Ермұрат Зейіпхан. «Медеу, бөген, жақтауда...»

Oinet.kz 23-09-2018 781

Медеу, бөген, жақтауда...

(Бiзге ендi бұдан жақын жақ бар ма).

Алматының иiсi сiңген иiндi,

Исiндiрiп Алатауым жатты алда.

 

Онда бiздер биiкте едiк тағдырдан,

Биiктедiк қол ұстасып қар-қырдан.

Шуақтанып, қуаттанып балқыдық,

Тек екеумiз, бар рахымнан, бар нұрдан.

 

Ұмыттық бiз - Маңдайдағы жазуды,

Ұмыттық бiз - Шақырлаған азуды.

Тыныс алдық саф ауамен дуасыз,

Топтан оқшау пейiлi зәр, назы улы.

 

Өттi күндер....

Өттi ай, жыл...

Бақытты ек -

Ләззатты да,

Азапты да татып көп.

Қайда жүрсем, жарық шашып

ол тұрды,

Тағдырымның маңдайында

жаһұт боп...

 

(...Күн мен түндей, Алма-кезек сор бақыт)

Маған нұрын солғын шашып сол жаһұт -

Ашпай қойды - кездескенде қабағын,

Баспай қойды - бiрге жүрген жолға түк.

 

Нәзiк едi, 

Одан қатты жоқ ендi,

Бiрiкпейдi екi айырылған жол ендi.

Мен өмiрдiң бұза алмадым бұғауын,

Ол бiреудiң iзiн бағып жөнелдi...

 

Медеу, бөген, жақтауда...

(Ендi бiзге одан алыс жақ бар ма?!.)

Ермұрат Зейіпхан. «Алакөл»
Ермұрат Зейіпхан. «Құмарлықтан түйiнделген екенмiн»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу