Күзгі хаттар

Oinet.kz 01-07-2019 1043

Тақырыбы: «Күзгі хаттар» 

Мақсаты: Балаларға күз туралы және оның адамдарға әсері туралы түсінік беріп өту. 

Өту барысы: Ойын түрінде, 3 топтың қатысуымен болады. 

Жүргізуші:Саламатсыздарма апайлар мен балалар!  

Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. 

Яғни күздің бір сиқырлы кезеңі сары жапырақтардың жерге түсіп жататын кезеңі. 

Ж: Балалар  күзде күн суық болып адамдар қалың киіне бастайды сонымен қатар жапырақтар сарғайып жерге түсіп жататын жыл мезгілдерінің бір кезеңі.

 Ж. Мәссаған мына жердің жапыраққа толысын – ай. 

Балалар осы жердің жапырақтарын маған жыйнасуға көмектесіздерме? Балалар иә деп жауап қайтарады.

 Ж. Олай болса балалар алдымен жапырақты аламыз жапырақтың артында тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды орындау жапырақтарды тазарта алады екенбіз. 

Ал балалар кім шығады алғашқы жапырақты алып ойынды кім бастайды.

 Жандос: 5-ке дейін санап бер. 

Жансая: Қойдың төлін ата? 

Амира: Ас атасы қалай аталады?

 Назерке: Сиырдың төлін не деп айтады? 

Дана: Жапырақтың суретін көрсет.    

Ж: Балалар шаршаған боларсыңдар сергіту сәтін жасап алайық.           


Қолымызды созайық           

Тереңнен дем алайық.            

Езуден күлкі шашайық 

Жерден жеміс теріп алайық. 

Ж. Шаршағанымызды басып алдық. 

Енді балалар 2 топқа бөлініп отыра қояйық. 

Енді балалар 2 топ болып жарысқа түсесіздер.

 Сіздерге жапырақтың  бейнесі бейнеленген мозайкалар беріледі. 

Осы мозайкаларды кім жылдам құрып шықса сол топ жеңімпаз болады.

 Ал, кеттік. Сіздерге 15 минут беріледі.

 Ж: Бәрекелді балалар сіздер өте ақылды және жылдам балалар екендеріңізді көрсеттіңіздер.

 Жарайсыңдар.    

Қимылды ойын.«Жапырақтан жапыраққа жету.» 

Мақсаты: Жапырақтан жапыраққа секіріп одан кейін адам ізімен белгіленген өз топтарына адаспай жету. 

Ж: Жарайсыңдар балалар сіздер алғыр екенсіздер. Мен сіздерге қуаныштымын. 

Ойынға бар ынталарыңызбен қатысқандарыңызға рахмет. 

Құрметті апайлар және балалар бүгінгі ойынсабағымыз аяқталды. 

Келгендеріңізге рахмет. 

Сау болыңыздар!

«Жеті лақ» ертегісінің сценарийі
Ашық сабақ «Құстар біздің досымыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу