Ерболат Баятұлы. «Өзгермейтін...»

Oinet.kz 20-09-2018 910

photo_85653.jpg

Көңіліңді жұбатып,

Жылдар жылжып, сырғып ай.

Өзгеретін уақыт,

Өзгермейтін бір Құдай.


Сарсаң ойым жеңілдер,

Адастырдың құрғыр- ай.

Өзгеретін өмірлер,

Өзгермейтін бір Құдай.


Ұмытылған есімдер,

Шырылдаған шындық- ай.

Өзгеретін шешімдер,

Өзгермейтін бір Құдай.


Елес болып кездіңдер,

Түн ішінде мұңлық Ай.

Өзгеретін мезгілдер,

Өзгермейтін бір Құдай.


Жете алмадық әлі біз,

Арман солай, жол былай.

Өзгеретін бәріміз,

Өзгермейтін сол Құдай.

(11.09.2019 жыл)

Ерболат Баятұлы. «Күзгі романс»
Ержан Жұмабек. «Ашты бал»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу