Ерғали Бақаш. «Іштегі өлең»

Oinet.kz 23-09-2018 1087

Без названия (1).jpg

Бір өлеңім ішімде,

Көрем оны түсімде.

Тек ақиқат біледі,

Не мән барын ісімде.

Бағытым бар, бағымда,

Арбаламын сағымға.

Қарсы жүзіп келемін,

Өткел бермес ағымға.

Жақын тартса ажалым,

Көкке кетер ғазалым.

Гүлге оранып жатады,

Кіп-кішкентай мазарым.

Шыр-пыр болып ақталмай,

Өтіріктен мақтанбай.

Бірақ сәтте өзіңді,

Көрсетесің ақтармай...

Іштегі өлең тіл қатар,

Көздің жасын құрғатар.

Кең дүниең тарайып,

Тар дүниең жырғатар.

Ерғали Бақаш. «Ақан сері»
Ерғали Бақаш. «Түн. Үміт»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу