Мұқағали Мақатаев. «Ақынды ақын оятпаса, болмайды»

Oinet.kz 28-08-2019 1389

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Ақынды ақын оятпаса, болмайды,

Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы.

Ақынды ақын сүйемесе, болмайды,

Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.

Ақынға ақын басынан-ақ жуық-ты,

Барлық ақын бір анадан туыпты.

Ақынға ақын адал болсын әмәнда,

Ақынға ақын арам болса, жаман да...

Ақынға ақын, ете көрме пенделік!

Ақын, ақын! Пенделікті жөнделік!

Абай Құнанбайұлы. Күз
Абай Құнанбайұлы. Күн артынан күн туар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу