Ілияс Жансүгіров. Май өлеңі

Oinet.kz 22-04-2020 974

image.png

Апрель кетіп, май жетсе,

Табиғатқа жан кірер.

Мұз бұзылып, қар кетіп,

Қара жерге әр кірер.

Жыл құстар шулап, жер кепсе,

Жайраңдасар әркімдер.

Жылға суық билетсе,

Жайма - шуақ әр күндер.

Орман, тоғай желдетсе,

Әнге басар әлгілер.

* * *

Май айында көп ағаш,

Мақтанады шайқалып.

Көк жапырақ қып - қиғаш,

Бауырында майса жайқалып.

Салқын таңда сандуғаш

Сайрап отыр тайпалып,

Құс, көбелек, қарлығаш

Қанатын қағып, қайқайып.

Тал бауырында талдырмаш,

Әзіл, ажуа қайтарып.

Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» шығармасынан дәйексөздер
А. Пушкин: Я помню чудное мгновенье
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу