Ержан Жұмабек. «Тұжырым»

Oinet.kz 20-09-2018 843

388e1fb052d514719b7884733b1985d1.jpg

Қылығым еске түссе өткен егер,

Түңілме, көп кешікпей көктем енер.

Әр тамшы көз жасыңа кінәлімін,

Хақың бар,

мейлі, мені жек көре бер!


Кештердің ұмыт бәрін есіңдегі,

Жылжисың сонда, сәулем, көш ілгері.

Қорықтым, «қалам ба»,- деп, «обалыңа»…

Ұнатқам,

сүйе алмадым, кешір мені!


Тектісің, тұлымдысың, жоқ таласым,

Өмірдің өгейсінбе ақ-қарасын.

Сені алдау – опасыздық,

өзімді қой,

Білемін, басқа жанмен бақ табасың.


Меңгерген махаббаттың ізгі ілімін –

Ұлы екен кісінеткен түз күлігін…

Ант етші, жыламауға енді ешқашан,

Жетердей өз отыма шыжғырылдым…


Ханзадаң ақбозатты қолыңды алсын,

Арманың, бейкүнә жан, орындалсын.

Мен түбі табамын өз сүйгенімді,

Тіпті ол бағым емес,

сорым болсын!..

Ержан Жұмабек. «Өмір заңын, білмеймін, меңгердім бе?»
Ержан Жұмабек. «Бар мен жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу