Орта жүздің шежіресі. Арғын руы

Oinet.kz 06-10-2020 12061


Орта жүздің Арғын тайпасы ірі-ірі екі рулық бірлестіктен: Мейрам және Момын бірлестіктерінен тұрады. Арғын тайпасының таңбасы көз :ұраны «Ақжол».
Жалпы, осы кітапта шежіре-кестелердің бір-бір нұсқасы, үлгісі ғана келтіріліп отыр. Сондықтан да шежіре-кестелерді ақиқат үлгі деп қабылдамай, оларды көп үлгінің бірі ретінде салыстыру қажет.
Шәкерім Құдайбердіұлының халық аңыздары мен қазақ шежіресіне негізделген дастандарынан жоңғар шапқыпшылығы кезіндегі қазақ тайпаларының көшу жолдарын біршама аңғаруға болады.
Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы қайғылы хикаясын Ш. Құдайбердіұлы қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі жағдайында өрбітіп, халықтың жадында қалған адамдардың есімдерін атайды. Дастанға сәйкес, 1722 жылы қазақтар жоңғар шапқыншылығы салдарынан көшіп барып, Сырдария бойын мекен еткен. Арғындардың ел ағасы сол кезде 95 жастағы Әнет баба болған. Дастан авторының жетінші атасы Әнет бабаның інісі Әйтек еді, таксономиялық жіктерді айқындау мен ұрпақтар аралығындағы уақыт шамасын анықтау кезінде бұл да маңызды: Шәкерім 1858 жылы туған, ал оның жетінші атасы (Әйтек) Әнет бабаның замандасы. Демек, бір ұрпаққа 2530 жылдан келеді. Бұлайша «жыл есептеу» шежірелерді тарихи деректеме ретінде пайдаланған кезде қажет, өйткені патронимия, рулардың бөлшектенуі, жаңа рулардың пайда болуы мәселелерін т. б. сол бойынша анықтауға болады.
Дастанда бүкіл Тобықты руын қалмақтарды жеңуге байланысты тойға шақырған Сәмеке хан да аталады. Сырдария бойында тобықтылардан басқа Арғын тайпасының Қанжығалы, Бәсентиін, Атығай, Қарауыл рулары мекендеген (қараңыз: 2-кесте).
Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында да қазақ руларының ауа көшуі мен олардың жоңғарларға қарсы күресі тіптен көбірек айтылады.
Дастанға сәйкес, «Ақтабан-шұбырынды…» аталған 1723 жылғы қалмақтардың ойраны себепті Шақшақ руынан шыққан Жәнібек батыр бастаған арғындар Сырдария жағасынан кетіп, Шу өзенінің жағасына, Саумалкөл төңірегіне қоныстанды және одан әрі Орталық Қазақстанда Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің аңғарларына, шығысында Қарқаралы тауларына, батысында Ұлытау маңы мен Шалқар көлінің төңірегіне қоныс тепті.
Арғын тайпасының ірі атасы момындарға енетін Атығай, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты және Бәсентиін рулары өз қыстауларын Қазақстанның солтүстігіндегі Ор, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің жағаларын бойлай орналастырып, жаз кезінде Мұғалжар тауларындағы жайылымға шығып жүрген.
Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтары Жайық озені аймағына көшіп барып, 1731 жылы Ресей бодандығын алды.
Дастанда баяндағанындай, мұны естіп, орыстардан қорыққан момындар Мұғалжардан кетіп, Ырғыз бен Торғай өзендерінің бойына барып қоныс тепкен.
Сол кезде Әбілмәмбет хан қалмақтарды талқандап, басқыншылардан көп малды тартып алады.
Орта жүз ханы Сәмеке мен Абылай сұлтан да барлық жүздің көп қазақтарын жинап, қалмақтарды талқандап, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы Тарбағатай тауларына жетті, қалмақтарға қарсы күреске найман тайпасының Қаракерей, Матай руы белсене қатысты (қараңыз: 3-кесте).
Жеңіліс тапқан қалмақтар Нұржайсап және Шәуешек деген жерлер арқылы қашып, қазақтар ата қонысы Арқа даласын қайта иеленді.
Шыңғыстау төңірегі қалмақтардан азат етілгенін матайлардан білген соң Жеті Момын бірлестігіне енетін рулардың бір бөлігі (Атығай, Қарауыл және Бәсентиін қараңыз: 2-кесте) осы таулардың төңірегіне келіп, қоныс тепті.
Жеті Момын бірлестігі руларының бір тобы да Қанжығалы руынан шыққан Кеңгірбай және Қараменде (қараңыз: 2-кесте) билердің айтқанына көніп, Шыңғыстау жағына бет алды. Қанжығалылар Шыңғыстауға Матай руының орнығып алғанын естіп, жарты жолда Шу өзенінің бойына қоныстанып қалды да, Тобықты руы одан әрі жүре отырып, аңсаған тауларына 1780 жылы әзер жетті.
Сонымен, Шәкерім Құдайбердіұлының қазақ шежіресіне негізделген мәліметтеріне сәйкес, Арғын тайпалары руларының Сырдария бойынан Мұғалжарға, Орталық Қазақстан даласына, одан әрі шығысқа қарай Шыңғыстау мен Тарбағатай сілемдеріне дейін көшіп барғанын көруге болады.
XVIII ғасырдағы архив құжаттарының көпшілігінде Орта жүз қазақтары қоныстанған жекелеген аймақтар ғана көрсетіледі, ал егер тайпалар мен рулардың жері туралы айтылар болса, ол жерлер сұлтандардың, батырлардың, билердің есімдерімен байланыстырылады.
Мысалы, генерал-майор А. И. Тевкелев пен алқа кеңесшісі П. Рычковтың хабарында (1758) былай делінген: «Сол Орта орданың адамдар саны осындағы, яғни Кіші ордаға қарағанда әлдеқайда көп әрі байырақ, олар Үй және Сібір шебінен Түркістанмен шектесе отырып, Жоңғар иеліктерінің өзіне тақау көшіп жүреді».
Қазақ қоғамы мен Орта жүздің феодалдық бытыраңқылығы жайында жоғарыда айтылды. Тіпті, Ұлы жүз ханы Әбілмәмбет билігінің өзі де нақты болмады, ол кейінгі ортағасырлық дәуірдің көрінеу белгісі сияқты, символдық тұрғыда ғапа билік етті. Сөйтіп, оның билігі өзімен бірге кошіп жүретін қазақ руларына ғана тарады. Деректерде кезінде Әбілмәмбет ханды Сәмеке ханның ұлы Есім хан Түркістаннан қуып жібергені беделі зор Қазыбек бидің айтуымен ғана 1762 жылы Түркістанға қайтарылып, Есім ханмен Түркістан билігін бөліскені айтылады. Қазақстанның феодалдық зор бытыраңқылықта болғанын осының өзі-ақ көрсетсе керек.
XVIII ғасырдың екінші жартысында, жоңғарларды қазақ иеліктерінен біржола қуып шығу кезеңінде Абылай сұлтанның беделі зор болды, бірақ оның өзі де «Қырғызқайсақтардың Орта ордасында бір ғана Атығай руын иеленін, өзге руларды басқа сұлтандар мен ақсақалдар басқарған» еді.
Егер жоғарыда аталған феодалдар қарамағындағы қазақ руларының орналасқан жерлері жайында айтар болсақ, Әбілмәмбет Алтай-арғын (қараңыз: 2-кесте) руымен бірге Елек өзенінің бас жағында көшіп жүрген де, қыстыгүні Түркістанда қазақ хандарының қонысында орын тепкен.
Сібір губернаторының міндетін атқарушы генерал-майор фон Фрауендорфтың Сыртқы істер алқасына берген ранортында (1763 жылғы 11-наурыз): Сібір шебіне жақын жерде көшіп жүрген Орта жүз «ұлыстары санының көп» екені айтылады, «біздің Жоғарғы Ертіс бекіністеріміз маңында Абылай сұлтанның Атығай ұлысы, Қазыбек би старшынның Қаракесек ұлысы (Ямышев бекінісі маңында), Әбілпейіз сұлтанның Алтай-Қарпық-арғын ұлысы, Тәуке сұлтанның (Сәмеке ханның ұлы) Төртұл ұлысы, Сұлтанмәмет сұлтанның Қыпшақ ұлысы (Железинка бекінісі маңында) көшіп жүр, Қазыбек би қартайғаны себепті өз ұлысын ұлдары Бекболат пен Сырымбетке (Сырымбетейге) беріп, өзі Қаракесек ұлысының бір бөлігімен бірге Ерейментауға жақын Есіл өзенінің бас жағындағы Далба тауын қыстайды.
Қазыбек би бастаған Қаракесек руы Орталық Қазақстан мен Ертіс өңіріне Орта Азиядан, Самарқанд жағынан келген, ол жақта А. И. Тевкелев пен арғындардың Шақшақ руынан шыққан Бөгенбай батырдың хабарларына қарағанда (1748), қаракесектердің 4000 шаңырағы көшіп жүрген.
Жалпы алғанда, қайсыбір ру немесе тайпа жайында айтар болсақ, олар түгелдей бір адамның иелігінде болмаған, қайта белгілі бір сұлтанмен, батырмен, бимен бірге бөлек-бөлек көшіп жүрген. Қаракесек руы да сондай: Оның бір бөлігі Қазыбек бимен, басқалары Барақ сұлтанмен т. б. бірге жүрген еді. Атығай руының да бір бөлігі Абылай сұлтанмен бірге ілесіп жүрсе, басқа бір бөлігі Құмары батырмен және т. б. бірге болған.
Сонымен қатар белгілі бір адамның қарамағына әр түрлі рулар, тіпті тайпалар кірген. Мысалы, Әбілқайыр ханды өлтіргеннен кейін (1748) Барақ сұлтан Найман, Қаракесек және Қоңырат тайпаларының (жалпы жауынгерлер санының өзі ғана 4000 адам болған) кейбір руларын бастан оңтүстікке кеткен. Солармен бірге Барақ сұлтан Сырдарияға құятын Жиделі өзенінің сағасында қарақалпақтарды бағындырған.
Жәнібек тарханның Орынбор губернаторы И. Неплюевке жіберген хабарында (1749 жылғы шілде): «Барақ сұлтан өзіне берілгендермен бірге Ташкент пен Түркістан арасында, Ұлы орданың қырғыз-қайсақтары ұлыстарында жүргені» айтылады…
Иканның, Ташкенттің, Отырардың, Оғызтау мен Созақтың «диқаншы адамдары» («сарттарының»құжатта осылай делінген М. М.) Барақ сұлтанның билігін мойындағаны, оның (сұлтанның) «оларды нағыз ханы сияқты билеп-төстейтіні», ол қашып кеткенге дейін Сарысу бойында бірге көшіп жүрген Қаракесек ұлысы да енді оған көшіп барып, Шу өзені бойына қоныстанғысы және қоңыраттармен қоса Барақ сұлтанды Әбілқайыр хан әулетінің кек алуынан қорғағысы келетіні, Барақ сұлтанның күші мен ықпалы зор болғанын анық көрсетеді.
Бұл мысал XVIII ғасырда болған көшіп-қону процестерін байқатады: Барақ сұлтан бастаған Қаракесек руының бір бөлігі, сондай-ақ Найман, Қоңырат тайпаларының кейбір рулары Сырдария өзенінің төменгі сағасына кетеді. Содан соң Сарысуда қалған қаракесектер де қозғалып, Шу өзеніне қарай жылжиды.
XVIII ғасырдың аяғында қазақ тайпаларының орналасуы туралы бірқатар қызықты материалдар бар. Орынбор генерал-губернаторы Г. Волконскийдің «Әдетте Ұлы, Орта және Кіші жүздерге бөлінетін қырғыз-қайсақтар туралы» мәліметтеріде үш жүздегі қазақ тайпаларының әулеттер, аталар (мұны рулар деп түсінген жөн) саны, көшіп жүретін жерлері жайында көптеген құнды деректер кездеседі. Онда арғындар туралы мәселен былай делінген: Ең басты арғын руының бес атасында 30 000-ға дейін отбасы бар. Олардың қысқы қоныстары Баян-Авла (Баянауыл-М. М.), Қызылтау, Далба, Укитаказлық, Шыңғыс, Шағай тауларында, Торғай өзенінің; бас жағында және Алытав (Алатау М. М.) таулары маңында. Жазда Иреймен тауының (Ерейментаудың М. М.) маңын және Нұра мен Жалдысу өзендерінің бойын жайлайды.
Тарақты руының екі атасында 4000-ға дейін отбасы бар. Жазғы жайлаулары Есіл өзенінің бас жағында және Сарысу өзенінің бойында. Қыста Үшқоңыр құмы мен Шу өзенінің бойын қыстайды…
Арғын руының екі атасында 9000-ға дейін отбасы бар. Қысы-жазы Ертіс бойында көшіп жүреді…
Екі атадағы арғындар 11 000 түтінге жетеді… Жазғы және қысқы қоныстары Есіл өзенінің бойында, Көкшетау мен Мұқатауда және Үшқұндақ, Үш Барлық, Қылшықты алаптарында. Бұл арғындар Орта жуз ханы Уәли ханға бағынған.
Қанжығалы руының арғындары 2000 түтінге жетеді… Есілге құятын шағын өзендер мен Бішкентай алқабында көшіп жүреді.
Сарыжетім (Тоқал-арғын бірлестігі жоғары Шектінің Сары жетім атасы М. М.) руының он екі атасында 8000-дай түтін бар. Олардың жазғы жайлауы Торғай, Тобыл өзендерінің және соларға дала жағынан келіп құятын өзендердің бойында. Қыстыгүні Обаған озенінің бойындағы Құрқық алқабын қыстайды.
Бес атадан тұратын Шақшақ руының арғындары 6000 түтінге жетеді. Олардың жазғы жайлауы Тобыл өзенінен жоғарырақтағы Айт өзенінің бойында. Қыстыгүні Торғай даласын, Сары-Бұтан өзенінің бойынан оның Улкмаян (Ұлқоян М. М.) өзеніне құятын жеріне дейін… Қызылкөл мен Қоржын, Төбекөл көлдері маңында, Тұрсын құмындағы Бескөл маңында қыстайды.
Г. Волконский Тобықты руы арғындарының (2000 түтін) Бұхара жерінде көшіп жүргенін көрсетеді.
«Капитан Андреевтің 1790 жылы түрлі мәліметтерден жинаған Орта орда қырғыз-қайсақтарының шығу тегі туралы суреттемесінен» генерал-майор Клоттың жасаған жазбаларында Қазақстанның солтүстігінде Ертіс бойындағы Сібір шебі мен Горькая шебі маңында көшіп жүрген қазақ руларының орналасуы көрсетіледі. Капитан Андреевтің мәліметтерінде жер және ру атаулары біраз шатастырылған, оны тілге байланысты түсіндіруге болады. Мысалы, Қорғалжын көлінің, Ерейментаудың, Ұлқоян өзенінің, Атығай, Тобықты, Шаншар, Құдайберді руларының атаулары қате көрсетілген. Ал оның мәліметтерінің құндылығы мынада: рулардың орналасуы (автордың айтуынша болыстар) ғана емес, сонымен қатар рулық аталар (автордың айтуынша ұрпақтар) да көрсетіледі, мұның өзі таксономиялық жіктерді анықтау және әр түрлі деректемелерде айтылып жүрген сол ұрпақтарды орналасқан жерлеріне байланыстыру кезінде өте маңызды.
Ертістің төменгі бойындағы Семей бекінісінен басталатын арғындар туралы мынадай мәліметтер бар (Омбы Мемлекеттік Тарихи архиві, 1264-қор, 1-тізім, 316-іс):
Бәсентиіннің 7-болысы. Күшік, Айтай, Андас, Апай, Бөрі, Сары, Шырақ, Ұзын буындарына бөлінеді. Олардың бір бөлігі Долонский форпосты маңында, басқа бір бөлігі Ертістен 200 шақырым жерде, Қыржан тау-тастары жанындағы Черемухов станицасының маңайында көшіп жүреді және бұл болыстың қонысы Ертіс өзенінің бойымен Ямышев бекінісіне дейін созылып жатады.
9- Қаракесек болысы (қаракесек руы М. М.) Шаншар, Майлытамас, Шор, Бұланбай, Сарым, Айтекем, Алтыбет, Шұбыртпалы және Сіргелі ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Грачевский станицасынан 90 шақырым жердегі Мұржыс тауы, Дегелең, Сарықұлжа, Қоңырқұлжа, Кең Қазылық, Қарқаралы Қазылық, Қазылық, Бақты Қазылық, Қуқазылық, Грачевский станицасынан 40 шақырым жерде жатқан Қосқұдық пен Жолан алқабында.
10- Алтай болысы (Қуандық руының атасы М. М.) Кәреке, Мойын, Қағыс, Қалқа, Сарыбағыс ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Сарысу және Крекыстау өзендерінің бас жағында.
11- Төртұл болысы (төртұл руы – М. М.) Қаржас, Құлболды және Жадыр ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Ертіс өзені бойы мен Баянауыл тауларында.
Ямышев бекінісінен Железинка бекінісіне дейін:
Түрлі ұрпақтардан тұратын 1-Тарақты болысы (тарақты руы М. М.) Әлі және Құл бөліктеріне бөлінеді. Қоныстары тура Семияр форпостысы маңында, Югюр жотасы алқабында, одан бұлақтар ағып шығып, көлге құяды.
3- Атығай болысы (атығай руы) Әжіғұл, Бараншы және Құдияр ұрпақтарына бөлінеді. Чернорецк форпосты жанында көшіп жүреді.
4- Қанжығалы болысының (Қанжығалы руы М. М.) қонысы тура Чернояр станицасы маңындағы Ертіс өзенінің бойында.
Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін және соңғысынан Тобыл шебін бойлай Арғын (Атыгай), Керей, Қыпшақ тайпаларының рулары аралас көшіп жүреді. Петропавл бекінісінен Преснегорьков бекінісіне дейін:
1. Атығай болысы Құдайберді, Бәйімбет, Майлы, Балта, Қойлытағай және Баба-Асан ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Есіл өзенін бойлай Жаңғызтау маңайында, Нұра, Есіл өзендерінің бас жағында, сондай-ақ Қорғалжын көлі маңында.
2- Қарауыл болысы (Қарауыл руы М. М.) Қалды, Ноғай, Батпан, Жаулыбай, Орақ, Құтымбет, Жадар, Ақшілік, Шашбақ, Атығай-Қарауыл, Тағытшы және Қимақ Тұрым ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Есіл, Нұра өзендерінің бойында Атығай болысымен шектесіп жатыр және Көкшетау маңайы мен Шұбар жазығында, сондай-ақ Қылшықты және Көмішайт өзендерінің бойында, Имантау мен Бұлайманаңыртау маңайында.
3- Шақшақ болысы (Шақшақ руы) Сарыжетім, Қырықмылтық, Андарқи, Алабұқа ұрпақтарына бөлінеді. Олар Ерейментауды мекендейді; ал кейде Торғай және Үшқияқ өзендеріне шығады.
5-Қарауыл болысы Сарыжетім, Қырықмылтық, Андарқи, Қараман, Төлек ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары тура Алабұға өзенінің бойы мен Ерейментауда, ал кейде Торғай, Үшқияқ өзендеріне шығады.
Орынбор шебімен шектесіп жатқан Преснегорьков дистанциясы маңында бір Сарыжетім руы жүреді. Жаз кезінде Торғай өзенінің бас жағын мекендейді, ал қыста Тобыл өзені мен Алабұға өзенінің бас жағын қыстайды.
Арғын тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қоныстанды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Есіл, Құнанөтпес, Терісаққан, Қума өзендерінің аңғары, Қорғалжын, Теңіз көлдерінің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларының бойы; ІІІығыс Қазақстанда Шыңғыстау, Шұбартау даласы, Тоқырау, Бақанас өзендерінің бойы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу. Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасор, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі, Баянауыл маңы мен Ертіс бойы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бойы.
Арғындар Кіші жүз жерінде де мекен еткен, ол жерлер: Қарақамыс, Шошқалы, Сарыкөл, Қойбағар көлдерінің төңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңындағы алқаптар, Торғайға құятын Үлкентамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің бас жағы және Сарыкөл төңірегі.
Жалпы алғанда, Арғын тайпасының қоныстанған жерлері осы. Рулардың орналасуы туралы деректерді архив құжаттарынан, әсіресе сыртқы округтер бойынша мәліметтер келтірілетін құжаттардан аламыз. Оларда мейлінше толық көріністер беріледі.
Арғын тайпасы руларының орналасуын Шығыс Қазақстаннан бастап, содан әрі жылжимыз.
Топонимика елеулі өзгерістерге ұшырағанын көруге болады. Кейде қазіргі карталардан рулардың XIX ғасыр мен XX ғасырлардағы орналасқан жерлерін анықтау қиын, өйткені өлкенің отарлануына байланысты төңкеріске дейінгі әр түрлі деректемелерде көрсетілген атаулардың орнына, кейін орысша атаулар берілген. Бұл мәліметтерді неғұрлым кейінгі мәліметтермен салыстыруға тырысамыз және оқырмандарға түсінікті болуы үшін тым болмағанда оқырмандар біле бермейтін жерлердің шамамен алынған географиялық координаттарын немесе орналасқан жерлерін белгілі пункттерге, өзендерге, көлдерге, тауларға т. б. байланыстыра көрсетеміз.
Жоңғарлар қуып шығарылғаннан кейін қазақ руларының шығыстағы қоныстарына қайтып оралуы үш бағытта: Орта Азия жағынан Шу өңірі арқылы Сарыарқа даласы, Түркістаннан Ерейментау және Оңтүстік Сібірден (Ертіс, Ом өзендерінен) Ертіс алқабы бағытында жүрді.
Аңыздарға қарағанда, Сарыарқа даласына (Есіл, Нұра, Түндік өзендері бойына) алғаш келгендердің бірі Қанжығалы руының қауымдары болған. Осы рудың билері Абыз бен Шомақ бос қоныстарға өз тайпаластарын шақыра бастайды.
Жоңғар шапқыншылығы жылдарында көшіп кеткен Қаракесек руы Ташкент маңында тұрып, олардың биі Бертіс (қараңыз: 2кесте Бошаннан тарағап төртінші ұрпақ М. М.) осы қалада белгілі бір қызмет атқарған.
Қанжығалылардың ұсыныс жасауы уақыт жағынан Бертіс бидің шөбересі Қазыбек бидің (қараңыз: 2кесте) заманына тұстас келеді. Қазыбек би көшіп бару мүмкіндігін білу үшін Қу және Едірей таулары төңірегін мекендеген Қанжығалы руының билеріне өз адамдарын жібереді. Өкілдері жақсы хабар әкелгеннен кейін Қазыбек би Қаракесек руының өзі билейтін Бошан атасымен және Қуандық руының Алтай атасымен (қараңыз: 2кесте) бірге көтеріле көшіп Сарыарқаға, қанжығалылардың қоныстарына беттейді.
Аңыздарда былай делінеді: Темеш (алтай) руынан Найман тайпасы 40 биені ұрлап, сойып алған. Наймандар ол етті ерулік дәстүрімен қонақасыға берген. Сосын жайылымды жаңадан көшіп келгендерге тастап, өздері көшіп кеткен.
Халық пен мал санының көбеюіне байланысты жердің таршылығы байқалып, қаракесектер қанжығалыларды Баянауыл тауына, ал Қуандық руының Алтай атасын Ақмола даласындағы Семізқыз тауына ығыстырған.
Қаракесек руының қауымдары Кейт, Боқты, Қу, Едірей, Абыралы таулары мен соларға шектес жерлерді қоныстанды.
XIX ғасырдың бас кезінде Ақмола даласынан және солтүстіктен (Ом өзенінен) Қарқаралы тауларына Тарақты руы көшіп келді. XIX ғасырдың 40 жылдарында күші мығым Қамбар руы тарақтыларды Көкшетаудан ығыстырып шығарды.
XIX ғасырдың 40 жылдарында Абылай ханның кенже ұлы Шама сұлтан Солтүстік Балқаш өңірінің шөл даласынан көшіп келген Дадан Тобықты руын Шыңғыстаудан қуып шықты. Осылайша көшіп келіп, бір руларды екіншілерінің ығыстырып шығаруы аз болмаған.
Сонымен, солтүстік ендіктің 50 градусы мен шығыс бойлығының 40 градусынан шығыс ендіктің 48 градусы және одан оңтүстікке қарай солтүстік Балқаш өңірінде арғындар көшіп жүрген және басқалардан гөрі олардың арасында Қаракесек руы өте көп болған.
Осы көшпенді қауымдар негізінде 1824 жылы Қарқаралы округі құрылды, ал кейініректе олардың қысқы және жазғы қоныстары құрылды, төменде ол жерлер келтіріліп те отыр.
Жоғарыда келтірілген болыстар бойынша ауылдар, шаңырақтар, халық саны туралы да мәліметтер бар.
4 және 5 кестелерді салыстыра отырып, XIX ғасырдың бірінші жартысында болған таксонимиялық жіктердің (туыстықтың басталуын), сондай-ақ бір облыстағы рулардың бөлшектенуін немесе әр түрлі рулардың бірігуін анықтауға болады.
XIX ғасырда болыстар ру атымен аталған және солар бойынша арғындардың рулық құрамындағы орнын анықтауға болады. Мысалы, Қарауыл, Шақшақ, Тобықты рулары арғындардың екінші тармағы Момындарға жатады (қараңыз: 2кесте).
Округтегі ең көп Қаракесек руы бірінші топқа Мейрамсопыға жатады. Бұл жерде де туыстық ру басынан емес, Қаракесектен тарайтын жаңа патрилиндждерден басталады: Көшім Қаракесектің үшінші ұрпағы Көшім атасының (қараңыз: 2кесте). Қамбар Қаракесектің асырап алған баласының; Байбөрі Қаракесек немересінің; Айбике және Нұрбике-Шаншар-Қаракесектің Шаншар әйелдері (Айбике мен Нұрбике) қосылғаны Қаракесектің төртінші ұрпағының; Қарсен Қарпық Қаракесектің төртінші ұрпағы болатын Қарсен атасы мен Қуандық руы Қарпық атасының; Әлтеке Сарым осы аттас аталарының Қояншы Тоғай Қаракесектен төртінші ұрпақ болатын Қояншы және Тоғай аталарының атымен аталады.
Сондай-ақ, арғын тайпасында дербес болыс құрған Тарақты руын да атап өткен жөн. Егер XIX ғасырдың 30 жылдарында болыстар (5кестені қараңыз), мысалы, Қарауыл, Әлтеке Сарым сияқты біртектес болса, 40 жылдарда болыстардың бөлшектенуі немесе түрлі рулардың бір болысқа бірігуі де біртектес болды.
Мысалы, Тобықты болысы, Дадан, Мәмбет, Күшік Тобықты (Дадан Тобықты, сондай-ақ Тобықтыдан тарайтын бесінші ұрпақ Мәмбет пен Күшік (қараңыз: 2кесте) болып бөлінген. Ал Қарауыл Қамбар болысы екі қарауыл қазақтарының бір болысқа біріккенін көрсетеді.
Алуан түрлі қауымдардың мұндай бірлестіктері жайылымдарды және жалпы алғанда өз мүдделерін бірлесіп қорғау қажеттігінен туды. Шынына келгенде, 30 жылдарда Қарауыл атасы 4 ауылдан, ал Қамбар атасы 10 ауылдан тұрған (қараңыз: 5кесте). Өстіп үлкен бір болысқа біріккенде ғана олар басқаларына қарсы тұра алатын еді.
Бірақ болыстардың бөлшектенуі бұдан әрі де жиі кездесті, оған жайылымдардың жеткіліксіздігі мен жаңа қоныстар іздестіру себеп болды. Мәселен, 30 жылдары Тобықты болысында басқалардың бәрінен де көп көрсеткіш 50 ауыл болған (қараңыз: 5кесте).
40жылдардың басында олар Мәмбет Тобықты, Күшік Тобықты болыстарына бөлінді (қараңыз: 4кесте).
1850 жылғы 18 қаңтарда Мәмбет Тобықты болысының старшындары мен билері Қарқаралы округтік приказына бұл болысты (16 старшындық; 1723 шаңырақ) екіге бөлуді, одан 8 старшындықты (825 шаңырақ) бөліп шығаруды өтіне келіп, олар былай деген: «…басқа 8 старшындық пен болыс басқармасынан мүлде басқа жақта әрі алыс қашықтықта (200 шақырымнан астам) болғандықтан, заңда көрсетілген міндеттерді атқаруда да, тығыз орналасқан қоныста малды азықтандыруда да қиыншылықтарға ұшырап келдік, қазір де ұшырап отырмыз».
Сібір қазақтары шекаралық басқармасының ұсынысы бойынша, бұл болыс кейін: Мәмбет Тобықты және Жүз Мәмбет Тобықты деген екі болысқа бөлінді. Одан бұрын, 1843 жылы Байбөрі болысы екіге бөлінген болатын.
Егер 30 жылдары 279 ауылдағы 16532 шаңырақта барлығы 115240 жан болса (қараңыз: 5кесте), 1841 жылғы деректер бойынша Қарқаралы округіндегі 136 ауылдағы 15022 шаңырақта 101 251 адам болған. Ауылдардың, шаңырақтардың, халықтың бұлайша кемуіне, сөз жоқ, кейбір ауылдардың солтүстікке (Баянауыл таулары мен Ертіс жағына) және батысқа (Ақмола даласына) көшіп кетуі себеп болған.
Облыстық басқару формасына көшкен кезде Қарқаралы арғындары дербес әкімшілік өлшем Қарқаралы уезі болып келген еді, ол уезд Шыңғыстаудың батыс сілемдерінен Мойынты өзені мен Ақадыр шептеріне дейін, Балқаш көлінен Баянауыл таулары аймағына дейіп созылып жататын.
1897 жылғы деректер бойынша, уезде барлығы 104569 қазақ болған. Онда 181 старшындық болып, олардағы шаруашылықтар саны 30 528ге жеткен. Алғашқы он жыл ішінде уезд халқы көбейіп, 38 616 шаруашылыққа жетті, олардың ішінде арғындар 32 515 шаруашылық еді. Қалған шаруашылықтар басқа тайпаларға жатады. (Олар жайында тиісті бөлімдерде айтылады).
Қазақстанда облыстық басқаруды енгізе отырып, орыс үкіметі жаңа әкімшілік өлшемдер енгізуге, оларға рулық атау бермей, топономикасын қоса өзгертіп, рулық негізді түптамырымен жоюға ұмтылды (мысалы, Тоқырауын Тоқырауын өзені, Шұбартау Шұбар таулары т. б.). Уезде барлығы 19 болыс болды. Мұндай саясат Ресейдің өзіндегі капитализм дамуына байланысты түбегейлі өзгерістерге сай келген еді. Жергілікті феодалдардың билігіне балта шабу арқылы патша өкіметі олардың қолынан экономикалық, саяси күштерді тартып алып, Қазақстанды жалпыресейлік қажеттерге байлап матады. Олар бұл арқылы ең бастысы Қазақстанды өзінің өнеркәсіп тауарлары үшін шикізат базасы мен рыногына айналдыруды мақсат етті.
Тарақты руы Шыңғыстаудың солтүстік батысындағы Босаға, Шаған өзендерінің бойын мекендеген. Оның 104 шаруашылығы Қу болысы болды. Бұл болыста сол рудың Жантоқа және Тоқтауыл деген екі атасы жайлады.
Уездің шығыс бөлігінде солармен қатар түрлі болыстарға бөлшектеліп кірген Қамбар руы тұрған. Айт және Олжас аталары (462 шаруашылық) Темірші, ал Толыбай, Шана, Сарман, Тілеу аталары (240 шаруашылық) Абыралы болысы болған.
Кейт тауларын Қарауыл руы мекендеген. Оның Байтуған, Құттықадам аталары (400 шаруашылық) Кент болысының құрамына енген.
Қуандық руы Нұра өзені мен соған құятын Шиелі өзенінің бойында, Батпаққара көлі төңірегінде көшіп жүрді. Бұл жерлерде Алтай тармағына кіретін және Ақсары болысын құрайтын Итболды, Байболды аталарының 250 шаруашылығы көшіп жүрген.
Балқаш көлінің сәл солтүстігінен бастап, даладағы Сарыбұлақ және Жәмші жылғаларына дейін, Мойынты өзенінің бойында Шұбыртпалы руының Көкала, Күйелі аталары мекен еткен. Бұл аталардың 500 шаруашылығы Мойынты болысының құрамына енген.
Қаракесек руынан кейінгі саны ең көп Тобықты руы Шыңғыстау мен оның төңірегіне, әсіресе Ащысу мен Шаған өзендерінің арасына, сонымеи қатар Ащысуға құятын Шынбай өзенінің бойына қоныстанды.
Аңыздарда Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс XVIII ғасырдың 80 жылдарының аяғында Көкшетаудан Шыңғыстауға Абылай ханның кіші ұлы Шама сұлтанды әкеліп, ол көп ұзамай жуантаяқ атасы қазақтарының билеушісі деп жарияланған делінеді (қараңыз: 2кесте). XIX ғасырдың 40 жылдарында Шама батыр Дадан атасын Солтүстік Балқаш өңірі мен Қотанбұлақ алқабына қуып жіберген. Көп кешікпей Шама батыр жоғарыда аталған алқапқа көшкен.
Шыңғыстауды жуантаяқ атасынан басқа Мұсабай, Көкше аталары (қараңыз: 2кесте) мекендеген.
Шыңғыстауды және оның солтүстігі мен шығысында жатқан кең даланы мекен еткен тобықтылар XIX ғасырдың екінші жартысында Семей облысының құрамына еніп, Шаған (10 ауыл, 1167 шаңырақ), Бөрлі (10 ауыл, 1451 шаңырақ), Шыңғыс (11 ауыл, 1155 шаңырақ), Мұқыр (2 ауыл, 1586 шаңырақ) болыстарымен қоса Қызылмола болысының бір бөлігін иеленген.
Семей облысындағы 2606 шаруашылықтан тобықтылардың үлесіне (Бесқарағай болысындағы азынаулақ Тарақты руын 8 ауыл, 1239 шаңырақты қосқанда) 11284 шаруашылық тиген, ал барлық арғындар 12525 шаруашылық болған.
Тобықты руынан қуып жіберіліп, Балқаш өңіріне кеткен Дадан атасы (қараңыз: 2кесте) Қарқаралы уезінің 1252 шаруашылығы бар Батыс Балқаш болысы болды.
Уезд жерінің қалған басым көпшілігі Қаракесек руының, оның Бошан, Майқы, Танас, Жылықбас, Сарым деген т. б. аталарының (қараңыз: 2кесте) қонысына айналды. Олар Тоқырауын, Қусақ, Ашаңбел, Мұқыр өзендерінің бойын, Қарқаралы, Кеш, Қу, Едірей, Қарпытай, Қызыларай, Қоңыр тауларын, осы өңірдегі көптеген алқаптарды мекендеді. Оларда 28036 шаруашылық болды.
Қазақстанның шығысындағы жайылымдарға қазақтардың Орталық Қазақстан даласынан Ерейментау арқылы және одан әрі шығысқа қарай Баянауыл тауы мен көлдеріне, Ертіс өңіріне қайтып оралғаны жоғарыда айтылды.
Баянауыл тауына бірінші болып Сүйіндік руы келген. Олардың келуі Сүйіндік руының көптеген тармақтарын бастап келген Айдаболдың немересі Олжабай батырдың есімімен байланыстырылады (қараңыз: 2кесте). Айдаболдың өзі Ташкент маңында өлген.
Олжабай батыр Абылай сұлтан әскерінде қызмет етіп, қалмақтарға қарсы күреске белсене қатысқан. 1730 жылы ол Айдабол руының жеті ұрпағымен Баянауыл төңірегінде қалмақтарды оңтүстікке қарай қуып, жері құйқалы, көлі тұнық, орманы киіздей Баянауыл тауы мен оның төңірегін өзіне қаратып алған. Айдаболдар өз иеліктерін одан әрі Далба, Қызылтау тауларына дейін кеңейткен.
Айдабол руының жазғы жайлауы Көкшетау округінің солтүстігінде, Айдабол руының белгілі биінің есімімен аталған Торайғыр көлі аймағында болған.
Жоғарыда айтылғанындай, қаракесектер Қарқаралы тауынан ығыстырып шығарған Қанжығалы руы Ерейментауға, бір бөлігі Ертіс өзенінің бойына, Песчаный поселкесінің тұсына көшіп барған.
Сол жылдары Қызылтау мен Далба тауына Сүйіндіктің асырап алған баласы Қаржастың ұрпақтары көшіп келген. Мұса Шормановтың (белгілі би, қоғам қайраткері әрі өлкетанушы) бабасы Саты Түркістаннан келіп, Қылтауға қоныс тепкен. Оның қыстаған жері Сатытас деп аталып кеткен. Жаздыгүні Саты өзінің Қаржас руымен, сондай-ақ Құлболды, Жанболды және Орманшы руларымен (халық арасында олар төртұл төрт туыстың ұрпағы деп аталып кеткен) бірге батысқа қарай алыстап, Итемген, Мамай көлдеріне кетіп қалған, ал ол көлдер сол жерлерде жерленген төртұл билерінің есімдерімен аталған.
Айдаболдың Қаржас тармағымен қоса бұл жерлерге Бегендік руының Қозған, Тәңірберді және Сарық аталары сөйтіп келіп, Қызылтауға ірге тепкен.
Осы жерге Жолболды руының Орманшы атасы көшіп келді, бірақ олар, арғындардың басқа аталары сияқты, Орталық Қазақстаннан емес, қайта Шу өзенінің оңтүстігінен келген еді.
Ертістің сол жағалауын Бәсентиін руының көптеген аталары мекендеді. Сәмек, Бәйімбет, Күшік аталары (қараңыз: 2кесте) Ертіс бойына 1800 жылы келген. Орыс үкіметі оларға Ямышев, Подстепной поселкелері арасындағы жерді берді. Бәсентиін руының қауымдары жаз кезінде алыстағы Обь өзеніне дейін емін-еркін көшіп барып, Алтай таулы округінің жерінде еркін жайлап жүрді. Бірақ Сібірді отарлаудың күшеюіне байланысты (ХІХ ғасырдың 70 жылдары) Бәсентиін руының қазақтары қайтадан сол жағалауға көше бастады (қараңыз: 2кесте).
Бәсентиін руының Апай атасы Павлодардың негізі қаланған жер маңында көшіп жүрген. Көлденең және Сатыбалды аталарының (қараңыз: 2кесте) қонысы төртұлдар келгенге дейін де Баянауыл тауларының шығыс беткейінде болатын. Төртұлдар келген соң, олар ығыстырылып шығарылып, өздерінің Апай атасындағы туыстарына көшіп барды.
1833 жылдың жазында жаңадан екі округ: Ямышев бекінісі тұсынан, Баянауыл және Омбы бекінісінің оңтүстік-батыс жағынан Үшбұлақ округі құрылды. Басқаларымен бірге бұл округтер де Арғын тайпасы рулары мен аталарының көшпенді қауымдарына қараған.
Егер Арғындардың рулық құрылымына назар аударатын болсақ, аталған болыстарға көбінесе өздері әр түрлі патрилиндждер мен таксономиялық жіктерден бастау алатын қауымдардың біріккенін көреміз. Мысалы, 15 болыстар сүйіндік руына, ал оларға енетін қауымдар әр алуан жіктер мен аталық жіктерге жатады. Айтар болсақ, бірінші болыс үш негізден таралған: Ақбура мен Тұлпар ағайынды, ал Қаржас оларға немере болады (қараңыз: 3кесте). 5 болысқа Қаржас ұрпақтарынан: оның (Қаржастың) ұлы Алтын (Алтынторы) мен немересі Сатылғаннан (қараңыз: 2кесте) тарайтын ұрпақтар жиналған. Мұндай нәрсе Сүйіндік руының басқа болыстарынан да байқалады. Бұған оқырман Арғын руының құрылымына назар аударып көз жеткізе алады.
Қозған болысы Бегендік руына жатады (қараңыз: 2кесте), ал қалған болыстардың қайсысына жататынын атауларынан аңғаруға болады.
Баянауыл округі құрамында 122 ауыл болып, оларда Арғын тайпасының әр түрлі руларына жататын 6955 шаңырақ бар деп есептелген. 1835 жылғы деректер бойынша, округте 65 465 адам болған.
Баянауыл округіне жатқызылған бірнеше болыс Томск губерниясында: 19 ауылдан тұратын (1001 шаңырақ) Сәмеке Бәсентиіп болысы Бийск округінде Подстепной станицасы мен Босаға алқабына жақын жерде, 4 ауылдан тұратын (60 шаңырақ) Күшік болысы (Күшік Қаракесектің төртінші ұрпағы (қараңыз: 2кесте) Барнаул округінде Қарағай және Ақсеңгір алқабында көшіп жүрген.
Сібір мекемелерінің бұратаналарды басқару туралы «Заңдар жинағының» 188 бабы негізінде бұл қазақтар ішікі шеп жерінен сыртқы округтер аймағына қуып жіберілуге тиіс болатын. Алайда сыртқы округтерде бос жайылымдардың болмауы себепті бұл шаруашылықтар Томск губерниясында уақытша қалдырылған еді.
Санкт-Петербургтегі М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының қолжазба бөлімінде (қосымша тізбе, № 64) Жеке Сібір корпусы Бас штабы жанында жасалған «Сібір бастықтарына қарасты Қырғыз даласының картасы» сақтаулы, онда қазақ рулары қоныстарының шамамен алынған жерлері көрсетілген.
Архив деректері мен әлгі картаның көрсетулеріне сәйкес, Үшбұлақ округінің шекарасы батысында Үшбұлақ мекені (Көкшетаудың оңтүстік-шығысында) ауданынан басталып, солтүстік-шығысында Ертіске дейін созылып жатқан; солтүстігінде Үлкен Қарой, Теке көлдерін, оңтүстігінде Сілеті Теңіз көлін қамтыған. Бұл аумақ Үшарал округі таратылғаннан кейін Көкшетау округінің оңтүстік бөлігіне айналды, бірақ біз барлық мәліметтерді бастапқы округ бойынша келтіреміз, өйткені Сібір ведомствосының архив істерінде ол жөніндегі мәліметтер тым аз.
1835 жылғы мәліметтер бойынша округте 54344 адам болған.
Сонымен, округ аумағын Арғын тайпасының қапжығалы жәтте қарауыл руларының аталары мекендеген. Олардың қоныстары көбінесе Ерейментаудан шығысқа қарай болған да, оның батыс жағына қарай көшкен (қараңыз: 2кесте). Әжібай тармағы Қанжығалы руының 8 атасын біріктірген. Жоңғарларға қарсы күресте ерекше көзге түскен Бөгенбай батыр Қанжығалы Бөгенбай деп те аталады (қараңыз: 2кесте, сегізінші ұрпақ).
Ішкі жақта, яғни Ертістің оң жағалауында тұрған қазақтарға да арнайы тоқтала кеткен жөн.
Бұл жерлер Семей ішкі округінің бір бөлігі болатын және әр түрлі ведомстволарға бағындырылған еді.
Жер пайдалану ережелеріне сәйкес, қазақтар Кабинеттік жерлерде барлығы 787 шаруашылыққа (39,4%) учаскелерді жалға алып, Белағаш даласы дейтін жерде; «еркін дала» аймағында 657 шаруашылық (33%); Сібір казак әскерінен жалдап алынған жерде 168 шаруашылық (8,4%) тұрды. 112 шаруашылық (6%) Семейде тұрақты мекен етіп, олардың Белағаш даласында егістігі болды. Округке есептелген 266 шаруашылық (13%) округ шегінен тыс жерлерде көшіп жүрді.
Белағаш даласы дегеніміз Семейден солтүстікке қарай жатқан кеңбайтақ жер, ал «еркін дала» Жалқарағай, яғни Шульба тоғайы.
XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай бос жатқан жер еді, оған қазақтар қыстыгүні сол жағалаудан өздерінің табындарын айдап апаратын. Бұл жерге бірінші болып Уақ тайпасының қауымдары көшіп барды да, Семей округін ұйымдастырған кезде болыстың аты солардың атымен (Байуақ) аталды. Мұнда біртіндеп түрлі тайпалардың басқа рулары да көшіп келе бастады, сөйтіп көп ұзамай Белағаш және «еркін дала» бір Белағаш болысына айналды.
Бұл болыстың 1444 шаруашылығынан Тобықты руының қауымдары 551 шаруашылық (38,2%), Қаракесек 170 шаруашылық (11,79%), Тарақты 79 шаруашылық (5,49%) болды, ал бүкіл Арғын тайпасының шаруашылықтар саны 700 еді (55,59%).
XIX ғасырдың екінші жартысында Баянауыл және Үшбұлақ сыртқы округтерінің, Семей ішкі округінің қазақтары Семей облысындағы Семей және Павлодар уездерінің құрамына енді (1868-1881 жж. реформалар).
Семей уезіндегі 26 062 шаруашылықтан арғындардікі 12 525 шаруашылық болды. Саны ең көп Тобықты руы еді, олар уездің оңтүстік-батыс бөлігін Шыңғыстау жазығын мекендеді. Тарақты руының көпшілігі солтүстік жағында, Черный поселкесі ауданында көшіп жүрді.
1893 жылғы санаққа қарағанда Павлодар уезінде 21 877 шаруашылықты біріктірген 144 старшын болған.
XX ғасырдың бас кезінде уездегі шаруашылықтар саны 13,5 мыңнан астам шаруашылыққа көбейді. Мұншама көп шаруашылық қайдан келген және оны туғызған не? 1891 жылы дала облыстарын басқару туралы заң енгізілгеннен кейін орыс әкімшілігі қазақ шаруашылықтарының әр облыс, уезге қарайтынын түпкілікті анықтауды талап етті. Павлодар уезі Томск және Тобыл губернияларымен шектесіп жатты да, оның көптеген шаруашылықтары осы губерниялардың жерлерінде, әсіресе Құлынды даласында көшіп жүретін, ал Құлынды даласында көшіп жүруге Министрлер Кабинетіттің 1880 жылғы 22 қарашада бекіткен ережесіне сәйкес рұқсат етілген еді. Тегінде, Павлодар уезінде шаруашылықтардың бұлайша күрт көбеюін халықтың табиғи өсуімен ғана емес, сонымен қатар бұрын Томск және Тобыл губернияларының жерлерінде көшіп жүрген қазақ шаруашылықтарының далаға қайта қуылып тығылуымен де түсіндіруге болады.
Уезде Орта жүз қазақтарының 35 396 шаруашылығы көшіп жүрген, олардың ішінде арғындардікі 27327 шаруашылық.
Аумақтың негізгі бөлігін Суйіндік руының Қаржас, Құлболды, Орманшы, Жанболды аталары алып жатты. Осы аталар «төртұл» деген бір этнонимге бірікті (қараңыз: 2кесте).
Құлболды мен Айдабол аталары Баянауыл, Далба, Қызылтау тауларын қыстап, жаздыгүні Есіл даласындағы Торыайгыр көліне қарай солтүстік-шығысқа қашықтап кетіп отырған.
Бәсентиін руы (Сәмек, Бәйімбет, Күшік, Анай, Көлденең, Сатыпалды аталары (қараңыз: 2кесте) Ертістің сол жағалауында Ямышев бекінісінің тұсынан Песчаный поселкесіне дейін көшіп жүрген.
Қанжығалы руы (Әжібай тобы) Жасанақ көліне құятын Шідерті өзенінің бас жағын, Жалаулы, Шолақ көлдерінің маңын мекендеген.
Бегендік руының қауымдары Ертістің оң жағалауында Белағаш даласының солтүстік бөлігінде көшіп жүрген.
Арғындардың Шығыс Қазақстандағы орналасуын қарастыра келгенде, олардың батысқа арғындар ұйыса мекендеген Орталық және Солтүстік Қазақстан даласына ойысқанын көреміз: оңтүстігінде солтүстік-батыс Балқаш өңірін бойлай Сарысу, Сарыкеңгір және Қаракеңгір өзендерінің бас жағымен, одан әрі солтүстікке қарай оңтүстік сібір жағына дейін жетеді. Осы кең өңірде барлық Орта жүз тайпаларының көптеген рулары мекен еткен, бірақ көбінесе арғындар басым болып отырган.
Су көздері мен жайылымдары мол осы аймақты да кезінде жоңғар басқыншылары басып алып, қазақтар оларды кейін қуып шыққан.
XIX ғасырдың аяғында жазылған аңыздар бойынша, арғындардың ірі атасының негізін салушы XVI ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Мейрам Ертістен Есілге, одан әрі Сарысуға дейін, яғни осы аймақтар шегінде көшіп жүрген.
Бұл жерлерге жоңғарлар XVII ғасырдың 20 жылдарында келді де, қазақтар негізінен батысқа және Сырдария бойына, ал кейбіреулері Нұра өзенінің орта ағысына ауа көшкен. XVII ғасырдың екінші жартысында Нұра орта ағысы мен бас жағында Қуандық, Қарпық, ал Ерейментау даласында Қанжығалы рулары көшіп жүрді.
Қазақтардың жаппай көшіп келуі жоңғарлар қуып шығарылғаннан кейін басталды. Қанжығалылар Ерейментауға, одан әрі Ертіске және Ом өзеніне қарай қоныс аударды. Қарауыл, Атығай рулары Зеренді, Жалтыркөл, Саумалкөл т. б. көлдер айналасына, Мезгіл ормандарына, Көкшетауға, Есіл даласының солтүстік аудандарына көшіп барды. Бірақ негізгі көшіп қоныстанушылар Қуандық руының шаруашылықтары болды. Олар Есіл өзенінің орта ағысында Нұраның төменгі ағысын бойлай жатқан көлдер төңірегінде, Нұраның орта және жоғарғы ағысы бойында, Құланөтпес өзені аңғарында, Қосағаш, Наршөккен, Семізқыз, Бұғылы, Сарытау, Нілді, Жамантоғалы, Ортау тауларында орын тепті.
Терісаққан өзенінің Есіл өзеніне құяр жеріне дейінгі далаға Қуандық руының қауымдарымен шектесіп, Сүйіндік руы қоныстанды.
Осы кең далада көшіп жүрген Орта жүз руларының қазақтары негізінде, жоғарыда айтылғанындай, үш округ: Ақмола, Көкшетау, Құсмұрын және кейіннері Атбасар округтері құрылды. Солардың алғашқысында басқалардан гөрі арғындар мейлінше көп болды.
Ақмола округтік приказының деректері бойынша, Ақмола қонысының төңірегінде біржола орныққан, мал шаруашылығымен бірге диқаншылықпен де айналысатын 3 ауыл (215 шаңырақ) болған.
Жоғарыда келтірілген кестеде болыстардың атаулары рубасылардың есімдерімен емес, қайта олардан тараған патронимиялар және таксономиялық жіктер арқылы берілген. Мұның өзі рулардың өсіп-өніп, бөлініп, жаңа эконимдер мен патрилинидждер пайда болатынын, уақыт өте келе жаңа рулардың, өзінің рулық тегін жаңадан есептей бастаудың пайда болуына әкеп соғатынын көрсетеді.
Енем Түнғатар болысына бір кезде Қарауыл, ал XIX ғасырда тек оның немересі Түнғатар рубасы болған (қараңыз: 2кесте) қауымдар бірікті. Бұл болыс атауының бірінші бөлігінің (Енем) тегі рудың неғұрлым ұсақ атасы немесе болыстың, ауыл ақсақалының аты болса керек.
№ 2, 3, 6, 9 болыстар Алтайдан (Қуандықтың ұлы) басталады. Осы болыстарға енген қауымдардың негізіне әр түрлі эконимдер: Қареке, Мойын, Алысай, Байдалы (қараңыз: 2кесте) алынған.
№ 4, 5 болыстар да Қуандықтан (екінші баласының немересінен (Қарпық Тінәлі; қараңыз: 2кесте), ал № 8 ші болыс үшінші баласының немересінен (Өмір Темеш; қараңыз: 2кесте) тараған.
Соңғы Қырғыз Төртұл болысына әр түрлі этнос біріккен. Бұл жөнінде сәл таратып айтқан жөн.
Көшпенді қырғыз қауымдары Ақмола даласына сонау жоңғарларды қуып шыққан кезде келген еді. Кейіннен оларға Көкшетау төңірегінен келген қырғыздар қосылды. Соңғылары, тегінде, Кенесары сұлтанның Қырғызстанға жорығы кезінде соның жағында соғысқан қырғыздар болса керек. Кенесары жеңіліске ұшырағаннан кейін бұл қырғыздар қазақтармен бірге кеткен де, оларға Балуан көлі мен Сасықкөл маңынан жер берілген.
Уезд атауының екінші бөлігіне келетін болсақ, аңыздарға қарағанда, Төртұл ру басы Сүйіндіктің төртінші ұрпағы болған Малай мен Жәдігердің (қараңыз: 2кесте) ұрпақтарын біріктірген. 1837 жылғы статистикалық деректер бойынша Ақмола сыртқы округінде 67091 адам болған.
Солтүстік ендіктің 52 градусынан Қазақстанның солтүстік шекараларына дейін орналасқан қазақ қауымдары (Сібір казак әскерлерінің Петропавл бекінісінен Пресногорьков бекінісіне дейінгі жерін қоспағанда) Көкшетау сыртқы округіне біріктірілді. Осы кең байтақ аумақта Орта жүздің басқа тайпаларымен шектес тұрған Қарауыл, Атығай, Қанжығалы рулары мекендеген. Мұнда тек арғындарға ғана тоқталайық.
Көкшетау округіндегі 13 810 шаңырақтан (09 050 адам) арғындардың үлесіне 5370 шаңырақ тиген, оларда, өз есептеуіміз бойынша, 26 850 адам болған.
XIX ғасырдың 40 жылдарына қарай, яғни Көкшетау округі құрылған уақыттан 16 жыл өткеннен кейін шаңырақтар мен болыстар саны көбейген, ал төменде келтіріліп отырған кестеден бұған көз жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге арғындардың көшіп жүрген жерлерін де білуге болады.
1824 жылғы ведомоста бар Қанжығалы болысының көрсетілмегеніне қарамастан, 16 жыл ішінде шаңырақ саны 3313 шаңыраққа артқан. Тегінде, ол болыс руластары Ерейментауда көшіп жүретін Баянауыл округіне берілсе керек.
Көкшетау арғындарының тоғыз болысының алтауы Атығай руы да, үшеуі Қарауыл руы. 1824 жылмен салыстырғанда, 1840 жылға қарай табиғи өсімнің және басқа жерлерден туыстарының көшіп келіп қосылуына байланысты болыстар ұсақ бөлшектерге бөлінген.
Көкшетау округі қазақтарында да жаңа патрилиндждердің құрылып, жаңа туыстық (таксономиялық жік) басталғанын көруге болады. Атығай руының өкілдері мынадай болыстарда бар, 1 болысқа ағайынды екі адамның ұрпақтары Майлы мен Балта біріккен, олар Атығайдан тарайтын төртінші ұрпаққа жатады (қараңыз: 2кесте). Төмендегі халық аңызына қарағанда, Майлы деген лақап ат. Бір ашаршылық жылы бір топ қазақ көршілерінен 90 түйені ұрлап сойып алады да, сонымен тіршілік етеді. Көршілері бұған кешірім жасайды (аштықтан аман қалу да олжа ғой!), бірақ ұрыларды «майлы», яғни «семіз ет жегендер» деп атап кеткен.
2 болысқа немере туыстар Бабасан мен Бағыс біріккен (қараңыз: 2кесте). 3 болыстағы Ақкиік, Қойлы мен Құлансу да сондай (қараңыз: 2кесте). 4 болыста ағайынды екеудің ұрпақтары Баба мен Бағыс біріккен (қараңыз: 2кесте). 7 болысқа біріккендер Бәйімбет пен оның немересі Андағұлдың ұрпақтары (қараңыз: 2кесте).
Қалған үш болыс Қарауыл руының ұрпақтарына жатады. 6 болыс Есенбайдың (Қарауылдан төртінші ұрпақ) ізбасарлары Қараша мен Ноғай, оның ұрпақтары халық арасында «алты ата ноғайқарауыл» деп те аталады (қараңыз: 2кесте).
Арғын рулары Омбы мен Петропавл ішкі округтерінің жерінде де көшіп жүрген. Өкінішке қарай, біздің қолымызда көшіп жүрген шаруашылықтардың саны туралы мәліметтер жоқ. Н. Е. Бекмаханованың есептеулеріне қарағанда, Омбы ішкі округінде 11285, Петропавл округінде 23949 қазақ болған.
Біздің ел арасынан жинап жасаған жазбаларымыз бойынша, аталған ішкі округтерде арғындардың екі руы: Атығай мен Қанжығалы қоныстанған. Атығайлар Ұлпан Қарой, Бейті көлдеріне, одан әрі батысқа қарай Кіші Қарой, Алабота, Жамантұз, Төраңғыл көлдеріне шектесіп жатқан Есіл өзеніне дейінгі жайылымдарды мекендеген, сондай-ақ олардың осы өзеннің оң жағалауында да бірнеше ауылдары болған. Мәлімет берушілеріміздің айтуына қарағанда, атығайлар Солтүстік .Қазақстанға XVIII ғасырдың аяғында өздеріннің көкшетаулық руластарынан көшіп келген. Атығайлар арасында Қарауыл руының да бірнеше ауылы болған.
Қанжығалы қауымдары да XVIII ғасырдың аяғында келген, аңыздарда бұлар да оңтүстіктен келген деп көрсетіледі. Олар Есіл өзенінің батыс жағындағы Сарыарқа даласына жинақы орналасқан.
Орта жүз жерінің батысында, Кіші жүз жерімен шекара өтетін жерде, Қараторғайдың жоғарғы ағысынан Обаған және Есіл өзендеріне дейінгі дала Аманқарағай сыртқы округінің аумағы болды, оның халқы негізінен Орта жүз тайпаларына қарады. Осы округте тұратын көшпелілердің қайда қарайтындығы, осыған сәйкес округтің немесе оның бір бөлігінің халқынан салық алу құқығы туралы мәселе жөнінде Сібір және Орынбор ведомстволары арасында өте үлкен тартыс болып келді. Тайпалардың, рулардың екі ведомствоның біреуіне бағындыру құқығынан туындайтын жайылым жолында да дау жүріп жатты.
Аманқарағай сыртқы округі шебінде арғындардың екі болысы көшіп жүрген. 8 ауылдан тұратын (500 шаңырақ) Қанжығалы болысы Пресногор бекінісі тұсындағы шеп маңында, Жарқайың, Мойылдөң және Қызылсу алқабында қыстап келді. Жаздыгүні Қанжығалы болысының қазақтары Приказдан 150200 шақырым қашықтықтағы Шалқар, Мезгіл, Есіл өзені жағасына, Қызылсу, Қойбағар және Таңтүгір өзендеріне дейін көшіп баратын болған.
XIX ғасырдың бірінші жартысында жекелеген рулардың Ресей бодандығына өтуі одан әрі жалғасты, өйткені мұнсыз округтер шегінде көшіп жүруге рұқсат етілмейтін еді. 1843 жылы арғын тайпасының Жоғары шекті руы (қараңыз: 2кесте) бодандыққа кіріп, ол Аманқарағай округінің Қанжығалы болысына қосылды.
Арғындардың округтегі Ақташыарғын деген екінші болысы 10 ауылдан (500 шаңырақ) тұрды, олар Преснокамышловск бекінісі тұсындағы шеп (линия) маңынан Ізбике, Жаркөл, Шақкөл т. б. алқабынан, Тобыл өзенінің бойынан және одан әрі батысқа қарай 700 шақырым жерде қыстау алған. Жаздыгүні Жасылбағар, Тырапқойнақ, Жарғайың секілді басқа да көлдер маңындағы алқапта, Приказдан 400600 шақырым жерде көшіп жүрген.
Бұл болыс Жоғары шектімен бірге Тоқал арғынның (қараңыз: 2кесте) ірі бірлестігін құраған Төмен шекті руының Ақтаны (ақтәжі) атасынан тұрған.
1843 жылғы ведомость мәліметтерінің мәні үлкен. Онда Жоғары шекті және Төмен шекті руларының аталары көрсетілген (халықтың орналасқан жерлері айтылған), олар бізге белгілі әдебиетте кездескен жоқ және оларды біздің шежірелік кестемізбен салыстыруға болады.
Жаз кезінде Жоғары шекті және Төмен шекті рулары аталарының осы 6 626 шаңырағының бәрі Торғай өзенінің бас жағында, Торғай мен Тобыл арасындағы шағын өзендер мен көлдер маңындағы жерлерде мекендеген.
Жоғары да келтірілген архив құжаттарында айтылған Шақшақ атасы біздің шежіремізде Жоғары шектіден тарайтын үшінші буын (қараңыз: 2кесте) Аманжол Шақшақ. Шақшақтан тарайтын ұрпақтардан біздің рулық схемамызда Бақай, Дүзей, Ақназар, Томыт бар (қараңыз: 2кесте). Бәйімбет пен Әлімбет, құжатта көрсетілгеніндей, Шақшақтың балалары емес бауырлары. Басқа аталар (Аю, Қошқар т. б.) біздің схемамызда жоқ, олар біздіңше неғұрлым төменгі таксономиялық жіктердің өкілдері болса керек.
Айдарке атасынан біздің схемамызда Қадырымбет (құжатта: Қадірілбет), Ожан (Ұясан), Бөдене бар да, Жылқайдар жоқ.
Қырықмылтық пен Қарамап аталарында жоғарыда келтірілген архив құжаты да біздің схемаға сәйкес келеді.
Төмен шекті аталары жайында да солай деуге болады, бірақ айырмашылық та бар. Архив құжатында Жауғашты руы мен оның аталары Алдияр мен Мадияр Төмен шектіге жатады. Біздің рулық схемамызда Жоғары шекті Жауғашты бірлестігі тармақтарының бірі және ол ірі ру Сарыжетімнен тарайды. Мадияр мен Алдияр Жауғаштының ұлдары (қараңыз: 2кесте).
Архив құжатында Шымболат пен Өтей бір руға біріктіріліп жіберілген, ал біздің рулық схемамызда бұлар дербес екі ру. Құжатта Құлықбай деген ру бар, біздің схемамызда ол Құлбай.
Архив құжатында Тағышы руы бар, біздің шежіремізде бұл Тағышы руы Бегіс руының екінші ұрпағы.
Сонымен, Аманқарағай сыртқы округінде Орта жүздің басқа тайпалары ішінде арғындардан бары: Жоғары шекті 3876 шаңырақ, Төмен шекті 2750 шаңырақ және қанжығалылар (Бораншы, Әжіғұл, Жолымбет, Әлібек, Сақау, Аткелтір қараңыз: 2кесте), 1851 жылғы ведомосқа қарағанда, 466 шаңырақ, ал округтегі барлық арғындар 7092 шаңырақ.
Сібір ведомствосына бағынатын, бірақ Кіші жүз жайылымын пайдаланған мұншама шаңырақ саны Орынбор ведомствосының шағымдарын туғызды. 1838 жылы генерал В. А. Перовский әскери министрге жазған хатында Аманқарағай округін таратуды сұраған, ал Сібір бастықтары Торғай, Обаған өзендері бойындағы, көптеген көлдер жағасындағы кеңбайтақ жайылымдардан айырылғысы келмей, бұған қарсы шықты. Дау тыйылмады. Дегенмен де, Сібір және Орынбор ведомстволары арасындағы межені белгілеген кезде (ол жөнінде жоғарыда айтылды) бүкіл жерімен қоса Аманқарағай округі Сібір ведомствосының құрамына енді.
1844 жылы Аманқарағай округінің аты өзгертіліп, Құсмұрын округі деп аталды.
Көптеген арғын рулары Орынбор ведомствосына тікелей бағынып, соның ырқымен көшіп жүрді. Әскери тарих архивінде Орынбор ведомствосының шығыс жағында Орта жүз тайпалары иеленген қоныстардың картасы бар. Онда мынадай түсініктеме берілген: «Оралдың арғы бетіндегі даланың Орынбор бастықтарына қарасты шығыс бөлігіндегі осы кеңбайтақ жерде бұрынғысынша, Орта орда қырғыздарының мына аталары қалады: 1) Шақшақ, 2) Айдарке, 3) Қырықмылтық, 4) Қараман, 5) Сарыжетім, 6) Қыпшақ, 7) Балтагерей және 8) Өлеңші Уақ.
Орынбор ведомствосында көшпелілер дистанциялар (екі бекініс арасындағы учаскелер) арқылы басқарылды. 1841 жылы межелеу кезінде Сібір ведомствосынан Орынбор ведомствосына келген 30000 шаңырақ арғындардан 10 дистанция (3241ші) құрылды. 1847 жылы 510 шаңырақ арғындар үшін тағы да 4 (5255ші) дистанция құрылды. Егер бұл мәселемен базбіреу неғұрлым толық танысқысы келсе, оларға Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінен мыналарды қарап шығуды ұсынамыз: 4қор, 1тізім, 3587іс, 27, 3944б.
Рулардың дала өңірінде орын ауыстыруы бүкіл XIX ғасыр бойы тыйылмады, бұл процесті тіпті округтердің құрылуы да тоқтата алмады. Бұған рулар арасындағы жайылым үшін тартыс, ең бастысы казак әскері, жаңа қоныстар үшін байырғы халықтан жерді тартып алу себеп болды, мұның өзі, сайып келгенде, руаралық тартыстардың өршуіне басты себептердің бірі болған еді, өйткені әрбір ру басқа рудың есебінен өзіне жайылымды бекітіп алуға тырысты. Ол былай тұрсын, рулық байланыстар жыл өткен сайын жойылып, мәселе ең жақын «ру басынан» таралатын туысқандар бірігетін аумақтық қауымдардың нығаюына қарай бет алды.
Мысалы, көшектер өз руын рудың негізін салған Қарауылдан, тіпті оның тармағынан (Тоқтауылдан) да емес, қайта неғұрлым берідегі бабалары Көшектен бастаған. Көшкенде, өз мүдделері үшін күресте ауылдарды да осы этноним біріктірген (қараңыз: 2кесте).
Мәселен, XIX ғасырдың басында көшектер өздерінің Айыртау мен Қолтықкөл маңындағы жайылымдарынан қуылып, Ақмола даласына барып, Садық және Тасөткел деген өзендерге қоныстанған. Бастапқыда үш ауыл барып қонған еді, сонан соң жаңадан келгендер есебінен олардың саны 10ға дейін жетті.
Сол XIX ғасырдың бас кезінде Көкшетаудан Қарауыл руының Бектауыл тармағы көшіп келіп, Есілдің саласы Қызылсу өзеніне орнықты (қараңыз: 2кесте). Бектауылдар Кенесары Қасымов көтерілісіне қатысқан. Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін Баубек батыр өзінің Бектауыл руын өз туыстарының жаңа қонысы Қызылсу, Қоңырсу өзендеріне, Қаражан обасы деген жерге, яғни қазақтар Кеңтүбек деп атайтын кең далаға әкелген. Уақыт өте келе, XIX ғасырдың аяғына қарай халықтың табиғи өсуі мен басқа жерлерден рулас тарының келіп қосылуы есебінен бектауылдар саны 1000 шаруашылыкда жетті. Әлбетте, жаңа шаруашылықтардың күзгі көктемгі жайылымдарға: Шаққан, Сарыоба, Көксай, Бесоба, Байжігіт деген жерлерге, Терісаққан өзенінің бойына орнығып, олардың аумағы да кеңейді. Жайлаулары солтүстік-батыс жағында: Қызылсу, Құмай, Қарамұрт, Қоңырсу өзендерінің бойында болды. Бектауылдардың оңтүстігіндегі Тассуат, Боранкөл деген жерлерде олардың ең жақын туыстары Тоқтауыл атасының қауымдары қыстаған (2кесте). Олар да бектауылдар жайлауында жайлаған. Қауымның феодалдық үстем тобының қысым көрсетуі салдарынан рулардың көтеріле көшу жағдайлары болған. Мысалы, 1797 жылы Уәли ханға бағынышты 15000 шаңырақ өз билеушісі тарапынан жасалған қысымға шыдамай, Көкшетау төңірегіндегі жерін тастап, Ертістің оң жағалауына көшкен де, онда Сібір (Ертіс) шебінің Омбы учаскесіне қоныстанған.
Қазақстанның басқа аудандарынан да нақ сондай процестерді аңғаруға болады. Мысалы, Керей тайпасының Қозы атасы Қотыркөл, Жөкей көлдерінің төңірегінде көшіп жүріп, Тосанқыстау, Сарымсақты, Молдасқұм деген жерлерде қыстаған.
Кенесары Қасымов көтерілісі жеңілгеннен кейін көтеріліске белсене қатысушылардың бірі Аңғал батыр атығайларды, оның Елтоқ атасын (2кесте) сол жерлерге әкеліп, керейлерді қуып жіберді, олар солтүстікке, Есіл өзеніне қарай кетуге мәжбүр болды.
Аңғал батырға байланысты мынадай аңыз бар. Қозы керейлер осы жерлерден кеткен кезде, қуып шығушылардан кек алу үшін Кене атасының қауымдарынан 70 мың биені айдап әкеткен. Бұл барымта керейлерге сәтсіз болған. Аңғал батыр жауынгерлерімен оларды Аққайың деген жерде қуып жетіп, керейлерге: «Атым Аңғал, істеген ісіме таң қал!» деп, семсерімен тасты шауып, қақ бөлген. Сол тас Аққайыңнан 15 шақырым жерде осы кезге дейін жатыр дейді аңызда.
Әлбетте, көшу жолы мен жазғы жайылымның қашықтығы да қысқарады.
Қуандық руының Алтай, Қарпық тармақтары (2кесте) Ертістің орта ағысына XVIII ғасырдың аяғында келіп, XIX ғасырдың бас кезінде Сібір казак әскерлеріне берілген жердей ығыстырылып шығарылды да, батысқа, Қорғалжын көліне қарай алыстап кеткен. Жаз кезінде олар Ертістегі жайылымға әлі де келіп жүрді, бірақ округтердің құрылуына байланысты бұлайша жазда көшіп келу тоқтатылған. XIX ғасырдың екінші жартысында Қарпық тармағының Тінәлі атасы Сарысу өзенінен Есілге (солтүстіктен оңтүстігіне дейін 300 шақырымдай) құятын Құланөтпес өзеніне дейінгі кең даланы мекендеген. Бес болыс болған Тінәлі атасы жазда Жантеке, Инелікті, Ұзынкөл, Алакөл көлдерінде, одан әрі солтүстікке қарай Есіл өзені жағында жайлаған. Қыстауынан жайлауына дейінгі қашықтық 4 күндік жолдан аспаған (шамамен 120 шақырымдай) .
Рулардың көшіп-қонуының, қыстаулардың жақындай түсуінің мысалдары өте көп.
Облыстық басқарудың енгізілуіне байланысты рулардың қоныстануы біршама тұрақтанды. Жоғарыда қарастырылған ішкі округтердің арғындары Ақмола облысының мына уездерінің құрамына енді. Ақмола уезі Ақмола ішкі округінің шығыс бөлігі негізінде құрылып, оған округтің оңтүстік межесінен (Теңіз көлі Нұра өзені) Қуандық руының қауымдары көшіп жүретін Шу өзеніне дейінгі кеңбайтақ аумақ қосылды.
Уезд аумағында негізінен Қуандықтан тарайтын Алтай, Қарпық, Бөріші, Темеш тармақтарының көптеген аталары қоныстанды (2кесте). Алтайлар уездің оңтүстік бөлігінде, Сарысу өзенінің жағалауына және осы өзеннің оңтүстігіне орын тепкен. Жазғы жайылымдары Сарысу өзенінің оң жағалауында болды.
Уездің Сарысу өзенінен Ақмолаға дейінгі орталық бөлігі, шығысында Есіл бойынан Терісаққан, Қайрақты өзендеріне, Теңіз және Қорғалжын көліне дейінгі жерлер Қарпық тармағының иелігі.
Қарпықтардың Есіл бойындағы иеліктерінен шығысқа қарай, Теңіз көлінің төңірегі Өмір тармағына жататын Бөріші және Темеш аталарының қыстаулары мен жазғы жайылымдары.
Қуандың руы иеліктерінен оңтүстікке қарай Шұбаркөл, Мешке көлдерінің төңірегіне, Сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендерінің бас жағына Тарақты руының қауымдары қоныстанған.
Қанжығалы руының аталары уездің солтүстік-шығыс бөлігінде, Сілеті өзенінің бойына, Қарасор, Жаманшал, Шолақсор көлдерінің төңірегіне орналасып, Павлодар қанжығалыларының жеріне де жетіп жатқан.
Ақмола сыртқы округінің Теңіз және Қорғалжын көлдерінен, Қоңыр, Бордаған, Жабай өзендерінен Есіл өзеніне дейінгі батыс бөлігі Атбасар уезінің құрамына енді. Оңтүстік шекарасы Шу өзенінің бойында болды.
Қаракеңгір өзенінің бас жағынан бастап, одан әрі Терісаққан өзені мен оның көптеген салаларының бойымен солтүстікке қарай және осы өзеннің Есілге құяр сағасы маңайын түгелдей арғындар иеленді.
Тарақты руының (2кесте) қыстаулары Есіл өзенінің бойындағы Қима деген жердей Барлыкөл көліне дейінгі кең далада болды. Жаздыгүні солтүстікке қарай Құмай өзенінің бойын жайлады. Бұл жердегі Тарақты руының шаруашылықтары 700ге дейін жеткен.
Қарауыл руынан тарайтын Бектауыл мен Тоқтауыл қауымдары уездің Есіл өзені, оның Ащылы, Қоңыр, Сарқырама деген салалары бойындағы солтүстік бөлігінде және тарақтылардың шығысында, Тассуат деген жерлерде көшіп жүрген. Бұл аталар Қарауыл руының ең батысындағы қоныстары болған.
Қаракеңгір өзенінің бас жағынан солтүстікке қарай Есілдің сол жағалауына дейін, одан әрі Терісаққан өзенінен шығысқа қарай, Теңіз, Қорғалжын көлдеріне дейін Қуандық руы мен оның Алтай тармағынан тарайтын Байдалы, Қарпық тармағынан тарайтын Тінәлі және Аманқарт тармағынан тарайтын Қалқаман (2кесте) аталары мекендеген.
Сүйіндік руынан бір тармақ Мәжік пен Жәдігер ұрпақтары (2кесте) біріккен төртұл болған. Бұл ру Қаракеңгірдің бас жағынан солтүстікке қарай, Терісаққан өзенінің бойын, әсіресе сол жағалауын, Есілге құяр жеріне дейін қыстаған.
Көкшетау сыртқы округінің қазақтарынан Көкшетау уезі құрылды.
Оған арғындардан екі ру: Қарауыл мен Атығай енді.
Қарауылдар уездің шығыс жағына: Сілеті өзенінің бойына, Сарыкөл, Жаркөл, Жалаңтұз, Құмдыкөл деген т. б. көлдердің маңына, яғни Сілеті өзені Сілетітеңіз көлі Көксеңгірсор көлі аралығындағы даланы мекендеген.
Қарауыл руы қоныстанған тағы бір ірі аймақ уездің оңтүстік бөлігі: Дәулет, Айдабол, Зеренді көлінен, Шағалалы өзені мен оған жапсарлас жатқан жайылымдардан бастап, одан әрі батысқа қарай, Биесойған, Қарқылдақ көлдеріне дейін, осы кеңбайтақ далада Имантау, Шалқар, Жақсы Жалғызтау, Қамыскөл деген көлдер төңірегіндегі жайылымдарды, Есіл мен оның салалары (Аққанбірлік, Иманбірлік және басқалары) аңғарындағы жерлерді қамтыды.
Уездің солтүстік батысындағы Саумалкөл Қаракөл Жалтыркөл Тереңкөл Алабота көлдерінен солтүстік батысқа қарай Есілге құятын Иманбірлік өзені мен Тораңғыл көліне дейінгі байтақ жер атығайлардың иелігіне қарады,
Петропавл, Омбы уездері өздеріне тиісті ішкі округтерден құрылды. Атығай руы Есіл өзенінің бойында және одан шығысқа қарай Қалыбек Ебейті көлдері шебіне дейінгі жерге қоныстанған.
Атығайлар иеліктерінің нақ орталығында дерлік, Шағалалы көлінен бастап, солтүстік батысқа қарай Есілге дейінгі жер Қарауыл руының иелігінде болды.
Атығайлар өздерінің ата-бабалары XVIII ғасырдың 50-60 жылдарында Тораңғыл көлінен, Иманбірлік өзенінен және өз туыстарының көпшілігі тұрған басқа да жерлерден келген, ал қарауылдар нақ сол жылдары Теке көлінен, Үлкенқарой көліне құятын шағын өзендерден (Ащысу, Қарасу т. б.) келіп қоныстанған, бұл жерлерден оларды керейлер ығыстырып шығарған деседі.
Қанжығалы болысы болған Мезгіл ормандарын қыстаған қанжығалылар да өздерін басқа жақтан келгенбіз деп есептейді. Ал қайдан? Уезд ақсақалдарынан XX ғасырдың басында жиналған ауызекі хабарламалар болмаса, ол жөнінде құжаттарда мәліметтер жоқ.
Біздіңше, бұл Пресногорьков бекінісі тұсында көшіп жүрген (бұл жөнінде жоғарыда айтылған) және Аманқарағай сыртқы округінің құрамына кірген Қанжығалы болысы. Сібір және Орынбор ведомстволары арасындағы көшіп жүрген рулардың қайсысына бағыныштылығы туралы зор даудамай кейбір рулардың Орта жүз шегіне көшіп баруына, ал Кіші жүз жерінде қалғандарының Орынбор ведомствосының билігіне түсуіне әкеп соққан. Қанжығалы болысының Орынбор ведомствосы жерінен кетіп, Мезгіл ормандарына қоныстанғаны, сөйтіп Петропавл уезі құрамына енгені күмәнсіз. Мұны факт дәлелдейді: 1843 жылы Орынбор ведомствосының шығыс бөлігінде көшіп жүретін арғындар туралы ведомоста қанжығалылар жоқ, ал 1843 жылғы ведомоста айтылатын Жоғары шекті және Төмен шекті рулары нақ соларға қосылған. Бұл нұсқаны растайтын тағы бір дерек мынадай. Уездер құрылған кезде болыстар топонимиялық, яғни географиялық атаулармен, өзендердің, көлдердің т. б. атауларымен аталды. Мысалы, Пресногорьков осы аттас станица маңында жатқан ащы көлдер жүйесінің, Тайынша бір кезде осы аттас атақты жәрмеңке болған жердің атымен аталған. Ал Қанжығалы болысы өзінің бұрынғы рулық атауын сақтап қалған.
Өздерінің Петропавл уезіндегі руластары сияқты оңтүстіктен келген Атығай, Қарауыл рулары Омбы уезінің аумағына қоныстанған. Атығайлардың иеліктері Омбы қаласының оңтүстік батысында, ал қарауылдардың иеліктері Үлкенқарой, Кішіқарой, Қалыбек, Алабота көлдерінің төңірегіндегі жайылымдарда, яғни уездің шығыс бөлігінде болған.
Арғындар Кіші жүздің жерінде де көшіп жүрген. Төмен шекті және Жоғары шекті рулары Қостанай уезінің құрамына кірген бұрынғы Аманқарағай округінің даласын мекендеген. Нақ осы рулар Торғай уезінің шегінде, Торғай өзеніне құятын Үлкендамды, Мойылды, Сарыторғай өзендерінің бойын қоныстанған, бұл рулар Торғай бойында, сондай-ақ Сарықопа, Ақсуат көлдері мен басқа да ұсақ көлдердің төңірегінде мекендеген.
Арғындар Сырдария бойында: Жаңақорғанның солтүстік шығысындағы Сұлутөбе, Сарышығанақ, Жаманағаш деген жерлерде, Сырдарияның көптеген салалары маңында, оңтүстік шығысында Төменарық деген жерге дейін қоныстанған. Бұлар, тегінде, XVI ғасырда Тәуке хан мен Есім ханның Самарқанд пен Бұхарға жорықтарына қатысқан арғындар тобының «қалдықтары» болса керек. Аңыздарда арғындар бұл жерлерге Қаратаудан келген делінеді.
Әулиеата уезі шегіндегі Шу өзенінің бойында Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының қыстауларымен шектес Баймұрат және Сарытөбе алқабында арғындардың да қыстаулары болған.
Арғындар бұл жерлерге XIX-XX ғасырлар аралығында Қарқаралы жағынан келген. Шу болысы 1905 жылға дейін Қарқаралы уезінің құрамында болған, бірақ уездің қаладан қашық болуы (Қарқаралыдан 550 шақырым) себепті Түркістан өлкесінің Әулиеата уезіне берілген, Шу болысының арғындарынан Шу өзенінің оң жағалауында Арғын болысы құрылып, онда 419 шаңырақ болған. Олардан шығысқа қарай, Сарыөзек, Қаратау болыстарында және Шу өзені бойында орналасқан Қыршу болысының бір бөлігінде де арғындардың 700 шаруашылығы қоныстанған.

Орта жүздің шежіресі. Найман руы
Кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Ысық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу