Балабақша: Тәрбие сағат: Сиқырлы дыбыстар әлемінде!

Oinet.kz 04-10-2020 2634

Білім беру салалары:  

1) Коммуникация

2) Әлеуметтік орта    

3) Шығармашылық

 

Оқу қызметтері                

1) Сауат ашу

2) Көркем әдебиет

3) Құрастыру

                                     

Тақырыбы:       «Сиқырлы дыбыстар әлемінде!»

 

Мақсаты: Балаларға дыбыс пен әріп туралы түсінік беру.

Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы ақыл ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Дамыту ойындарын ойната отырып игерген білімдерін бекіту.

 

Қажетті құрал- жабдықтар, көрнекіліктер:  суреттер, плакаттар, таратпа материалдар, сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер, текшелер, буындар, планшет қорапшалар, түрлі-түсті түймелер.

 

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: Дыбыстармен таныстыру, оларды бір-бірінен ажыратуды игеру.

 

Әдіс тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойындар.   

 

Блингвальды компонент:  әріп-буква, ай-месяц, көктем-весна, дыбыс –звук, ойыншық –игрушка, түйме-пуговица.

 

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші  Қайырлы күн балалар! Балалар адам жанының жүрегінің кілті, біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға ата-анамызға апайларға күлімдеп жадырап, көңілді жүрсек біз мейрімді ақылды болып өсеміз. Жан-жағымызға күлкі сыйлаймыз. Олай болса кел балалар күлейік!  Балалар Кел балалар күлейік

                                               Күлкіменен түлейік

                                               Қабақ шытқан не керек

                                               Күліп өмір сүрейік.

Тәрбиеші  Балалар бүгінгі  оқу қызметіміз өте ерекше. Бүгін біздің тобымызға көп қонақтар келді. Алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық. Тәрбиеші балалар   Қуанамын менде

                                                        Қуанансың сенде

                                                        Келіп шыққан күнде

                                                        Күннің нұрын салайық

                                                        Таза ауаны жұтайық.

                                                        Жүрекке жылу сыйлайық

                                                        Жинаған жылы шуақты

                                                        Қонақтарға шашайық.

                                                        Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Тәрбиеші   жарайсыңдар балалар. Отыра қойыңдар. Оқу қызметін ойын түрінде өтеміз. Ендеше оқу қызметімізді «Кім тапқыр» ойыны арқылы бастайық.

Тәрбиеші  :Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Балалар: Төрт жыл мезгілі бар.

Тәрбиеші : қазір қандай мезгіл?

Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?.

Балалар үш ай бар.

Тәрбиеші Қазір қай ай?

Балалар Наурыз.

Тәрбиеші бір аптада неше күн бар?.

Балалар жеті күн бар

Тәрбиеші біз қай қалада тұрамыз?.

Балалар Шымкент қаласында.

Тәрбиеші Қандай балабақшаға келеміз?.

Балалар №3 «Динара» балабақшасына келеміз.

Тәрбиеші қай топқа келеміз.

Балалар Айгөлек тобына келеміз

 

Ғажайып сәт. (Ұялы семтетікке хабарлама келеді) Дыбыс шығады.

Тәрбиеші ой балалар ненің дауысы

Балалар Ұялы семтетіктің

Тәрбиеші Балалар бізге хабарлама келіпті қане оқып көрейікші.

Хабарлама Сәлеметсіңдерме балалар? мен өте қызықты әріптер әлемінің, дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемімнің суретін дыбыстапр тұратын үйдің суретін жіберіп сендердің көмектесулеріңді сұранамын. Үйдің ішіне ашулы айдахар кіріп алыпты. Маған көмектесулеріңді сұранамын. Маған көмектессеңдер сендерге арналған қызықты тапсырмаларым және сыйлығым бар. Сау болыңдар. Тәрбиеші балалар дыбыстар ханшайымына көмектесеміз бе?

Балалар ия көмектесеміз.

Тәрбиеші  Олай болса өз назарымызды ханшайымның жіберген суретіне аударайық.

1.     Ауыз -үйдің төбесі бар

2.     Еріндер –есік

3.     Тістер-сүйек шарбақтар

4.     Таңдай-өзен

Бірақ үйдің ішіне ашулы айдахар кіріп алыпты. Алайда кейбір дыбыстар емін еркін өтіп кетеді және олар қызыл киіп алыпты. Басқа дыбыстар жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады екен. Олар сондықтан көк киіпті.

Тәрбиеші қызыл киім киген қандай дыбыстар?

Балалар :Дауысты дыбыстар

Тәрбиеші: Ал көк киім киген қандай дыбыстар?

Балалар дауыссыз дыбыстар.

Тәрбиеші Демек балалар дыбыс дегеніміз не?

Балалар дыбысты естиміз айтамыз.

Тәрбиеші дыбыс пен әріптің айырмашылғы неде?

Балалар дыбысты естиміз ал әріпті жазамыз көреміз оқимыз.

Тәрбиеші  өте жақсы дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

Балалар қызыл текшелермен.

Тәрбиеші ал дауыссыз дыбыстар?

Балалар көк текшемен белгіленеді.

Тәрбиеші өте жақсы балалар енді ханшайымның тапсырмаларын орындайық.

Тәрбиеші балалар ханшайым бізге жұмбақтар жіберіпті. Соны бәріміз бірігіп шешейік. Қарда бар

борда бар

жарда бар

орда жоқ

бұл қандай дыбыс?

Балалар А дыбысы.

Тәрбиеші Өте жақсы балалар  А дыбысы дауысты ма дауыссызба?

Балалар дауысты.

Тәрбиеші неге ?

Балалар өйткені кедергісіз ашық айтылады.

Тәрбиеші А дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады.

Балалар алма Астана алмұрт алша т.б.

Тәрбиеші кане кім Алматы сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді. Сөзді буынға бөлеміз. Бұл сөзде неше буын бар.

Балалар текшелер арқылы жазады. Бұл сөзде екі буын бар. Екі дауысты бар.

Тәрбиеші өте жақсы балалар енді кім А дыбысына  байланысты тақпақ айтып береді.

1.Алма алма дейсің

Алма әкелсем жейсің

Айтпайды екен деме

Алманы жумай жеме

 

2.     Ата мен әже апада

Алма мен алмұрт тереді

Ауылға арман балада

Арбамен тасып береді.

Тәрбиеші өте жақсы рахмет. Балалар тағы бір дыбыс туралы жұмбақ айтамын шешуін табыңдар.

Сауысқанды сағызды

Сарымсақты сәбізді

Сансыз бірақ тәрізді

Бастап тұрған қай дыбыс?

Балалар С дыбысы.

Тәрбиеші өте жақсы балалар. С дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?

Балалар дауыссыз. Өйткені тіс кедергі жасайды.

Тәрбиеші жақсы енді осы С дыбысынан  басталатын сөздер айтайық.

Балалар Сары Сара сағыз сырға сиыр сағат.

Тәрбиеші : Жақсы.Енді кім сағат сөзін текшемен жазып береді.

Балалар: Текшелер арқылы жазады, дыбыстық талдау жасайды.

 

Тәрбиеші: Балалар енді осы С дыбысынан басталатын тақпақтар айтайық.

 

Сауысқан деген сақ болар

Құйрық жүні ақ болар

Жер бетіндегі жемтікке

Жалғыз жүріп тап болар

Тәрбиеші: Өте жақсы жарайсыңдар! Енді балалар ханшайымның екінші тапсырмасы. Сендер жаңылтпаштар білесіңдер ме?

Балалар: Иә білеміз. Ендеше осы жаңылтпаштар айтайык.

 

1Б Самат ұйқтап қалады

      Сағат тоқтап қалады

      Самат ұйқышыл ма?

      Сағат ұйқышы ма?

 

2Б   Шымшық, шымшықты шымшы ма?

 

3Б   Зура зурнада ойнайды

       Зурнада бір ғана зура ойнайды деме

       Зара да Зере де Зурнада ойнайды.

 

4Б  Шешендер шебер,

       Шынайы шенер

       Шенелген шіркін

       Шөмейіп шөгер

5Б   Анау арал қай арал?

       Қайыңды арал

       Талды арал

       Ішінде бұзаулы ала марал

Тәрбиеші  өте жақсы баллар. Жарайсыңдар! Міне біз ханшайымның 2 тапсырмасында орындадық.  Өте жақсы. Енді 3 тапсырмасына тоқтолайық.

Тәрбиеші өте жақсы ойын ойнаймыз, дидактикалық ойын «Ойлан тап.»

Балалар буын дегеніміз не?

Балалар  Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз.

Тәрбиеші жақсы. Тақтадағы ойыншықтарға назар аударайық. Мынау не?

Бала: доп

Тәрбиеші оны буынға бөлейік. Неше буынды сөз?

Бала. Бір буынды сөз.

Тәрбиеші неге ?

Бала. Өйткені бір дауысты дыбыс бар.

Тәрбиеші: кітап, ойыншық, машина осы сөздерді буынға бөлейік.

Балалар екі буынды үш буынды сөздер

Өйткені екі дауысты дыбыс, үш дауысты дыбыс бар.

Тәрбиеші дұрыс жарайсыңдар. Балалар енді сөз бен сөйлемнің айырмашылығы неде.

Балалар  сөз бір тиянақты ойды білдіреді.

Балалар ал сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.

Тәрбиеші  жақсы. Жарайсыңдар. Енді мына сөздерден сөйлем құрайық.

Бала 1.Мен доппен ойнадым

Бала 2.Біз кітаппен жұмыс жасадық.

Бала 3.Мен ойыншықпен ойнадым.

Тәрбиеші өте жақсы балалар . Жарайсыңдар! Біз ханшайымның үш тапсырмасын да орындадық. Енді бәріміз бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:  Аяқпенен тырсылдадып билейміз

                      Қолды соғып, басымызды изейміз,

                      Қолымызды  көтереміз,

                      Қолымызды түсіреміз

                      Ал, шығайық, сайланып,

                     Жүгірейік айналып.

Бала . Түрлі іс қимылдар арқылы бойларын сергітеді.

Тәрбиеші.  Өте  жақсы балалар. Жарайсыңдар. Енді сендермен ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғыстыру»

Мен сөйлемнің басын айтамын сендер ары қарай жалғастырасыңдар жарайма.

1.     Анам дүкеннен------------

2.     Мен қарындашпен---------

3.     Мен қызықты ертегі -------

4.     Біз спорт алаңында--------

Ойынды ойнайды.

Тәрбиеші. Өте жақсы. Енді  тағы бір ойын ойнайық. Сюжетті рольдік ойын.

«Дүкен». Ойын кезінде балаларға  әріп таратылып беріледі. Олар әріпке байланысты дүкеннен затты сатып алады.

1.Бала        А дыбыс алма

2.Бала  С дыбыс сырға

3.Бала  Д дыбыс домбыра

4.Бала  Т дыбыс  торсық

5.Бала  Ы дыбыс ыдыс

6.Бала  П дыбыс пияз

7.Бала  Ш дыбыс шайнек

8.Бала   К дыбыс Кітап

9.Бала  О дыбыс орамал

10.Бала  Г дыбыс гүл

 

Бала ойынды ойнайды.

Тәрбиеші: өте жақсы балалар жарасыңдар! Енді бәріміз өнер орталығына барып ханшайымға арнап сыйлық жасайық.

1.     Топ түрлі-түсті түймелерден білезік құрастырады.

2.     Топ қорапшалардан қобдиша құрастырады.

Қортындылау:

Тәрбиеші  Балалар сендерге бүгінгі  оқу қызметіміз ұнады ма?

Балалар ұнады.

Тәрбиеші біз бүгінгі оқу қызметі барысында не істедік?

Балалар ойындар ойнадық

Балалар ханшайымның тапсырмасын орындадық.

Балалар дыбыстар туралы білдік.

Балалар дыбыс пен әріптің айырмашылығын білдік.

Балалар Сөз бен сөйлем жайында білдік.

Балалар буын туралы білдік.

Балалар Сөздерді буынға бөлдік

Балалар Сөздерге дыбыстық талдау жасадық.

Балалар жұмбақтар шештік.

Балалар жаңылтпаштар айттық.

Балалар өнер орталығына барып түймелерден білезік жасадық.

Балалар мен қорапшалардан әдемі сандық жасадым

Тәрбиеші өте жақсы. Жарайсыңдар балалар. Бүгін сендер ұйымдастырылған ашық оқу қызметі барысында барлықтарың жақсы қатысып отырдыңдар. Жарайсыңдар.Енді  мына әсем жолдары арқылы бүгінгі ашық оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Туыспыз біз бәріміз

Бір отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз.

Балабақша. Ертенгілік: Жаңа жыл
Балабақша. Ертеңгілік: Туған жерім тамаша!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу