Мұқағали Мақатаев. «Бәрін де қойшы...»

Oinet.kz 02-09-2019 2364

Өмір-ай, деймін,

Өмір-ай, деймін кейде мен,

Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен.

Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,

Кездер де жетті біреулер сіз деп сөйлеген.

Бірін де қойшы...қозы-түс өтті аяулы,

Тал түс те кетті, бесін де міне таянды.

Мына жалғанда не қалар дейсің баянды,

Кезекпе-кезек бәрі де жылжып, таяр-ды.

Мұны да қойшы.

Махаббат шіркін суытты-ау!

Мен-дағы оны,ол-дағы мені ұмытты-ау!

Аңсаған жүрек алдаса-дағы қаншама,

Махаббаттан да, аспанның Айы жуықтау.

Бәрін де қойшы...

Бәрі де өтер тоқтаусыз,

Өмір ме өмір?

Өнбей де өспей, жоқ-барсыз?

Кезегім келіп,кеткенде келмес сапарға,

Хабарсыз, ізсіз қалмасам екен жоқтаусыз...

Мұқағали Мақатаев. «Біздің үйге көктем келді, қыз келді»
Мұқағали Мақатаев. «1941 жыл. Ақпан.»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу