Ақтамберді жырау. «Жағалбай деген ел болар»

Oinet.kz 16-09-2018 1412

avatar.jpg

Жағалбай деген ел болар,

Жағалтай деген көл болар.

Жағалтайдың жағасы

Жасыл да байтақ ну болар.

Атадан алтау туғанның

Жүрегінің бастары

Алтын менен бу болар.

Атадан жалғыз туғанның

Жүрегінің бастары

Сары да жалқын су болар,

Жалғыздық, сені қайтейін!..

Ақтамберді жырау. «Жағама қолдың тигенін»
Ақтамберді жырау. «Уа, қарт Бөгембай!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу