Жас отбасыға арналған бата

Oinet.kz 06-10-2020 1666

Қосылып тұрған қос ұлан,
Игілікті, алаулы болындар.
Халыққа қалаулы болыңдар.
Өмір бойы бірінді-бірің
Жамандыққа қимандар.
Мейірбанды махаббатпен,
Үлкендерді сыйлаңдар!

* * *

Табыстары көп болсын.
Алақандары ашық болсын,
Өмірге машық болсын!
Күйбең қағып кейін қалмай,
Жаңалыққа ғашық болсын,
Ұрпақтары ер болсын,
Кеменгерлермен тең болсын.
Тәңірі жас жұбайларды
Шат өмірмен жарылқасын.
Бақыттары арылмасын,
Ешқашанда мұқтаждық көріп,
Еш адамға жалынбасын.
Жастары жүзге жеткенше,
“Дерттімін” деп шағынбасын!

* * *

Тасқа тары өнгенше,
Таршылық көрмендер!
Мұзға бидай өнгенше,
Мұңшылық көрмендер!
Жүздерің жайнап,
Өрісті болындар!
Толған айдай
Келісті болындар! Әумин!

* * *

Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер,
Жомарттың жолын бер,
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер.
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жарығын бер.
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер.
Теңіздің тереңдігін бер.
Лашынның жүрегін бер,
Нағыз достың тілегін бер.
Мәңгі-бақи ажырамас
Шын ғашыктың білегін бер!

* * *

Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де, нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйінде
Балаларың көп болсын!

* * *

Өмір берсең, жайлы қып бер,
Дәулет берсең, сайлы қып бер.
Бау берсең, миуалы қып бер,
Келін берсең, ибалы қып бер.
Қара ниет батырдан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Атаның әруағын жақта,
Ананың ак сүтін ақта!

* * *

Уа, отау иесі,
Қолдасын Тәңір киесі.
Инабатың игілікке бастасын,
Пейілің жамандыққа баспасын!
Босағаң берік болсын,
Қосағың жерік болсын.
Көңілің ашық болсын,
Өмірің нәсіп болсын!
Әумин, – деп қолың жай,
Мен бір бата берейін.
Бергенде бата не дейін:
Әуелі Кұдай оңдасын,
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Берекелі бақ қонып,
Бірдей өссін мал-басың.
Несібең артып күн сайын,
Өзегің ешбір талмасын.
Жаратқан жаббар жар болып,
Пендеге күнің салмасын!
Жаратушы кұдірет,
Жарылқаудың қамын ет,
Қайырлы ғүмыр кешуді,
Ұрпақтарға нәсіп ет.
Қосылған осы жастарды,
Зылиқа мен Жүсіптей,
Бір-біріне ғашық ет.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Назарыңды салып өт.
Тар жол, тайғақ кешуде,
Жәрдемдесіп алып өт.
Бақыт, дәулет, перзентте
Еш болмасын қасірет
Ықыласпен тілек тілеген
Тілекті, Алла, қабыл ет,
Әумин!


Алтын тойға арналған бата
Көші-қон батасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу