Әлібек Шегебай. Ұлыма

Oinet.kz 13-09-2019 1271

Screenshot_14.jpg

Ұлым,

Мені жазғырма, кінәлама,

Сөкпегін де, өтінем, сынама да.

Мен де өзіңдей арманшыл, асқақ едім,

Шыға алмадым шыңыма, мұнарама.


Жете алмадым,

Дұрысы жеткізбеді,

Сатқындықтың сап құрған көп тізбегі.

Аз болғандай азапты шеккізгені,

Өтер жерге "өрт" қойып өткізбеді.


Қаншама рет сүріндім, батпақтадым,

Ең бастысы сертімді сақтап қалдым.

Атақ пенен мансапқа құлдық ұрып,

Абырой мен арымнан аттатпадым.


Мен де қазір шөккенмін, басылғанмын,

Тас төбемде тұр әне асылған күн.

«Мен де өзіңдей тозбайтын асылданмын...» -

деген сол бір ақынның жасындамын.


Көңілімнің ұшырып көбелегін,

Кейде мен де шаттыққа кенелемін.

Өміріне сабырды өлшем етіп

Өларада туған бір өлең едім.


Ұлым,

Мені жазғырма, кінәлама,

Сөкпегін де, өтінем, сынама да.

Мен де өзіңдей арманшыл, асқақ едім,

Шыға алмадым шыңыма, мұнарама.

Әлібек ШЕГЕБАЙ.

Мұқағали Мақатаевтың кенеттен қайтыс болған қызы Майгүлге арнаған өлеңі
Ана жүрегінің қуаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу