Тәрбие сағат: Желтоқсан жаңғырығы

Oinet.kz 04-10-2020 1416

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

 «Жылыбұлақ» жалпы орта мектеп» КММ

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тогызбаева Р.Т

Сынып: 9

 

Ашық тәрбие  сағатының тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы 
Мақсаты: 1.Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. 
2.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: : Қайрат туралы шығарылған газет (”Қайсар туған Қайрат”). Желтоқсан туралы жалынды сөздер жазылған плакаттар (”16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке”, ”Лаула, Лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы!”) Қайраттың сан сыры бейнеленген сөздер

 

1-жүргізуші:

 

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

 

2-жүргізуші:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.

Оқушы: 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қвзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған. 

Оқушы: Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

Оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Оқушы:

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

Оқушы:

Қанды қырғын-қалған іс,

Бейне теңіз сең соққан.

Жарқылдайды ар-намыс,

Алматы. Аяз. Желтоқсан.

Дүрсілдейді жүректер,

Сесі күшті күшті қарудың.

Жүзіне мұң түнетті,

Үлбіреген арудың.

Арманы алда, сенім көп,

Оранды отқа үміттер.

Мұрты жаңа тебіңдеп,

Келе жатты жігіттер.

Жасамай ездік босқа айбат,

Намысымен от шайнап.

Халық үшін бас байлап,

Жанып та кетті жас Қайрат.

Қанды қырғын от өрген,

Жарқылдады ақыл-ой.

Бәрін соның көтерген,

Біздің халық батыр ғой!

Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»

Бір топ:

- Естідіңдер ме?

- Бұл не масқара!

- Неге халықпен санаспайды?

- Қашанғы шыдаймыз?

- Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

- Ел  қамын біз ойламағанда,  кім ойлайды.

/сахна алдына ержүректі  желтоқсан батырлары шыға бастайды/

Оқушы:  Демократияны  бұғаудан босатыңдар,

  Әр халыққа өзінің  көсемі керек...

Оқушы:  Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

Оқушы: Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Оқушы: Бұл дегенің  ҚКП-да беделдің қалмағаны,

Тілің құрып барады білесің бе?

Оқушы: Ескерусіз дін жатыр жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап

Санаспайды, әй,, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.

Оқушы: Өгей қозы  біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге.

 Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/

Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!

сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады

Оқушы:Бар болғаны  осы еді қылмысымыз,

Савицкий  көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды  тексерер  түрме деген,

Концлагерь  болды ғой біздер үшін.

/Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға  сүйреп әкеліп, тепкілеу, айқай- шу, алаң қызыл қанға боялады/

Оқушы: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 23 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық  (1 минут үнсіздік).

Әдеби монтаж        

Жүргізуші: Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.

/Бейнефильм  көрсету/

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

( Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат, нағашысы, жеңгесі отырды.)

Нағашысы:Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің. .

Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Нағашы:Астан алыңқыра.Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат:Иә, нағашы, бар ғой бар.

(Осы кезде есік қағылып,үш-төрт милициа үйге кіріп келеді.)

Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз.Прокурордың санкциясы бар, Міне,

Екі жігіт Қайратқа:Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі;Ойбай-ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Қайрат:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым ?

 Бостандықта еркін жүрген жан едім  

 Енді, міне, абақтыға жабылдым.

 

Көрініс:   «Қайраттың жауабы»         

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, түрме жыры өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді.)

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!

Кезекші:  Заключенный Рысқұлбеков на допрос! Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат:         Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші:      Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:         Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші:      Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші:      Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат:         Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын? Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші:      Заключенный Рысқұльеков! Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат:         Жолдас тергеуші! Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ қой.

  Жүргізуші:   Пешенесіне жазылған азғана ғұмырдан соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізіді.

 Жүргізуші: Оған бағыттылған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа терілген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси “Саяси көз қарастыларға” арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірі “ұлтшыл” атанып, осы келуі ғажап емеспін.

Жүргізуші: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт.

Жел кірді көңіліме жиырма бірде

Айдады ерікке қоймай несібе

Желпілдеп, желдім неге несіне

Түседі ау адасқаным енді есіме-, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді.

Оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаңшыды‑ау жанды батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін

Оқушы: Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім беруін талап етті. Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады.

Жүргізуші:  Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен қаза тапты.

/бейнефильм «Желтоқсан желі»/

Жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира ,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді.

Оқушы: Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

Жүргізуші:  Қара мынау ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың,

Енді айналмас мазаққа.

Жүргізуші: Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төріңде.

Жүргізуші:  Мінеки құрметті көрермендер ”Желтоқсан жаңғырығы” атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

Жүргізуші:  Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.

 


Балабақша. Ертеңгілік: Табиғат жанашыры
Тәрбие сағат: Ізеттілік әліппесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу