Балабақша. Ертеңгілік: Алтын күз

Oinet.kz 04-10-2020 2004

 

Шымкент қаласы №18 «Бәйтерек» балабақшасы

Тәрбиеші: Биимұратова Г.Ж

 

Балалар музыка әуенімен күз мезгіліне сай әсем безендірілген залға кіреді.

Қолдарына  сары жапырақ ұстаған балалар залға кіріп билейді. Би соңында қолдарындағы жапырақтарын ретімен жүріп барып себетке салады да орындарына отырады.

 

Жүргізуші : Армысыздар  құрметті  ата-аналар және ұстаздар! Сіздер
б «Алтын күз»  мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

«Бүгін  мейрам бүгін той.

Қуанышты кун біліп кой!

Күз бақтай сыңғырлап,

Алакайды соғып кой!

Алтын сары кызыл көк.

Алуан алуан жапырак,

Күзді бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

 

Ән: «Жау жаңбыр»                                                                                                                    

Жүргізуші : Ал,  енді біздің балалардың  «Алтын күз» мерекесіне арналған
тақпақтарын тамашалаңыздар.

Тақпақтар:

1.      Балнур: Жерде жаңбыр жалтырайды,

Жапырактар қалтырайды.

Көкте ай, Күн балқымайды,

Көлде аққу қалқымайды.

Жел тұрудан жалықпайды,

Кун жылытып жарытпайды.

Жапырактар жерге карай,

Қалықтайды, калықтайды.

2. Нұрасыл: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

¥шты кенет жапырақ

3.Адия. Өрік, шие, балы бар,

       Қауын,қарбыз, бәрі бар.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді?

4.      Олжас: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

5.      Жайна: Алтын алтын сары алтын

       Алтын күзде нұр жатыр.

Қойны толы дәмді нан

Жемісі көп не түрлі.

6.      Нарболат: Қандай өзі береген,

Алмасын-ай, алмасын.

Жемісі көп не түрлі,

Жеп тауыса алмайсын.

7.      Аружан: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

8.      Нүркен. Нарттай қызыл алмам бар,

Мэз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

9.      Севиль: Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтындай сары күз.

Аялы біздің бақшада,

Тойды бастар шағымыз.

10.  Арсен. Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бэрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Би: «Қазақ биі»

Күз ханша: Армысыңдар, балалар! Міне, көңілді жаз бітіп, қоңыр күзде келіп жетті. Адамдар менің дәмді уылжып піскен дәмді жеміс жидектерімнен неше түрлі тосаптар қайнатады, көкөністерімнен салаттар жасайды. Құстардың біразы жылы жаққа ұшып кетеді. Ал, аңдар қалай дайындалады?

1. 1-бала: Нұрасыл:

Аяп тұрмын аңдарды,

Қалай екен қалдары?

      Күзден кейін себебі,

      Ызғарлы күз келеді.

Күз ханша: Балалар жүріңдер, орманға барып аңдардың қысқа дайындығын көріп келейік. Мүмкін оларға көмегіміз керек шығар. Тақпақтар: Ағылшын, орысша тақпақ.

1.Т.Қасиет: Домиц сру зэ сноу,

Ин уан хорс оупэн слэй.

Оу вэ зе филдс но гоу,

Лоуиц ол зэ уэй.

2. Самир: Инда навем,

Дак калид суун.

Уий он зе лойтз,

Ин зе афтенум.

3.Аян: I love fall   Fall is exciting.

   It's apples and cider.

   It's an airborne spider

   It's pumpkins in bins.

 

4.Қасиет: Yellow, red, and green and brown,

  See, the little leaves come down,

  Dancing, dancing in the breeze

  Falling, falling from the tress.

 

5.Майра: It's a crisp dry sound,

   It's green leavel turning,

   And the smell of them burning,

   It's clouds in the sky.

1.Амина: Он похож на огурец,

И такой же молодец.

Греет солнцем свой бочок,

Сочный, вкусный кабачок.

2.Валерия. С королевой овощей,

Подружитесь по скорей.

На столе не будет,

Если вырастишь капуту.

2-бала: Балнұр:

Сапарымыз орманға,

Болу үшін көңілді.

Ән салайық, келіңдер,

Жаңғыртып бар өңірді.

Ән: «Эи, би, си.»

 Би: «Қолшатыр»

1-                бала: Нұрасыл:

Уақыт біраз болғанда,

Келдік, міне орманға.

Күз ханша: Сәндеп киер киімін,

Бері кел, ақ тиінім.

Аю келсін қорбаңдап,

Кірпі келсін жорғалап.

Ақ, сұр, қара қояндар,

Бірің қалып қоймаңдар.

(Өздерін атаған сайын қорбаңдап аю, секеңдеп тиіндер мен қояндар, салмақты басып кірпі келеді.)

Аю. (Адия) Күз ханшайым, армысыз,

Аман-есен бармысыз.

Ызғарлы қыс жақындап,

Әбігер боп жатыр ек.

2-                бала: Балнүр.

Келдік бізде сол үшін,

Берейік деп қол үшін.

Күз ханша: Суық қыстан аңдарым,

Қалар ма екен жандарың?

Білемісің аямас,

Қыстың қатал заңдарын.

Аю: (Дияна)

Алаңдама, Күз ханша,

Қатал дейсің қыс қанша?

Үйім дайын ұйықтаймын,

Келер көктем шыққанша.

Кірпі: (Бексұлтан)

Суық күннен жиреніп Мен де жылы үйге ендім.

Жан сақтаудың амалын,

Мен аюдан үйрендім.

1-                тиін: (Самир)

Бос өткізбей жаз күнін,

Жидым небір ас түрін.

Қоян жүрді секеңдеп,

Қыс болмайды екен деп.

2- тиін: (Сабина)

 

Қыста сылқым төреміз,

Қайтер екен көреміз.

1-                қоян. (Жайна)

Бай емеспін қалтам тоқ,

Азық жинап алғам жоқ.

Сұрын шешіп, тек қана,

Ақ тон кисем арман жоқ.

2-                қоян. (Береке)

Іздеп жүрмін жоғымды,

Көрдің бе ақ тонымды.

Қыста жүрсем сұп-сүр боп,

Қасқыр тілер жолымды.

Күз ханша: Тауып берем қорықпа,

Қасқырға тек жолықпа.

Еңбекпенен, алайда,

Дос болып жүр жарай ма?

(Аңдар орындарына кетеді. Ортаға бір бала шығады.)

1-                бала. Нүрасыл:

Тазартайық тиіннің,

Ұясының жан-жағын.

Жинап-теріп, берейік,

Саңырауқұлақ, жаңғағын.

Ойын: «Жаңғақ теру»

2-                бала. Балнүр:

Қайда аю, кірпілер? Мұнда келсін.

Дөңгеленіп билеген бізді көрсін.

¥йықтағанда түсінде сап-сары боп,

Сағынышқа айналған күзді көрсін.

Ән: «Сары алтындай сары күз»

Тақпақтар:

1.                  Әкежан: Күн шуаққа аужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

2.                  Карина: Ой, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

3.                  Бексұлтан: Алтын, сары, қызыл, көк,

 

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

4.                  Шахруза: Көктемде ерте гулдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

Уылжыған өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

5.                  Еділ: Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем шіркін-ай.

Қарай бергің келеді,

Дүркін, дуркін, дүркін-ай.

6.                  Севгина: Торсиған бал ауызға,

Кіп-кішкентай қарақат.

Салып қояр ауызға,

Болса егер бала тап.

7.                  Жанарыс: Қара деген атым бар,

Менен де дәм татындар.

Дәрі орнына жүруге,

Кейде менің хақым бар.

8.                  Аянат: Тазартса бірі дән,

Тиеді бірі астық.

Қырмаға осы дән,

Қырмаға бұл жарастық.

9.                  Айқын: Бара жатыр сәуле сеуіп,

Ақ жалаулар, ақ тулар.

Аман-есен көрісейік,

Айналайын аққулар.

10.              Қуаныш: Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын,

Алақай-ау күн жақын.

(Аю мен кірпі ортаға шығып отырады. Ән үстінде екеуіне екі

жастық әкеліп береді. Екеуі жастықты құшақтап, есінеп отырады

Күз ханша сары жылтыр қағаздан жасалған жапырақтарды

үстеріне себелейді. Музыка әуенімен екеуі қол бұлғап шығып

кетеді.)

 

 

 

1-бала. Нұрасыл: Күз ханша, аңдардың дайындығын көрдік. Қолымыздан келгенше көмектестік. Енді балабақшамызға қайтайық. Би: «Өзбек биі»

Тақпақтар:

1.                  Мариям: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,

Сенен басқа бау өнер.

Жадырасам туған жер,

Күміс моншақ тама бер.

2.                  Мирас: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

3.                  Сымбат: Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз,

Ағыл-тегіл ағымыз.

4.                  Дулат: Ерекше күз енді,

Айнала сары ала.

Комбайын жүзеді,

Толқыған далада.

5.                  Дилдора: Жаңбыр жауды себелеп,

Жасырынды көбелек.

Аспан кетті күркіреп,

Бүл не деген керемет.

6.                  Давлатбек: Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ем думан,

Дариядай шалқып жүр.

Ән: «Осень наступила».

Тәрбиеші: Жемісті мол теретін

Күз дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен «күз» деген.- дей отырып, осымен біздің «Алтын күз» мерекесіне арналған концерттік бағдарламаларымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет!

 


Балабақша. Ертеңгілік: Туған жерім тамаша!
Балабақша. Тәрбие сағат: Гүл отырғызу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу