емдік қасиеттері туралы кең көлемде жан –жақты хабардар етеді.

 

Кіріспе 

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Құрқылтай құсының тіршілігі мен өмір сүру ортасы, оның ерекше ұясы жайлы жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу.

Қазіргі ақпарат құралдары арқылы теледидарда көрсетілетін бейнебаяндағы құстар әлемі, интернет желісі арқылы құстың сипатының айқындалатыны белгілі болды.

Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Құрқылтай құсымен, оның ерекше ұясымен таныстыру.

Ғылыми жобамыздың міндеттері:

1.Құрқылтай құсының, ұясының ерекше екенін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылар шығармаларын жинастыру.

Құрқылтай құсының түрлерін іздестіру.

3.Жинаған ақпараттарды талдау.

Құрқылтай құсының ұясының емдік қасиетке ие екендігін дәлелдеу.

5.Өзіндік пікір,тұжырым жасау.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

—Жинақтау,топтау;

-Салыстыру;

-Өзіндік ой топшылау

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде құстардың да ерекше қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздім. Құрқылтай құсының зерттелмеген тұстарын тауып, достарыма да керекті ақпарат беру болды.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған материалдар ана тілі мен қазақ тілі пәндерінде қосымша қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.

Негізгі бөлім:

Құрқылтай құсының түрлері

Құрқылтай құсының түрлері: ЕуразияАфрика және Солтүстік Америкада қоныстанатын құстардың тұқымдасында 4 туысқа жататын 10 125 түрі бар. Қазақстанда тұқымдастың негізгі туысына жататын 3 түрі кездеседі: кәдімгі құрқылтайқаратөс құрқылтай және қамысшыл құрқылтай.

      Кәдімгі құрқылтайдың дене бітімі кішірек. Денесінің ұзындығы шамамен 120 мм, салмағы 20 г-дай. Бастары көбінесе сұр түсті, бастарындағы қара жолағы ерекше көзге түседі. Тұмсығы – жіңішке, үшкір, қалыпты ұзындықта.

           Қаратөс құрқылтайдың салмағы — 8—10 г. Құрқылтай ұдайы болатын ағаштардың бөрікбасында өзінің бар екенін «тсссии…тсссии» деген назды ызыңмен жиі айқын білдіреді. Қолғап тәрізді ерекше ұяны жыл сайын жаңадан тоқиды, кейде оған сақталған ескі ұялардың мамығы мен тінін пайдаланады. Салындыдағы 7-8 ақ түсті жұмыртқаларды аналығы 12-14 күн басады.

Қамысшыл құрқылтай бұл тұқымдасқа жататын құстардың көбі ұясын қолғап тәрізді етіп, қамыс немесе талдың бұтақтарына өсімдік талшықтары мен мамықтан салады. Бүйірінен аузы шығарылған жабық ұясы ерекше құрылым. Ұяға 5-10 ақ түсті жұмыртқа салады. Балапандары жұмыртқаны 14 күннен кейін жарып шығады да, 23 күннен кейін ұядан ұшып кетеді.

Құрқылтай құсының тіршілігі мен өмір сүру ортасы

Құрқылтайлар Еуропа мен Азияда 51° солтүстік ендікке дейін тараған.

Қазақстанда ЕділЖайық аралығында, Елек өзен (Ақтөбе облысы), ТаласШу өзендері тоғайларында (Жамбыл облысы), Балқаш — Алакөл алабының қамысты-құрақты жерлері мен ормандарында, Іле, Талас Алатауларында мекендейді. Бұл тұқымдасқа жататын құстардың кейбір түрлері жыл құсы, кейбірі жыл бойы Жерорта теңізі аймағын тұрақты мекен етеді.
Өмір сүру дағдысы басқаларына ұқсас, дегенмен мал шаруашылығы жақсы

дамыған өңірде ұясының қабырғасында өсімдіктер үлпегінен басқа

қойдың жүні де жабысады. Ғалымдарға құрқылтайдың үлпектен ұя қабырғасына жапсыратын жіпті қалай дайындайтынын бақылаудың сәті түскен. Құрқылтай үлпекті тұмсығымен тістеп әкелген соң ұя жасалып жатқан тұстан қашығырақ орналасқан жіңішке бұтаққа қонады да, тұмсығындағы үлпекті түсіріп

 алмай бір аяғымен оны басады. Бұдан соң үлпекті табанынан бөлшектеп,

бабына келтіре созады. Құс осылай бабына келтіріп алып, үлпекті табанымен бұтаққа қысады да, табанның астынан үлпекті біртіндеп соза түсіп, жіпті ширату үшін бұтаққа орап, өрмелей бастайды. Жіп дайын болғанда құс ұясына ұшып барады да, енетін ауыздан төменірек (ұшып келіп ұяға бірден енуі сирек кездеседі) жіпті іліп қояды.

Қазақстанда бұл жайылымдық тоғайлар тұрғыны жеке үлескілерде: Жайық өзенінің алабында өте көп,

сондай ақ Семейдің төменгі жағындағы Ертіс жайылмасында және солтүстік орманды дала бойынша кейбір жерлерде таралған.

Қазақстан шегінде, өте таяу болса да Оңтүстік Каспий маңында және Өзбекстанның шекаралас жерлерінде қыстайды. Қазақстанның оңтүстігінде де құрқылтайдың бірнеше түрі кездеседі. Қазақстанға көктемде наурыздың соңында – сәуірде ұшып келіп, күзде қыркүйекте ұшып кетеді. Тәңіртаудың баурайында және СырдарияТаласШу өзендерінің шөл жайылмасында орныққан. Жәндіктер және қоңыздармен қоректенеді, алайда жылдың суық мезгілінде өсімдік тұқымдарын дажейді.
Құрқылтайдың ұясы

Ал құрқылтайдың ұясы өз алдына бір бөлек әңгіме. Тіпті тілімізде құрқылтайдың ұясындай деген тұрақты сөз тіркесі қалыптасқан. Үйдің тарлығын, бөлмелердің шағындығын, ал кей ретте жылылығын, жайлылығын білдіреді.

Тұрқы – 7-10 см, салмағы небәрі 9 грамм болатын құртақандай ғана құстың жұптасып, адам көзі түспес, аяғы жетпес жерге «баптап» салған «үйлер»

қазақ жерінде Еділ-Жайық және Ертіс-Алакөл аймағында кездеседі. Ұя сырттай қарағанда баланың пимасы іспетті көрінеді, ұясын әртүрлі шөп қиындыларын қыл-қыбырмен байлап, сілекейімен илеп, иін қандырып, берік қылып жасайды. Қолғап тәрізді ерекше ұяны жыл сайын жаңадан тоқиды, кейде оған сақталған ескі ұялардың мамығы мен тінін пайдаланады.

Салындыдағы 7-8 ақ түсті жұмыртқаларды аналығы 12-14 күн басады. Ол қалай болғанда да балапандарды өзі қоректендіреді. Аталық бұл кезде жаңа ұя салу үшін аналыққа жағынады. Бір аналықта бірнеше аталықтардың болуы да (бұл полигамия деп аталады) мүмкін. Балапандар ұядан 23 күн шамасында кетеді де ұяластарымен ұзақ бірге болады. Бәлкім, ұяластар қыстауға ұшып кеткенге дейін бірге болуы да ықтимал. Қазақстанда құрқылтайлар соңғы рет қазанның 13-інде кездеседі

1.2 Құрқылтай құсының ұясының қазақы емдік қасиеттері

Ертеде медицина дамымай тұрған кезден –ақ қазақ халқы аурудан айықтырар амалдарды білген. Табиғаттың берген сыйын өз мүдделеріне пайдалана алған. Өсімдіктердің тамыры, гүлі, жапырағы мен жануарлардың мүйізі, сүті, еті сонымен қатар құстардың ұясы мен еті, қаны сияқты заттардан дәрі – дәрмек жасап, кез келген ауруға шипа тапқан. Соның бірі құрқылтайдың ұясының емдік қасиеті. Халқымыз құрқылтайдың ұясының құяң, бел, буын, несеп жолы ауруларына емдік қасиеті бар деп санайтын. Ол емді өмірде қолданып та көрген. Бір нәрестеге зар болып жүрген ата – аналарды осы құрқылтайдың ұясымен емдеп жазған. Сондықтан да бұл құстың жай құс емес киелі құс екендігіне көзім жетті. Өзі кіп – кішкентай болса да, тигізер пайдасы көп екен. Сонымен қатар құрқылтайдың ұясын кездестіріп тауып алған адам бақытты болып, дәулеті тасиды деген болжам да бар екен.

Қорыта айтатын болсақ бұл жобаны жазу барысында маған құрқылтай құсының  ұясы себепкер болды. Сол себептен мен ғылыми жұмысымды бастаған едім. Ғылыми жұмысымда құрқылтайдың түрлері, тіршілігі, ұясының ерекше қасиетке ие екендігі жайлы жаздым.

Біздің өміріміз табиғатпен тығыз байланысты. Сондықтан да біз, табиғаттың берген сыйын дұрыс қабылдап, қолдана білсек бізге тигізер пайдасы орасан

зор. Осындай кішкентай құс қаншама қасиетке ие деп кім ойлаған? Олай болса біз болашақ ұрпақ осы табиғат ананың сыйын қорғап, қастерлей білейік дегім келеді. Осы мақсатта бүгінгі құрқылтай құсын зерттеп, өзімше біршама жаңалық аштым деп ойлаймын. Болашақта осы құсты одан әрі зерттеп, басқа қырларын танып білгім келеді. Сол мақсатта алдағы уақытта зерттеу жұмыстарымды дамытамын.


Сабақ жоспары: Тамыр және тамыр жүйесі
Ашық сабақ: Ауыз қуысында астың қорытылуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу