Батырхан Сәрсенхан. «Бостандық ағаштары»

Oinet.kz 18-09-2018 1265

 7aec3dc356e863efb4d9cd370702d274.jpg

Бостандық ағаштары,

Басқадан бағы асқалы.

Неліктен гүлдемеді,

Неліктен жақ ашпады?!


Бостандық ағаштары,

Желбегей жел еркесі,

Өзі – мұнда,

Қайда жүр көлеңкесі?!

 

Буынсыз жапырақтар,

Белгісіз тұстарды ашып.

Шойын мен мыстар басып,

Ақырапта барады құстар қашып.

 

Байқап өт бұл орыннан,

Кәрі емен суарылған.

Атамның боздасымен,

Анамның көз жасымен.

 

Байқап өт бұл орыннан,

Тұл ағаш суарылған.

Төбеттің зәріменен,

Бөбектің зарыменен.

 

Бостандық ағаштары,

Басқадан бағы асқалы.

Бар ме екен бір дерегі,

Неліктен гүлдемеді?

Батырхан Сәрсенхан. «Бір күндер болады»
Батырхан Сәрсенхан. «Поэзияға арыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу