Ерлан Жүніс. «Қыз бойжеткен»

Oinet.kz 20-09-2018 1161

f9159c39b85ac0b9a890a81825440923_resize_w_520_h_.jpg

Қызбойжеткен дегенде, қызбойжеткен, 

Көктем көктем емес қой, қыз ғой көктем! 

Күні бойы көз алмай көкжиектен, 

Түні бойы телміріп түзге әйнектен, 

Кімді ғана күтеді, сездің бе осы, 

Бұл жүректер дерттенер кездің басы?.. 

Қыз баланы мұңайтар белгісіздік, 

Қыз баланы есейтер көздің жасы... 

Бізге де ауыр тигені-ай сыр кеселі, 

Сыр кеселін, сүймесем, білмес едім. 

...Біздің бақта гүлдеген алмалардай, 

Күндіз емес, қыз бала түнде өседі. 

Сұлу сырын бір ашса, түн ашады, 

Жанарында мөлдіреп бұла шағы, 

Түнде ашылар қызғалдақ секілденіп 

Түні бойы сезімдер бүр ашады!..

Ерлан Жүніс. «Ана жайлы ең жақсы сөз...»
Ерлан Жүніс. «Сағынып үлгердім сені»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу