«Таза Қазақстан»: Шарадан жастар да шет қалмады

Oinet.kz 14-04-2024 55

9.jpg 

«Таза Қазақстан» экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында Шымкентте атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған акцияға Шымкент қаласының жастары ерекше қолдау білдіріп, белсенді атсалысты.

Қала жастары мен тұрғындары Республика, Тәуке хан, Б.Момышұлы даңғылдары мен А.Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аталған даңғылдар мен көшелердегі аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері, жолдар тазаланды, талдар қырқылып, әктелді, барлық қоқыстар шығарылды.

Тазалық жұмыстарына 1000-дан астам жас қатысып, 13 аялдама жуылып, аталған көшелердегі барлық аяқ жолдар тазаланды, 600 ағаш әктелді, 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтар шығарылды.

Іс-шараға «Орыс дарама театрының» директоры – И.Вербицкий, Жастар ресурстық орталығының директоры – З.Орынбеков, қала жастары, еріктілер және тұрғындар белсенді қатысты.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те тұрғындармен бірге Әл-Фараби ауданындағы тазалық шараларына қатысты. Жалпықалалық акцияға атсалысқан белсенді жастар мен еріктілер, жергілікті азаматтар «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағының аумағы, «Қошқар ата» өзенінің жағалауы, алаңдағы жол үсті көпірі, «Жер Ана» монументі маңына тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жасыл желекті күтіп-баптау, аялдамаларды жуу,шөп ору, абаттандыру шаралары да жалғасып жатыр.

Ғабит Әбдімәжитұлы қаламызға деген жанашырлықты, ауызбіршілік пен ынтымақты көрсететін тазалық шараларының маңыздылығына тоқталып, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарында белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.

 


«Таза Қазақстан»: Тұрандықтан акцияға белсенді қатысуда
«Таза Қазақстан»: Мәдениет майталмандары да үлес қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу