Сабақ жоспары: Қазақстанның пайдалы қазбалары

Oinet.kz 30-09-2020 1264

Калдыбаева Зинегуль Кахармановна 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, 

Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп- лицейдің  география пән мұғалімі  

Негізгі түйінді идея:

Пайдалы қазбалардың түзілуі,еліміздегі пайдалы қазбалардың түрлері, дүниежүзіндегі орны және жанатын пайдалы қазбалардың түрлері олардың таралған аймақтары,қоры,,өндірілуі туралы оқып біледі.

Оқу мақсаты:

Қазақстанның пайдалы қазбаға бай екенін білу,пайдалы қазбалардың үш топқа бөлінетінін,олардың бір-бірінен ерекшеленетінін  түсіну және ол пайдалы қазбаларды картадан анықтап, шаруашылықта,тұрмыста қолдану.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Қазақстанның пайдалы қазбаға бай екенін біледі.

Көпшілік оқушылар:

Жанатын пайдалы қазбаларының ерекшеліктерін түсінеді.

Жекелеген оқушылар:

Жанатын пайдалы қазбалардың орнын,шартты белгісін анықтау үшін пайдалы қазбалар  картасын қолданады.

Кезеңдер

уақыт

Мұғалім не істейді?

Оқушылар не істейді?

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

5мин

а)Ынтымақтастық атмосферасы  « Тілек » стратегиясы.

Психологиялық ахуал орнату:                           ә) Тақырыпқа сай   шартты белгілер  арқылы топқа бөлу. Тас көмір, мұнай , газ,  уран арқылы төрт топқа  топтастыру.                 

Оқушылар тақырыпқа сай   шартты белгілер  арқылы   төрт топқа топтасады.   


үлестірмелі қағазы

    

                     

Негізгі бөлім

5 мин

1 мин

5 мин

15 мин

Жаңа материалдың тұсаукесері.

Интерактивті тақтадан жасырын суретті  табу және сұрақ қою техникасы арқылы  жаңа тақырыпты ашу.                                                                               Түрткі сұрақ:

1.Балалар бұл сурет сіздерге қандай ой салды?

Сынамалы сұрақ:

2.Қайдай  пайдалы қазбалардың шартты белгісін   көріп отырсыздар?

Қайта бағыттау сұрағы:

3.Бұл  шартты белгілер  қандай пайдалы қазбаларға жатады? Қалай ойлайсыздар?

Біздің бүгінгі  сабағымызға  байланысы бар ма?

Олай болса  біздің сабағымыз не жайында болмақ?                                                                                    Балалар енді бүгінгі сабақтың мақсатымен танысайық.                            1.Қазақстанның  жанатын пайдалы қазбаларымен  танысамыз.                         

 2. Мұнай мен газдың қай жерде шоғырланғанын  білетін боламыз.                      

  3. Жанатын пайдалы қазбасы көмір жайлы мәлімет аламыз.                                                                                                4. Уранның  кен  орындарымен  танысамыз.

Лездеме                                              

Видео көрсету. Қазақстанның жанатын пайдалы қазбалары.

Топтық жұмыс .   «Ойлан , бірік, бөліс»  стратегиясы    Постер қорғау.                                        

1-  топ.   Пайдалы қазбалар              

2 –  топ. Мұнай мен газ

3 -  топ. Көмір

4 - топ. Уран

Оқушылар жасырын суретті көреді, сұрақтарға жауап беру арқылы  жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді. Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды. Әрбір топ мүшесі  ой бөліседі. Тапсырманы орындау үшін, бір-бірімен кеңесіп, топ ішінде өзге топтарға қолайлы түсіндірудің жолдарын іздеп, жұмыстанады.

Мадақтау жүргізіледі.

 

Топтық жұмысты бағалау критерий

Тақырып ашылмаған -0 ұпай

Тақырып ашылған, бірақ  негізделме-ген-1 ұпай

Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай

Тақырып ашылған,  нақты негізделген- 3 ұпай

Интерактив-ті тақта, суреттер 

Атлас, кескін карталар

Қорытынды бөлім

Үйге тапсырма

3 мин

5 мин

2 мин

1 мин

  Жұптық  жұмыс: Сәйкестендіру

А.Қаражамбас,Жетібай      1.Атырау обл.

Қаламқас,Өзен                      2.Ақтөбе обл.

Б.Теңіз,Доссор,Мақат,Қашаған              

3.Қызылорда обл.

В.Кеңқияқ,Жаңажол,Жақсыбай         

4.Маңғыстау обл.

Г.Қарашығанақ,Ақсай                          5.Б.Қазақстан обл.

Д.Амангелді,Құмкөл

Жауабы:    А-4, Б-1, В-2, Г-5,

Д-3

        Сандар сөйлейді.                                             Газ қоры -6 трлн м                                        Мұнай қоры-20-25 мрлд т                             Мұнай д.ж.- 12 орын                                 Жылына 81 млн т мұнай өндіреді. Жылына 37 млрд м3 газ өндіріледі Қарашығанақ -70% үлесінде  220 кен орны бар.

Рефлексия . Сабақ аяқталғаннан кейін күткен нәтижеге жетті ме?

Кескін картаға Қазақстанның жанатын пайдалы қазбаларын түсіру. Алдағы уақытта елімізде жаңа АЭС салу жоспарлануда . Сенің пікірің?

Оқушылар жұптық жұмыс жасайды.

Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Не ұнады?.......

Не ұнамады? .....

Тілегім.......

 

Смайлик арқылы бағалау

Мадақтау











Сабақ жоспары: Оңтүстік Американың климаты
Сабақ жоспары: Жылдамдық бірліктеріне есептер шығару
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу