Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Допты алып жүру жаттығулары

Oinet.kz 26-01-2020 713

Ахмедиров Тилеккабул Куанович Дене шынықтыру пәні мұғалімі БҚО Казталов ауданы Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебі

Допты алып жүру жаттығулары

Сабақтың мақсаты
Білімділік: ойыншының тұрысы және қозғалыстарын бекіту. Допты жүргізуді үйрету.
Дамытушылық: шапшаңдық, жылдамдық сапаларын дамыту.
Тәрбиелік: сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту.
Қолданылатын спорт құралдары: баскетбол доптары
Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыртқызу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулары:
Оңға, солға айналып бұрылу. Секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен.
Спорт жүрісі.
Жүгіру:
Арнайы жүгіріс жаттығуларын жасау.
Тізені көтеріп жүгіру. Аяқты артқа лақтырып жүгіру. Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру. Оң жағымен жүгіру. Сол жағымен жүгіру. Бұғы жүгіріс. Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу. Теріс қарап жүгіру. Жылдам жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығуларын жүрісте жасау:
Ж.Б: Қол құлыпта.
-1-4: қолды оң жаққа айналдыру;
-1-4: қолды сол жаққа айналдыру.
Ж.Б: Қол құлыпта.
-1: құлыпты ашпай, қолды алға жіберу;
-2: Ж.Б.;
-3: құлыпты ашпай, қолды алға жіберу;
-4: Ж.Б.
Ж.Б: Қол иықта
-1-4: иықты алға айналдыру;
-1-4: иықты артқа айналдыру
Ж.Б: Оң қолды көтеру.
-1,2: қолды артқа сермеу;
1,2: қолды артқа сермеу;
3,4:қолды ауыстырып сермеу.
Ж.Б:Қолды жан-жаққа жіберу.
-1,2: қолдың ұшын айналдыру;
-3,4: шынтақтыайналдыру
-5,6: қолды алға айналдыру;
-7,8: қолды артқа айналдыру.
Ж.Б: қолды бүгіп кеуде алдына ұстау.
-1,2: қолды артқа жіберу;
-3,4: қолды түзетіп артқа жіберу.
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау.
Ж.Б: аяқты ашып, қол белде.
-1-4 басты оң жаққа айналдыру;
-1-4 басты сол жаққа айналдыру.
Ж.Б: аяқты ашып, қолды бүгіп кеуде алдына ұстау.
-1,2: қолды түзетіп, оң жаққа бұрылу;
-3,4: қолды түзетіп, сол жаққа бұрылу.
Ж.Б: аяқты ашып, қол белде.
-1-4: денені оң жаққа айналдыру;
-1-4: денені сол жаққа айналдыру.
Ж.Б: аяқты ашып, қол белде.
-1: Оң аяққа еңкею;
-2: Екі аяқтың ортасына еңкею;
-3: Сол аяққа еңкею;
-4: Ж.Б.
Ж.Б: аяқты аласа ашып, қол белде.
-1-3: оң аяққа отыру;
-4: Ж.Б.
-1-3: оң аяққа отыру;
-4: Ж.Б:.
Ж.Б: Оң аяқты алға жіберіп тірену.
-1-2: оң аяққа отыру;
-3-4: денені бұрып, сол аяққа отыру.
Негізгі бөлім.
Ойыншының қозғалыстарын бекіту.
-алға, артқа, солға, оңға.
Сигнал бойынша жүріп, тоқтау:
-секіріп, екі қадамдап, бұрылып қарама-қарсы жаққа жүру.
Секіру жаттыщғулары:
-оң аяқпен, сол аяқпен, екі аяқпен;
-екі аяқпен оңға, солға теріс секіру;
-оң аяқпен оңға, солға теріс секіру.
Допты жүргізуді үйрету:
-допты бір орында соғу,
-допты оң қолмен жүргізу;
-допты сол қолмен жүргізу;
-оң, сол қолмен жүргізу;
-теріс қарап жүргізу.
Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр топқа бір-бір доптан беріледі. Топтағы оқушылар екіге бөлініп, олардың ара қашықтығы 2-3 метр болуы керек, допты екі қолмен кеудеден беру және ұстау тәсілдерін жасайды.
• Допты бір қолмен нықтап беру және ұстау;
• Допты бастан екі қолмен асыра лақтыру;
• Допты оң және сол қолмен жанына беру және ұстау.
Осы жаттығуларды екі-екіден жүгіре жасау. Допты екі қолмен кезек-кезек ұрып алып жүру, екі адым жасап допты әріптесіне беріп, алып жүру, екі адым жасап допты әріптесіне беріп, алып жүружаттығуларын жасау.
Қозғалмалы ойын ережесі
Баскетбол ережесімен ойналады, тек екі баскетбол себетінің орнына екі жаққа кегілейлер қойылады. Ойыншылар баскетболдан ойын ережесіне сай ойнап, доппен қарсылас команданың кегілейлерін құлату керек. Қай команда команда көбірек кегілейді құлатса, сол команда жеңіске жетеді. Ойынды күрделі ету үшін екі жақ команданың кегілейлерін қорғау үшін екі жаққа екі қақпашы қою керек.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу. Қорытынды жасау, бағалау.

Ашық сабақ. Дене шынықтыру. ДЕНСАУЛЫҚ ТӘРБИЕСІ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕ
Ашық сабақ. Дене шынықтыру.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу