Шығарма. Менің әпкем

Oinet.kz 01-01-2020 7091

Менің өмірімде әпкемнің алар орыны ерекше. Кейде ол болмағанда не істер едім деген ойда қаламын. Ол бір тап ғажайып ертегіден атып шығып, бізбен өмір сүріп жатқандай. Оның даналығына, сұлулығына, ақылдылығы мен сабырлығына қайран қаламын. Өмірдегі ең алғашқы ұстазым да әпкем болды. 

Znalezione obrazy dla zapytania дети

Ол маған тіл шыққаннан білім беріп келеді. Тек білім ғана емес, өмірден көрген-түйгенін, ақылын айтып, үй тапсырмаларына дейін көмектеседі. Мен оның маған артқан үмітін ақтағым келеді. Кейде ол қаймықса мен де бірдей қаймығып қаламын, оның көңіл күйін көтергім келіп, шапқылап жүремін.

Әпкем ұзын бойлы, ақшыл келген, нағыз бұрынғы қазақ келбетіндегі қыз. Анам екеуі осы әлемдегі ең сұлу әйелдер секілді. Біз екеуіміз анамызға мүлде ұқсамаймыз. Ал бізді көргендер апалы-сіңлі екенімізді бірден ұғады. Әпкем сабағанда да үздік. Ол үнемі ақылдылығымен, жауаптылығымен ата-анамыздың ықыласына бөленетін. Басқалар секілді емес, ол ешқашан ерінбейді. Көкейінде жүрген сұрақтар болса, дереу қояды. Ешқашан кідірген емес. Мінезі тік, ашуына тиген адамдардың сазайын беретіні де бар. 

Менің достарым менің әпкемді жақсы біледі. Олар да әпкемнің қандай керемет адам екенін білетін болар. Мен оны қатты жақсы көремін және сыйлаймын. Мен өзіме тілейтін бақытты, ол кісіге екі еселеп тілеймін.

Аға туралы шығарма
Әпке туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу