Ермұрат Зейіпхан. «Жоңғар қақпасын көргенде»

Oinet.kz 23-09-2018 601

Қанша байлық кiсi бойы құбырмен,

Арғы жақтың аранына жүгiрген...

Бiз бiлмеймiз,

Бiлемiз тек Алладан -

Медет тiлеу атар таңмен, iңiрмен.

 

Қаншама жер қалды екен арыда,

Суарылған бабалар тер, қанына...

Бiз бiлмеймiз,

Тiлеймiз тек Алладан -

Кiр түспесiн Алашымның арына.


Қаншама орман бiздерге тән бұталып,

Қаншама арман үлгiре алмай тұтанып...

Бiз бiлмеймiз,

Тiлеймiз тек Алладан -

Даламыздан кетпесе екен құт ауып.

Ермұрат Зейіпхан. «ЖАҒДА-ДАСТАН»
Ермұрат Зейіпхан. «Босау үшiн санадағы әлектен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу