Есенғали Раушанов. «Қырық күн болды қыс кіргелі»

Oinet.kz 24-09-2018 754

Қырық күн болды қыс кіргелі,

Ауыр нәубет жетті елге.

Кетіп қалды құстың көбі

Басқа мемлекеттерге.

Ода оқиды қарға таңнан

Мәртебелі кысты ән ғып:

«Мен хан едім арғы атамнан,

Құл еді, - деп, - құс барлық».

Айтсын қарға, десін құзғын,

Сайран етіп кең ішін.

Ерте кеткен есіл күздің

Қырқы бүгін мен үшін.

Есенғали Раушанов. «Күзгі ойлар»
Есенғали Раушанов. «Жыртпашы хаттарымды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу