Мұқағали Мақатаев. «Жас бала»

Oinet.kz 28-08-2019 803

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Теріскей бет, жел үрген,

Аязға тоңған жас бала.

Тумай жатып өмірден,

Қалды екен неге жасқана?

Алты жасар жас бала,

Тұрмыстың кілтін қолға алып,

Семьяға бас бала,

Тіршілік еткен қой бағып.

Акасы қайда жас құстың?

Әкесі қайда кетті екен?

Тәкаппар бұл тұрмыстың

Қайнауы қалай жетті екен?

Мұқағали Мақатаев. «Жездіде»
Мұқағали Мақатаев. «Жыр-ошақ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу