Әскерге баратын жастарға арналған бата

Oinet.kz 06-10-2020 1274


Оң болсын, балам, сапарың,
Молықсын дәмің, татарың.
Туған елің тапсырған,
Парызын өте Отанның.
Барып келіп жатыр ғой.
Өзіңдей жастар – қатарың.
Халықтың сүйген тірегің,
Сом темірдей білекті,
Арыстандай жүректі,
Анаңның сүтін ақтай біл.
Ақ батаны берейік,
Бере гөр деп тілекті!
Әумин.


Құрбан айт, Ораза айт, Рамазан айына арналған бата
Ағайынға арналған бата
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу