Егіздердің өзара әңгімелесуі

Oinet.kz 01-02-2019 922

Жүкті әйелдің ішінде екі егіз сөйлесіп жатыр екен. Олардың бірі – келешек өмірге сенуші, екіншісі – күмәнданушы.

im578x383-000000.jpg

Бірінші егіз: Йя, әрине. Туылғаннан кейін өмір бар екені бәріне түсінікті. Бізге бұл жерде айтарлықтай күшті және бізді кейін күтетінге дайын болу үшін.

Екінші егіз: Бұл ақылсыздық! Туылғаннан кейін ешқандай өмір болуы мүмкін емес! Ондай өмір қандай болатынын сен өзің елестете аласың ба?

Бірінші егіз: Мен барлық бөлшектерін білмемін, бірақ ол жақта жарық көбірек болатынына сенемін және біз мүмкін өзіміз жүре алатын шығармыз және өз аузымызбен жей алармыз.

Екінші егіз: Қандай бос сөз! Өзіміздің жүруіміз және өз аузымызбен жеу мүмкін емес. Бұл тіпті күлкілі! Бізді тамақтандыратын кіндігіміз бар. Білесің бе, мен саған айтқым келеді: туылғаннан кейін өмірдің болуы мүмкін емес, себебі біздің өміріміз – кіндік- онсызда қысқа.

Бірінші егіз: Бұның мүмкін екеніне мен сенімдімін. Бәрі кішкене басқаша болады. Оны өзің елестетуге болады. 

Екінші егіз: Бірақ ол жақтан ешкім ешқашан қайтып келген жоқ. Жалпы, өмір – қараңғыдағы үлкен қасірет. 

Бірінші егіз: Жоқ, жоқ! Біздің өміріміз туылғаннан кейін қалай болатынын мен анық білмеймін, бірақ кез келген жағдайда біз анамызды көреміз, ал ол бізге қамқорлық етеді.

Екінші егіз: Анамызды? Сен анамызға сенесің ба? Ол қайда орналасқан?

Бірінші егіз: Ол айналамыздағы барлық жерде, біз оның ішіндеміз және соның арқасында қозғаламыз және өмір сүреміз, онсыз біз мүлдем өмір сүре алмаймыз.

Екінші егіз: Толық шатпақ! Мен ешқандай ананы көрген жоқпын және сондақтан, оның жоқ екені айдан анық. 

Бірінші егіз: Сенімен келісе алмаймын. Кейде, айналада бәрі тынышталғанда, оның өлең айтқанын естуге болады және оның біздің әлемді сипағанын сезуге болады. Біздің шынайы өміріміз туылғаннан кейін басталатынына мен қатты сенемін.


Владимир Дубковский, Валерия Дубковская  «Жан дүниесіне арналған балшырын»  кітабынан үзінді.

Айкерім Қиықбай. Дүйсенбек
Екі көрші туралы аңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу