Ашық сабақ. География. Оқушыларға арналған экскурсия

Oinet.kz 25-07-2020 2315

Сабақ жоспары
Пәні: Экскурсия жүргізу
Сабақ тақырыбы: Оқушыларға арналған экскурсия
Сабақ мақсаты
1. Білімділік: оқушыларға арналған экскурсияны құру техникасы туралы мағұлматты меңгерту.
2. Дамытушылық: іскерлік, ұйымдастырушылық дағдаларын, сөйлеу мәнерін дамыту, логикалық ойлау қызметінің таным денгейін кеңейту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақ түрі: лекция .
Сабақтың әдісі: интерактивті, демонстрация, түсіндірмелі.
Пәнаралық байланыс: педагогика, туризм, өлкетану.
Көрнекілігі: сызба, слайд, видео «Вертуальды экскурсавод» .

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин) оқушыларды түгендеу, оқу құралдарынын даярлығын қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (25мин)
1) 4 топтын практикалық жұмысы
Ітоп. «Саяхатшы» туристік-экскурсиялық ұйымы.
ІІтоп. «Жаңаөзентурист» туристік-экскурсиялық ұйымы.
ІІІ топ. “Саяхат әлемі» туристік-экскурсиялық ұйымы.
ІV топ. «Маңғыстау-тур» туристік-экскурсиялық ұйымы.
Міндеттері:
• Экскурсия паспортын құру.
• Таңдалған тақырып бойынша жобларды қорғау.
• Шағын экскурсия жүргізу (видео, слайд).
2) «Кішігірім рөлдік ойын» суретке байланысты рөлді ойнап көрсету.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (5мин) «Білімінді байқап көр!» слайд арқылы тест
1. Тақырып бойынша экскурсияға қатысушылар қойған сұрақтар, ең алдымен қатысты болып келеді-
А) билет кассасына;
В) экскурсия жүргізудің тәсіліне;
С) экскурсия жүргізудің әдісіне;
Д) экскурсия жүргізу техникасына;
2. Көзбен көру бойынша қалпына келтіру тәсілі қай кезде қолданылады?
А) қолданылмайды;
В) сәлемдескенде;
С) қоштасқанда;
Д) әңгіме арасында;
Е) шайқастар болып жатқан жерлерді көрсету кезінде көп қолданылады.
3. Әдістемелік нұсқаулық-
А) экскурсия жүргізуге нұсқау беретін құжат;
В) заң;
С) ереже;
Д) сыйақы;
Е) техникалық құрал.
4. Төмендегі қай құжат экскурсия жүргізуде міндетті емес?
А) тақырып бойынша әдебиет;
В) экскурсия жүргізушілер тізімі;
С) музей жәдігерлерінің тізімі;
Д) экскурсанттар тізімі;
Е) музей қызметкерлері тізімі.
5. Экскурсиялық әдіс дегеніміз не?
А) экскурсияда қолданылатын әдістемелік тәсілдер жиынтығы;
В) заңнамалық құжат толтыру;
С) экскурсанттар аты-жөнін жазу;
Д) экскурсанттардың электронды адресін алу;
Е) экскурсанттардың өмірбаянын жазу.
6. Экскурсия жүргізуші нақты жауап бергенде қойылатын сөздер-
А) білмеймін;
В) «иә» және «жоқ»;
С) көреміз ғой;
Д) болып қалар;
Е) жауап бере алмаймын.
7. Экскурсиядағы үзілістің мақсаты-
А) ойды жинақылау;
В) экскурсанттарға шағын демалыс беру;
С) шпаргалка пайдалану;
Д) қосымша ақпарат беру үшін дем алып алу;
Е) топпен танысу.
8. Экскурсия жүргізушісіне қандай арнайы ерекшеліктер тән болуы тиіс?
А) бейжайлық;
В) ұйымдастырушылық;
С) ой еңбегінің белсенділігі;
Д)марғаулық;
Е) айтқанынан қайтпау.
9. Экскукрсияға дайындық кезіндегі алғашқы саты:
А) дауыс күшейткішті тексеру;
В) музей карточкаларын сараптау;
С) жеке мәтінді жазу;
Д) экскурсия үшін жеке нысандарды таңдау;
Е) фактологиялық материалдарды өндеу.
10. Экскурсияның жалпы белгілеріне не жатады?
А) бір тәуліктен кем болмау;
В) нысанды көрсету;
С)нысандарды көрсетудің мақсаттылығы, белгілі бір тақырыптын болуы;
Д) бір академиалық сағаттан аспау;
Е) апталық тур ұйымдастыру.
ІҮ. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі (10мин) «Шеңбер бойынша сөз тізбегі» психологиялық тренинг. Айтылатын сөйлем: «Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз». Шеңбердегі оқушылар әртүрлі дауыс ырғағымен (көтерінкі, жабырқаулы, қуанышты көңіл күймен) сөзді қайталау керек.
Ү. Жаңа білімді меңгеру кезеңі (20мин)
Балаларға арналған экскурсия мектептегі және мектептен тыс түрлері болады. Бірінші мазмұны бойынша оқу жылының мектеп бағдарламасына сай және мұғаліммен экскурсия-сабақ ретінде өткізіледі. Бұндай шаралардың мақсаты мектеп пәнің табиғи жағдайда оқу болып табылады. Көбінесе осындай экскурсиялар сабақ барысында, сабақтан кейін немесе демалыс күндері өткізіледі. Мұғаілім бұл экскурсияны білім министірлігімен бекіткен « Мектеп оқушыларына арналған тақырыптық экскурсиялардың үлгі жоспары» көмегімен жүзеге асырады. Экскурсиялық тақырыпты құруда балаларға арналған экскурсияларды құрастырыудың 2 тәсілі бар. Олар балаларға арналған тақырыптар және үлкендерге арналған нұсқалар. Мысалы: «Алматытурист» экскурсиялық-әдістемелік бөлімі мектеп директорлары мен мұғалімдерге арнайы және тақырыптық экскурсиялардың циклдерін ұсынды. Қалалық шолу экскурсиясы: « Сәлем қала!»- ауыл мектептеріне арналған 4-7 сыныптарға, «Тау алақанындағы жасыл қала!» 1-4 сыныптарға; «Алматы-Қазақстан астанасы» 7-10 сыныптарға және естегі күндер мен тарихи, әдеби–шығармашылық, табиғаттану тақырыптарында, қалалалық және қала маңы лагерлерінде, өндірістік және тақы басқада тақырыптарда ұсынды.
Осындай экскурсияларды өткізу үшін жалпы мынандай ұсыныстар ұсынылады:
-тақырыпты және обьектіні таңдауда міндетті түрде мектеп мұғаліммен консультатция алып және мектеп бағдарламасы мен таныс болу керек;
-обьектілер саны 10-нан көп болмау және ұзақтылығы (қарқынды бөлімі 2,5 сағаттан көп емес) экскурсанттардың жас шамасы кеміген сайын экскурсия уақытының кемуі;
- топтағы жас шамасы кеміген сайын үлкендердің (педагог, тәрбиеші, ата-аналар) болуы;
-әсіресе шараның қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінуі тиіс. Экскурсовод топтты бағындыра білуі, балаларды автобустан түсіру және отырғызу, обьектілер арасында топтарды жылжыту, обьектілер айналасына орналастыру, автобустағы тәртібі, қауіпті жерлерден балаларға өтуге көмектесіп білуі, барлық мүмкіншілігінше көшеден өтпеуден аулақ болу маңызды.
Кіші топтарға мамандық таңдауға сипаттама беру керек емес, бірақ қызығушылығын арттыру үшін оларды материалдармен, құралдармен таныстырып шығармашылық ойлау, олардың жалпы және политехникалық ойлау қабілеттерін кеңейту.
Бала психикасының маңызды ерекшелігі олардың жоғары эмоциналдылығы. Жарқын сөздер, экскурсоводтың әңгімелеуі балаларды баурап алып олардың жандүниесіне және бойында адамдық армандарың алшышартарын қалыптастырады. Қызықсыз ұзақ талқылау балаларға қажетті ешқандай әсер бермейді.
Осындай жастағы балалар жоғары иланушылықпен ерекшеленіп, тәрбиешіге тез бағынады және оның айтқандарына сезімтал болып келеді. Балалардың жеткілікті білімі мен машығы болмағандықтан олар мінез-құлықтын еліктеушілік сызығын сайлайды. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру мақсатында өткен және қазіргі замандағы керемет адамдар туралы мысалдар дұрыс таңдаған жөн.
Экскурсия барысында балалардан қызықтыма немесе қызықсыз ба?- екендігі елгезек реакциясы аңғарғару болады. Шу, әңгімелер бұлар баларларға қызықсыздығын және шаршағандығын, үзіліс керектігін білдіреді. Сондықтан әңгімелеу барысында жиі үзілістер, автобустан түсіру, ойындар, викториналар, хормен ән айтқыуды қарастырған жөн. Бастауыш деңгейлі білімге ие болған балалар жекеден жалпыға қарай - индуктивті білім беру тәсілін жақсы қабылдайды. Нысанды көру, оны тамашалау реті индукциялық және дедукциялық сипаты болады. «Индукция» латын тілінде «Inductio» деген сөзінен қалыптасқан. Ол-ой салу, бағыттау деген мағына береді. Ал «дедукция» сөзі «бөліп шығару» деген мағына береді. Ол латын тілінде «deductiо» сөзінен қалыптасқан. Олар қарапайым қызықты фактілер, сәтті салыстырулар, жарқын бірақ көлемді емес сандарды тез түсіне алады.
Кіші жастағы баларға экскурсия өткізудің ыңғайлы түрі- бұл әңгімелесу. Оған алдын ала қойылатын сұрақтарды дайындап алу керек. Сұрақтар балалардың назарын белсендіретін және қызығушылығын тудыратындай болуы тиіс. Қалауынша сұрақтардың бір бөлігіне балалар қысқа және дұрыс жауап бере алатындай, оны экскурсовод толықтырып дамыта алатындай болғаны дұрыс.
«12-17 жас не ұсынады?» -деп жазады Н.К.Крупская, - «Жасөспірім жасы – бұл жасытық энергияның үдетпесі, өзін-өзі бекітетін тұлғалар. Жасөспірімдер - өте сезімтал, қозғыш, өзін-өзі ұстай алмайтын, бірақ бір уақытта өмірге өте ықыласты көзбен қарап қоршаған ортаға қарқынды назар аударатың өте күрделі халықтар» деді.
Оқушыларға және оқушы жастарға арналған экскурсиялардың жасалуы экскурсоводтардың әдістемелік секциялары арқылы жүзеге асады. Ұйымдастырылуына және мазмұнына байланысты олар мынандай тақырыптарға бөлінеді: (тарихи-революциялық, әскери-тарихи, табиғи, өндірістік және т.б.). Оның негізі оқушылармен, оқушы жастармен экскурсанттардың айқын контингентімен қарай жұмыс жасалады.
Ережеге сай, секцияда педагогикалық білімі бар, балалармен жақсы жұмыс жасай білетін экскурсоводтардың тәжірибесі болу керек. Секцияның негізгі мақсаттары: оқушыларға арналған экскурсияларды өңдеу, мектеп жасына дейінгі балалардың, кіші оқушылар, орта және үлкен жас оқушылардың творчестволық жұмысын дамыту және әртүрлі жас топтарға арналған әдістемелерді толық жетілдіру. Секция мәжілісінде жаңа экскурсиялар және қосылған тақырыптары әдістемелік өңдеуі қаралады және талқыланады.
Оқушылармен мектеп мұғалімдері экскурсиялардың тақырыбын бірге өңдеп талқылайды. Мектепте «Балғын экскурсант бұрышы » және «Балғын турист бұрышы» стендтерінде экскурсиялардың тақырыптары, саяхат жасаулар, сапар желілері, оларды өткізу уақыттары ілініп тұрады. Экскурсия хабарландыруында, оқушылардың әңгімелері, суреттері, фото-суреттері, экскурсиялық тақырыпқа байланысты жақсы шығармалары шығарылады.
Мектептегі кіші балаларына арналған экскурсиялар 45 мин болады. Ал, орта жастағы оқушыларға - 1,5 - 2 академиялық сағат, үлкен оқушыларға экскурсия - 2,5 - 3 сағатқа созылады. Оқушылардың өз беттерімен еркін демалуына байланысты шамалы үзілістер беріліп отырады және әр бір 30-45 мин сайын санитарлық аялдамалар болып тұрады. Балардың экскурсиясы қызықты және тартымды өту үшін әр түрлі тақырыптағы өлеңдер оқылып, жұмақтар, мақалдар, көптеген викториналық сұрақтар қойылып балалардың қызықтыру мақсатында ойын элементтері енгізіледі .
Экскурсияға балаларды дайындауы маңызды мағыналы болады. Қаншалықты олар байсалды дайын болса оған, олар соншама қызықты және терең материалды түсінеді және экскурсияларға белсенді жұмыс істеу жүктеледі.
Экскурсия барысында ауа райы қолайсыз болған жағдайда оқушылар мектеп формаларымен қоса сырт киімдері қалын болған дұрыс. Тарихи ескерткіштерінің байқауы жанында мінез-құлық ережелері туралы тиісті нұсқау берілген болу керек және мәдениеттер және табиғат ескерткіштерінің автобуста мінез-құлық ережелері туралы, жол және көшелік қозғалыс ережелері туралы, не өте маңызды асулар жанында, бір объектінің топ жылжуында қатаң тәртіп сақталуы керек.
Бірінші сынып оқушылармен экскурсиялық автобуста өздерінің дайындаған шофері жүргізеді яғни ол адам экскурсоводпен контактіде жақсы сапар желісін білетін және жұмыс істеуші. Автобусқа жазумен трафарет бекітіледі: «абайла балалар!» Егер бір уақытта сапар желісінде бірнеше машина шықса, онда милиция машинасы олармен бірге шығады. Экскурсия басында экскурсоводқа машина техникалық күй-жағдайы туралы жүргізушіден сұрауға ұсынылады. Мұғалім міндетті топты шығарады. экскурсия бірінші минуттері Балаларды ұйымдастыру экскурсоводқа арналған іскерлікпен өте маңызды ие болу, лезде алып қалу және ертіп әкету, Экскурсия уақытына объектілерге қарау үйретіледі.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі (15мин) «Рефлексия»
ҮІІ. Қорытынды (5мин) тақырыпқа байланысты сұрақ- жауап
1. Дедукция қандай мағына береді?
2. Индукция қандай мағына береді?
3. Балаларға экскурсия ұйымдастыру ерекшеліктері?
4. Табиғаттану экскурсиясының мақсаты қандай?
5. Өндірістік экскурсияны ұйымдастырудың мақсаты не?
6. Экскурсияда патриоттық тәрбие қандай жолдармен іске асырылады?
ҮІІІ Үй тапсырмасы (5мин) лекция толықтыру, тақырыпты оқып келу.
ІХ. Бағалау

Ашық сабақ. География. Құрлық сулары
Ашық сабақ. Орта мерзімдік сабақ жоспары география 9-сынып «Шығыс Қазақстан» (4 сағат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу