Асылзат Арыстанбек. Бір минут үнсіздік

Oinet.kz 24-06-2020 1012

Асылзат Арыстанбек: Бұдан өткен ауыр азап жоқ сірә... Alashainasy.kz

Бір минут үнсіздік,

Бір-ақ күн қаралы,

Ал жүрек бəрібір жазықсыз жаралы.

Өтірік – күледі,

Өтірік – билейді,

Ал шындық шашылып, күл болып барады.

Бір минут үнсіздік– мəңгілік үнсіздік,

Билікті жаратқан əу бастан «мінсіз» ғып.

Бос табыт жерледік бордай боп үгіліп,

Моланың басында қаралы гүл сыздық.

Молада ми бар ма миықтан күледі,

Бейітке жерленген боданның күлі еді.

Иланған боламыз имансыз «шындыққа»,

Бір минут үнсіз жұрт бəрін де біледі.

Сұрқия саясат сағымды сындырған,

Жазықсыз халықтың жұлынын жұлдырған.

Моланың басында мəңгілік үнсіздік,

Бос табыт ішінде шындық бар шыңғырған.

Қып-қызыл шындықты бояймыз қараға,

Тұз сеуіп əдейі аузы ашық жараға.

Бір минут үнсіздік ғасырға жалғасқан,

Əлі де үнсізбіз.

Сөйлеуге бола ма?!

Марфуға Айтқожина. Аққуым
Асылзат Арыстанбек. Уақыт деген ұғым бар да
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу