Жыр жазсам деймін... Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 698

Жыр жазсам деймін - өмірде бұрын болмаған,

Жыр жазсам деймін - әлемге сәлем жолдаған.

Жыр жазсам деймін соңымда қалар мәңгілік,

Жүрсе екен жырым уақыт көшінде жаңғырып.

Жыр жазсам деймін сұлу түн ұйып тыңдайтын,

Сүйгенімдей болып қарсы алардай таң күліп.

Жыр жазсам деймін жүректі жүрер тербетіп,

Мені еске салар өмірден қалсам мен кетіп.

Көңілдер болса, жүректер болса - жаралы,

Жүрсе екен деймін жырыма менің емделіп!

Жыр жазсам деймін - мәңгі ашылардай көк аспан,

Жыр жазсам жылдармен бірге жол асқан.

Жыр жазсам деймін,

Жыр жазсам деймін,

Жыр жазсам 

Ақындық. Өлең
Құлап жатыр. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу