Мұқағали Мақатаев. «Ертең біз жол жүреміз»

Oinet.kz 28-08-2019 1573

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.

Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.

Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,

Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.

Қамданыңдар. Болашақ деген елге,

Қандай біз сый-сияпат апарамыз.

Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,

Кеселін тигізеді сапарға алда.

He бетімізді айтамыз Болашаққа?

Жат қылықты қалдырмай апарғанда

Жамандық атаулыны қалдырыңдар,

Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.

Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,

Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.

Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар

Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!

...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады,

Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.

Абай Құнанбайұлы. Буынсыз тілің
Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу