Сабақ жоспары: 7 саны мен цифры

Oinet.kz 03-10-2020 849

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Жарық жалпы орта білім беру мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Балғабекова Кенжекей Бекжановна

 

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Оқушыны 7 саны мен цифрымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
білімділігі: Бір таңбалы сандар, олардың шығарылып алыну әдістері жайындағы білімдерін бекіту. 7 санымен, цифрымен таныстыру.
Дамытушылығы: Логикалық талқылаулар жүргізулерге оқушыларды қатыстыра отырып, қызығушылығын арттыру. Қосу, азайту дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдылыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын әдісі.
Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, слайд т. б

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылырмен амандасу.
Үлкенге де сіз, Бір дегенім – білім,
Кішіге де сіз, Білімсіз жоқ күнің.
Сәлем бердік сіздерге Ғажайып кітап ашыл,
Құрметпенен біз. Ішінен білім шашыл.
Өткен материалдарды пысықтау.

Ойын: «Өз орныңды тап»
1 - ден 10 - ға дейінгі цифрлар таратылып беріледі.
М: Өз орныңды тап дегенде оқушылар сәйкес орынға тұрып, сандар тізбегін құрап тұрады,, әр санға сәйкес «Санамақтар» айтады.
Шығармашылық тапсырма:
Қалып қойған амал таңбасын қою.
6 0=6 3 2=5 5 1=4
4 2=2 5 1=6 3 3=6

Жаңа сабақ.
Балалар 7 - санын айтқанда ойларыңа 7 - санымен байланысты қандай ұғымдар, сөздер келеді.
7 - саны қазақ халқында киелі сан деп аталады.
- Олай болса 7 - санына «ой топтау» жүргізейік.
7

7 нан, 7 күн, 7 ата, 7 қазына

7 - ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
7 - күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
7 - қазына: ер жігіт, сұлу әйел, білім - ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
- Бүгінгі сабағымызда біз қандай санмен танысамыз деп ойлайсыңдар?
- 7 - санымен.
Бүгінгі сабағымызды біз «Жеті лақ» ертегісі бойынша өтеміз. «Жеті лақ» ертегісін баяндау.
Проблемалық ситуация.
1 - лақтың тапсырмасы.
- 7 санын бізге таныс сандарды пайдалана отырып, қалай шығарып алуға болады?

Суретпен жұмыс.
- Міне, балалар біз 1 - лақтың тапсырмасын орындап, оны қасқырдан құтқарып алдық.
Оқулықпен жұмыс. 2 - лақтың тапсырмасы.
Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндіру.

Кесіндінің ұзындығын өлше.
Біз қасқырдан 2 – лақты да құтқарып алдық.

Енді 3 - лақтың тапсырмасын орындайық.
Сергіту сәті. Өлең есептер.
Алма бағы жайнаған
Қызыл алма айналам
Алдым үзіп бесеуін
Тағы да алдым біреуін
Алдым сонда нешеуін?

Табақта 4 - алма
Қолымда 2 - алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?

Көлден ұшты 5 - қаз
Қайтып қонды 2 - қаз.
Қонбады оның нешеуі.

Ұлпа жүнін қыздырып
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді жанына
Келді тағы бір күшік.

7 - санының баспа және жазба түрімен таныстыру. Сандарды салыстыру.
Міне, балалар біз үшінші лақты да құтқардық. Лақ сендерге рахмет айтып жатыр.
4 - лақтың тапсырмасы дәптермен жұмыс.
Олай болса барлығымыз дәптерімізді ашып тапсырмаларды орындайық.
- Суретпен жұмыс.
- 7 - санын жазу.
- Өрнектің мәнін табу.
5 - лақтың тапсырмасы. Сәйкестендіру тесті.
Қайсысы аптаның қай күндері туған? Берілген есептерді шығара отырып балаларды әр апта
күніне апарып орналастыру.
4 - 2=2
7 - 2=5
3+3=6
3+1=4
6 - 3=3
4+3=7
2 - 1=1

6 - лақтың тапсырмасы. Сандар құрамын анықтау.
Ойын: «Орнын тап». Әр кейіпкерді өз өрнегіне апар.
2+3= 6 - 4= 1+5=
5 - 2= 2 - 1= 6 - 2=
- Енді балалар біз соңғы жетінші лақтың тапсырмасын орындайық.
Оқулықтығы 5 - тапсырманы орындау. Теңдіктер құру.
Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Қосу мен азайту өзара кері амалдар.
- Сонымен балалар барлығымыз тапсырмаларды жақсы орындап, лақтарды қасқырдан құтқарып, енелеріне қостық.
Мына сандарды ретімен атап шықсақ лақтардың біздерге айтқан сөзін оқитын боламыз.
1 --- 2 --- 3 ---- 4 --- 5 ---- 6
Р --- а --- х --- м ---- е ---- т
Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабағымызда қандай санмен таныстық?
- 7 саны және цифры.
- 7 санын қалай шығарып алдық?
- 6 - ға 1 ді қосу арқылы.
Үйге тапсырма: 7 - күн атауын жатқа айту және 4 - есеп.
Бағалау


Тәрбие сағат: Қош,сүйікті Әліппем!
Сабақ жоспары: Бірдей сандарды азайту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу