Ерлан Нұрдыханұлы. «Аяқталмас ертегі»

Oinet.kz 23-09-2018 902

photo.jpg

Топырақпен бірге оянып көктемде, 

Әлденеге шөліркейді от кеуде. 

Ой кешемін шудасына оранып, 

Жез бұйдалы желмая бұлт жеткенде.   


Өрт өзені - Тамырымда тасып қан, 

Алып аспан мұхитына асыққан. 

Шарабыңды шалқыта құй, 

Қара Жер, 

Қарақат түн қайғысынан ашытқан.   


Жұпар шарап-түннің нілі, 

Шымырлап - 

Шырынынан тіріледі мың ырғақ. 

Алапат бір шөл бар менде, ағайын, 

Бұлағымды жұтып қойған құм ұрлап.   


Жұпар шарап-түннің нілі, 

Тіл өртеп... 

Жүрегімде бүр жарады гүл ертек. 

Күннің қызы күнікейдің ғашығы, 

От құшақтап оянады бір ертек.   


От құшақтап оянады түс көрсе, 

Ақша бұлттар - 

Мамық жастық, құс көрпе... 

Алтын арқау - аяқталмас ертек бұл,

 Аспан қызы жер бетіне түскенше.

Ерлан Нұрдыханұлы. «Мезгіл қолы»
Ермұрат Зейіпхан. «Тоқтай көрме, жүрегім, тоқтай көрме»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу